Афиша — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 13 Jul 2017 11:42:53 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.7.5 «Сағындырған әндер-ай» кеші өтеді http://juldyz.kz/2017/07/04/saghyndyrghan-ander-aj-keshi-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/07/04/saghyndyrghan-ander-aj-keshi-oetedi/#respond Tue, 04 Jul 2017 05:45:17 +0000 http://juldyz.kz/?p=11527 22 шілде күні, ЕХРО 2017 Халықаралық көрмесіне орай, Астанада дәстүрлі «Сағындырға әндер-ай» атты ән кеші өтеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Кеш Астана концерт залында (сағат 15.00 және 19.00-де) өтеді.  Авторы – әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Ильясова.

Кеш қонақтары – Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Нағима Есқалиева, Нұржамал Үсенбаева, Нұрлан Өнербаев, Қарақат Әбілдина, Жазира-Жанболат, Заттыбек Көпбосынұлы, «Кешью» және «Алау» топтары қатысады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/07/04/saghyndyrghan-ander-aj-keshi-oetedi/feed/ 0
«Ұлы дала рухы-2017» II Халықаралық этнофестивалі өтеді http://juldyz.kz/2017/06/07/uly-dala-ruhy-2017-ii-halyqaralyq-etnofestivali-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/06/07/uly-dala-ruhy-2017-ii-halyqaralyq-etnofestivali-oetedi/#respond Wed, 07 Jun 2017 11:57:59 +0000 http://juldyz.kz/?p=10998 24-25 күндері Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы-2017» II Халықаралық этнофестивалі өтеді.

Фестивальға әлемнің 10 елі қатысады. Басты мақсаты – қазақстандықтар мен шет елдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, қазақтың ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету.

Бағдарламаның ауқымы кең. Екі күнге созылатын фестиваль уақытты кері айналдырып, өткен тарихқа саяхат жасатады.

«Ұлы дала рухы-2017» екінші  халықаралық фестивальда:

– Қаз-қатар тігілген он екі қанатты ақшаңқан 60 үй

– Көшпенділер  шеруі

– 10 мемлекеттен келген ат құлағында ойнайтын шабандоздардың сан түрлі өнері

– Ең үздік этномузыканттар

–  Көкпар

–  Аударыспақ

–  Қыз қуу

–  Асауға тұсау салу

–  Қол өнерші мен шеберлердің , ұсталардың  өнері

–  Балалар алаңы

–  Алтыбақан

– Күй тартыс

–  Қыран құс

–  Құмай-тазы т.б . ұлттық құндылықтар мен ата-баба мұрасы

–  Түнгі алау басындағы ойындар мен музыка.

Сондай-ақ, көрермендер арасынан «Ең әдемі ұлттық киім» таңдалып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, сан-алуан  сайыстар ұйымдастырылады!  Келген қонақтар ыстық бауырсақ пен ұлттық тағамдардан дәм тата алады!

Тақырыпқа байланысты секторлар жұмыс істейді. Мәселен, «Алмалы» атты қолөнершілер ауылында шеберлік сабақтары өткізіледі. Көрермендер тек тамашалап қана қоймай, маманның көмегімен саздан құмыра жасап көреді. Ал «Шабыт» музыканттар ауылында байқау ұйымдастырылады. Көрермендер түрлі аспаптарда ойнап, бақтарын сынайды, ұлттық тағамдардан дәм татып, жасау құпиясымен танысады, кәсіби бүркітшілер мен палуандардың өнерін тамашалайды. Осылайша, келген көрермендер, меймандар көшпенділер өмірін өз көздерімен көріп, тұрмысымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасынан «Ең әдемі ұлттық киім» таңдалып, сыйлық беріледі.

Фестивальға кіру тегін.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» археологиялық паркі. Тұрғындарды жеткізу жағы да қарастырылған. «Орталық стадион» аялдамасы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының жанынан әр сағат сайын арнайы автобустар жүреді.

