admin — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 09 Jun 2017 10:19:15 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.7.5 Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны жарық көрді http://juldyz.kz/2017/06/09/erke-esmahannynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/ http://juldyz.kz/2017/06/09/erke-esmahannynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/#respond Fri, 09 Jun 2017 10:19:15 +0000 http://juldyz.kz/?p=11063 Көпшіліктің көңілінен шығып жүрген хит әндердің орындаушысы, қазақтың ерке қызы Ерке Есмахан тағы бір жаңа бейнебаянын көрермендерге ұсынды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Әннің аты «Қайда?» деп аталады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/09/erke-esmahannynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/feed/ 0
Головкин балаларға арналған спорт алаңын салып береді http://juldyz.kz/2017/06/09/golovkin-balalargha-arnalghan-sport-alanhyn-salyp-beredi/ http://juldyz.kz/2017/06/09/golovkin-balalargha-arnalghan-sport-alanhyn-salyp-beredi/#respond Fri, 09 Jun 2017 09:40:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=11059 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Майқұдықтағы 14-шағын ауданда балаларға арналған спорт алаңын салып бермекші. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Кеше Геннадий Головкин Майқұдықта жаңадан салынған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысқан. Спорт кешеніне GGG-дің аты берілді. Ал Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен болған кездесу кезінде аймақ басшысы қоғамдық сананы жаңғырту, соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы туралы айтып берді. Сондай-ақ былай дейді:

«Президент барлық бизнесмендерді туған жерге көңіл бөліп, қолдан келгенше көмек беруге үндеген болатын. Біреулер мектеп сала алады, енді біреулер өз ауласын абаттандыра алады. Кәсіпкерлердің көбісі осы бастаманы қолдады».

Өз сөзінде Геннадий Головкин аталған бастамадан тыс қалмайтынын жеткізді:

«Мен аталған бағдарламаға қуана-қуана қосыламын. Мен өзім туып өскен аулада балаларға арналған спорт алаңын қойып берсем, дұрыс деп ойламын. Президенттің бастамасын толығымен қолдаймын».

Жаңа спорт алаңы Майқұдықтың 14-ші шағын ауданында ашу жоспарланып отыр.

Дереккөз ҚазАқпарат

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/09/golovkin-balalargha-arnalghan-sport-alanhyn-salyp-beredi/feed/ 0
Даурен Айдарқұлов Ақбота Сейтмағамбет пен ұлын перзентханадан шығарып алды http://juldyz.kz/2017/06/09/dauren-ajdarqulov-aqbota-sejtmaghambet-pen-ulyn-perzenthanadan-shygharyp-aldy/ http://juldyz.kz/2017/06/09/dauren-ajdarqulov-aqbota-sejtmaghambet-pen-ulyn-perzenthanadan-shygharyp-aldy/#respond Fri, 09 Jun 2017 06:21:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=11052 6 маусым күні актер Даурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота Сейтмағамбеттің ұлды болғанын мәлемдеген едік. Кеше танымал актердің Ақбота мен сәбиін перзентханадан шығарып алғаны мәлім болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/09/dauren-ajdarqulov-aqbota-sejtmaghambet-pen-ulyn-perzenthanadan-shygharyp-aldy/feed/ 0
Жарқынай Ханайым Джульеттаның рөлін сомдайды http://juldyz.kz/2017/06/09/astana-myuzikl-teatrynynh-premerasynda-zharqynaj-hanajym-dzhulettanynh-roelin-somdajdy/ http://juldyz.kz/2017/06/09/astana-myuzikl-teatrynynh-premerasynda-zharqynaj-hanajym-dzhulettanynh-roelin-somdajdy/#respond Fri, 09 Jun 2017 05:56:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=11047 Құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де «Астана мюзикл» театры көрермендерді жақсы қойылымдарме қуантып жүр. 16 маусым күні театр тағы бір премьера ұсынады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ең алғаш құрылған кезінде театр ұжымы  «Достар серті» қойылымын көрерменге ұсынған. Кейіннен «Ер Төстік» қойылымын ұсынса, енді 16 маусым мен 4 шілде аралығында «Ромео мен Джульетта» мюзиклін қояды.

Авторы – А. Пресгюрвик болса, режиссері – А. Маемиров. Басты рөлдерді Саламат Мұқашев пен Жарқынай Ханайым сомдап шығатын болады.

Еске сала кетейік, Жарқынай Ханайым – еліміздегі ең ірі «Жанды дауыс» мегажобасының жеңімпазы атанып, былтыр продюсер Баян Мақсатқызының жаңа жобасы ретінде ұсынылған. Дегенмен әзірге театрдағы қызметін жалғастырып жатқаны байқалады.  Продюсер Б. Мақсатқызының өзі инстаграм парақшасына Жарқынайды құттықтап арнайы пост жариялаған. Онда былай делінген:

Бір жыл бұрын біз сіздерге керемет орындаушы Жарқынай Ханайымды жаңа жоба ретінде ұсынған болатынбыз. Бәрі жақсы болар еді… Арада жыл өтті. Сен үшін өте қуаныштымын, Жарқынай, Джульеттаның рөлі сенікі! Біз міндетті түрде жұмыс істейтін боламыз! Аз қалды, аз! Сәттілік саған!