Бұл – сіз бен біздің тарихымыз! Ұлы дала рухын көтеруге сіз де атсалысыңыз!

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/07/uly-dala-ruhy-2017-ii-halyqaralyq-etnofestivali-oetedi/feed/ 0
Бәйтен Омаровтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді http://juldyz.kz/2017/06/06/bajten-omarovtynh-90-zhyldyghyna-arnalghan-eske-alu-keshi-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/06/06/bajten-omarovtynh-90-zhyldyghyna-arnalghan-eske-alu-keshi-oetedi/#respond Tue, 06 Jun 2017 08:52:19 +0000 http://juldyz.kz/?p=10956  

Қазақстанның халық артисі Бәйтен Омаровтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.

 

Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Уақыты: 9 маусым сағат 18.30

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/06/bajten-omarovtynh-90-zhyldyghyna-arnalghan-eske-alu-keshi-oetedi/feed/ 0
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының маусым айындағы репертуары http://juldyz.kz/2017/05/29/gh-musirepov-atyndaghy-qazaq-memlekettik-akademiyalyq-teatrynynh-mausym-ajyndaghy-repertuary/ http://juldyz.kz/2017/05/29/gh-musirepov-atyndaghy-qazaq-memlekettik-akademiyalyq-teatrynynh-mausym-ajyndaghy-repertuary/#respond Mon, 29 May 2017 08:27:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=10725 Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік академиялық

балалар  мен  жасөспірімдер  театры

71-ші  маусым  2017 жыл

МАУСЫМ айының  репертуары

3 маусым

сенбі

Жұбайлар-ай,  жұбайлар!

лирикалық  комедия

авт. М. Хасенов

реж. А. Бектеміров

4  маусым

жексенбі

Махаббат хаттары

драма

авт.А.Герни

ауд.А.Көлбаева

реж.Ж.Жұманбай

10 маусым

сенбі

Мен, ұмытылмаймын…

лирикалық драма

авт. М. Мақатаев

инсц. және реж.

Б.Сейітмамытұлы

11 маусым

жексенбі

Келіндер  көтерілісі

комедия

авт. С. Ахмад

ауд. А. Сүлейменов

реж. М. Ахманов

17 маусым

сенбі

Қызыл орамалды шынарым          

екі бөлімді драма

авт. Ш. Айтматов        

реж. Т. Теменов

18 маусым

жексенбі

                     Супер Серкеш

комедия

авт. Б.Әлімжанов

реж. Ж. Хаджиев

23 маусым жұма Қара шекпен

әфсана

 

авт. Г.Хугаев     

ауд. Қ.Төлеуішов

реж. А.Маемиров

24 маусым

сенбі

Бір сен үшін тудым…

(Ромео мен Джульетта)

трагедия

авт.У.Шекспир

ауд.Ә.Кекілбаев

реж.Ж.Жұманбай

25 маусым

жексенбі

Бір түп алма ағашы

драма

авт. Ә.Оразбеков

реж.М.Ахманов

29 маусым

бейсенбі

Қозы Көрпеш  – Баян сұлу          

трагедия

авт. Ғ.Мүсірепов

реж. Ж.Хаджиев

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/29/gh-musirepov-atyndaghy-qazaq-memlekettik-akademiyalyq-teatrynynh-mausym-ajyndaghy-repertuary/feed/ 0
Астанада Open Air концерті өтеді http://juldyz.kz/2017/05/23/astanada-open-air-kontserti-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/05/23/astanada-open-air-kontserti-oetedi/#respond Tue, 23 May 2017 04:00:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=10546 Астанада ТМД жұлдыздарының қатысуымен Open Air концерті өтеді, — деп Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

Астанада 1 маусым күні сағат 18:00-де «ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне сәйкес «Қазақ елі» монументінің алаңында Open Air шоу — концерті өтеді.  Төрткүл дүние көз тігетін көңілді бағдарламаға  30-дан астам ТМД елдерінің  поп-музыкасының орындаушылары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, «ВиаГра», «Mband», Кайрат Нұртас, Глюкоза және  Төреғали Төреәлі мен Макс Барских, МОТ, Натан, Жанар Дұғалова, Айқын, Әли Оқапов,  «Орда», «Формат» «Ninety Ninety one» сынды топтар мен әншілер тамылжыта ән шырқайды.

Мереке аясында шетел және қазақ эстрадасының жұлдыздары  балалар үйі мен емханаларға барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Айта кетейік, Open Air концертіне кіру тегін.  Аталмыш шара осымен үшінші рет өткізілуде.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/23/astanada-open-air-kontserti-oetedi/feed/ 0
Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді http://juldyz.kz/2017/05/23/euraziya-halyqaralyq-kitap-koerme-zharmenhkesi-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/05/23/euraziya-halyqaralyq-kitap-koerme-zharmenhkesi-oetedi/#respond Tue, 23 May 2017 03:51:16 +0000 http://juldyz.kz/?p=10544 2017 жылы 15-18 маусым аралығында, Астана қаласында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Көрмеге ТМД, Еуропа, Азия елдерінің баспалары, кітап саудасы ұйымдары, полиграфиялық компаниялар мен мәдени және оқу орталықтары қатысады.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі де қатар өтетіндіктен шетелдік әріптестер тарапынан кітап көрмесіне деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге артып келеді. Аталған ірі шараға 120-ға жуық халықаралық ұйым мен әлемнің 20-дан аса елі қатысады деп жоспарлануда.

Көрменің мәдени және іскерлік бағдарламасында әр түрлі шаралар: ғылыми-тәжірибелік конференциялар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер, мәдениет, ғылым және білім саласындағы танымал қайраткерлермен кездесулер, форумдар мен конкурстар жоспарланған. Қ.Салғараұлы, М.Жолдасбеков, испан ақыны Х.Х. Падрон, С.Рахметұлы, Қ.Мұхамбетқали, Д. Кәпұлы және т.б. отандық және шетелдік жазушылар кітаптарының тұсаукесері өтеді.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/23/euraziya-halyqaralyq-kitap-koerme-zharmenhkesi-oetedi/feed/ 0
«Бала дауысы» ұлттық балалар байқауына іріктеу басталады http://juldyz.kz/2017/05/10/bala-dauysy-ulttyq-balalar-bajqauyna-irikteu-bastalady/ http://juldyz.kz/2017/05/10/bala-dauysy-ulttyq-balalar-bajqauyna-irikteu-bastalady/#respond Wed, 10 May 2017 08:20:39 +0000 http://juldyz.kz/?p=10114 18 мамыр күні таңғы сағат 9.00 ден бастап Алматы қаласының оқушылар сарайында Ұлттық балалар ән байқауына тіркеу басталады. Бұл туралы baladauysy.kz парақшасына сілтеме жасай отырып juldyz.kz хабарлайды.

«Бала» дауысы байқауының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен Ә. Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры.

Байқауға 2004-2010 жылдар аралығында дүниеге келген балалар қатыса алады. «Бала дауысы»  3 кезеңнен тұрады.

І кезең – ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ. 2017 жылдың 13 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді.  Облыстық іріктеу кезеңінің күндері осы сілтемеде.

II-кезең – «БАЛА ДАУЫСЫ» МУЗЫКА МЕКТЕБІ. 2017 жылдың 25 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Мұнда 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан келген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың еруімен Алматы қаласындағы Музыка мектебіне (бұдан әрі-ММ) шақырылады.ММ шеңберінде балаларға 3 концерттік ән таңдалады ( 1-әлемдік хит, 1- халық әні, 1- тәлімгердің репертуарындағы хит ән). Таңдалған әндерді қатысушылар дыбыс жазу студиясында жазып, қазан айында тікелей эфирде орындайды.

III-кезең – БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ. 2017 жылдың 1-31 қазан аралығында болады.

Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды.

 Финал 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады:

  • 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды.
  • 28 қазан —  Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушы заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әнін орындайды.
  • 29 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды.

Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады.

Байқау әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсат ұстанбайды. Финалда Байқаудың ұйымдастыру комитеті Қатысушыға және оған ілесіп жүретін бір адамға: жол ақысын (баратын және қайтатын); ішкі көлікті; тұруын; үш мезгіл тамақты төлейді және ұсынады. Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы хаттарды, шақыртуларды және т.б. ұсынуға көмек көрсетеді. Байқаудың шеңберіндегі барлық шаралар, барлық байқаудан тыс шаралар Ұйымдастырушы белгілеген тәртіпке қатаң сәйкес түрде өткізіледі.

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/10/bala-dauysy-ulttyq-balalar-bajqauyna-irikteu-bastalady/feed/ 0
«Қуыршақ» театрының мамыр айындағы қойылымдары http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynynh-mamyr-ajyndaghy-qojylymdary/ http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynynh-mamyr-ajyndaghy-qojylymdary/#respond Fri, 05 May 2017 11:19:03 +0000 http://juldyz.kz/?p=9975 Алматыдағы «Қуыршақ» театрының мамыр айындағы қойылымдарының репертуары

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynynh-mamyr-ajyndaghy-qojylymdary/feed/ 0
«Қуыршақ» театрында жаңа қойылымның премьерасы өтеді http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynda-zhanha-qojylymnynh-premerasy-oetedi/ http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynda-zhanha-qojylymnynh-premerasy-oetedi/#respond Fri, 05 May 2017 10:51:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=9965 «Қуыршақ» театрында жаңа қойылым өтеді. Премьераның атауы — «Құлыншақ пен бөлтірік».

Авторы — Жақып Омаров. Режиссері — Рүстем Жаныаманов.

Бұл спектакль балалардың жақсы мен жаманды ажыратуына жетелейді. Cпектакль достық деген ұлы ұғымды қастерлеп, үлкенге деген сыйластықты, кішіге деген ізеттілікті көрсете келе, батылдық пен қайсарлықты, өжеттілікті дәріптейді.

Басты кейіпкерлер Құлыншақ пен Бөлтірікті «Қуыршақ» театрының актрисалары Арай Сақтағанова мен Толқын Тлеулиева ойнайды.

Уақыты: 11 мамыр, сағат 11:00-де

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/05/quyrshaq-teatrynda-zhanha-qojylymnynh-premerasy-oetedi/feed/ 0
«АЛЖИР» көркем фильмі көрермендерге жол тартады http://juldyz.kz/2017/05/03/alzhir-koerkem-filmi-koerermenderge-zhol-tartady/ http://juldyz.kz/2017/05/03/alzhir-koerkem-filmi-koerermenderge-zhol-tartady/#respond Wed, 03 May 2017 04:26:25 +0000 http://juldyz.kz/?p=9768 Ғасыр өтсе де, санадан өшпеген тағдырлар туралы түсірілген «АЛЖИР» көркем фильмі көрермендерге жол тартады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «АЛЖИР» фильмінде  «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады. Туындының премьералық көрсетілімі 7 мамырдан бастап еліміздің 5 қаласындағы «Kinopark» желілерінде өтеді:
Ақтөбе — Kinopark 7 «Keryencity»;
Шымкент – Kinopark 5, «Mega»;
Қарағанды – «City Mall». Kinoplexx;
Алматы – «Спутник», «Сарыарқа», «Esentai Mall»;
Астана – «Керуен», «Мега сити», «Сарыарқа».
Көрсетілім уақыттарын кинотеатрлар сайтынан көре аласыздар.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/03/alzhir-koerkem-filmi-koerermenderge-zhol-tartady/feed/ 0