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/09/astana-myuzikl-teatrynynh-premerasynda-zharqynaj-hanajym-dzhulettanynh-roelin-somdajdy/feed/ 0
Жарас Кемелжан, журналист: Джеки келіп еді, бір күнде бәріміз қытай болып шыға келгендейміз http://juldyz.kz/2017/06/09/zharas-kemelzhan-zhurnalist-dzheki-kelip-edi-bir-kunde-barimiz-qytaj-bolyp-shygha-kelgendejmiz/ http://juldyz.kz/2017/06/09/zharas-kemelzhan-zhurnalist-dzheki-kelip-edi-bir-kunde-barimiz-qytaj-bolyp-shygha-kelgendejmiz/#respond Fri, 09 Jun 2017 04:35:22 +0000 http://juldyz.kz/?p=11041 Әлемге танымал актер Жеки Чанның Астанаға келгені жайлы сайтымызда жариялаған болатынбыз. Оны Елорда әкімі Әсет Исекешев қытайлық актерды әуежайдан өзі күтіп алған. Дегенмен оны күтіп алу барысында қазақылығымызды көрсете алмағанымыздың көпшілік наразы.

Журналист Жарас Кемелжанның фейсбуктегі жазбасынан:

Джеки Чан (Чың лұң) келді деп бөркімізді аспанға аттық. Дұрыс. Қонақжаймыз ғой. Бірақ Қазмедияның алдын қытай шамдарымен көмкерудің не қажеттілігі болды екен? Джеки шам көрмей жүрген жоқ қой. Шамға қарап туылып, сол шамның жарығымен кино түсірген — қытайдың шамын өмірбойыжағып жүрген жан. Ол өзінің Қытайын, қытайдың салт-дәстүрін жанындай жақсы көртінін киноларынан білеміз. Ендеше, біз оны неге қазақ үйге түсіріп, қазақша қарсы алмадық. Өйткені, ол ұлтты сүюді бізден артық түсінеді, қытайды сүюге бізден артық қызмет қылған.
Жалғыз Димаш шапан жауып, күй шертіп беріп, қазақтың дәстүрін Джекидің өз жерінде, актердің өзіне көрсетіп, тамсандырған жоқ па? Димаш істегенді істей алмадық қой. Джеки келіп еді, бір күнде бәріміз қытай болып шыға келгендейміз!
Мен ойлағам, Джеки самолеттен түскенде Адай күйімен оркестр қарсы алса, Асанәлі Әшімов бастаған, Жұлдызбектың каскадер жігіттері шықса, киіз үйге кіргізіп, қымыз беріп, шапан жауып, сосын қазмедияға ертіп апарса қандай жақсы болар еді!!! Әттең!

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/09/zharas-kemelzhan-zhurnalist-dzheki-kelip-edi-bir-kunde-barimiz-qytaj-bolyp-shygha-kelgendejmiz/feed/ 0
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы–2013»: Не кисем де жолдасыммен ақылдасамын http://juldyz.kz/2017/06/08/ajdaj-isaeva-qazaqstan-aruy-2013-ne-kisem-de-zholdasymmen-aqyldasamyn/ http://juldyz.kz/2017/06/08/ajdaj-isaeva-qazaqstan-aruy-2013-ne-kisem-de-zholdasymmen-aqyldasamyn/#respond Thu, 08 Jun 2017 11:17:05 +0000 http://juldyz.kz/?p=11028 – Айдай, бір қарағанда Сізді түр мен сымбаты келіскен, сыпайы, қазақшасы судай қыз баласы ретінде көруге болады. Ал жалпы сіз қандай адамсыз? Ішкі болмысыңыз бен сыртқы келбетіңіз сәйкес келе ме?

– (Күлді) Меніңше оның барлығы тәрбиеге байланысты. Адамның өнерінен, байсалдылығынан бөлек бір қарапайымдылық болуы керек сияқты. Жаным сұлу деп айта алмаймын, бірақ жақсы болуға тырысамын.

– Ал қай кезде сіздің шынайы келбетіңіз көрінеді?

– Әрқашан осындай қалпымда сияқтымын. Тез ашуланамын, тез қайтамын. Ешкімге реніш айтпаймын. Дегенмен қазіргі кезде үйретерімнен, үйренерім көп.

– Кімге қарап бой түзейсіз?

– Ата-анама. Олардың тәрбиесіне әлі күнге дейін мың алғысымды айтамын. Сол кісілер сияқты болып алсақ, жаман болмаған болар едік. Әкем – сәулет-құрылысшы, өз ортасында өте сыйлы адам.  Анам –  бастауыш мектеп мұғалімі. Үйдің тұңғышымын, менен кейін екі інім бар. Бірі 26-ға толса, екіншісі 7-сыныпты енді бітірді.

– Әдемі, сымбатты қыздар ақымақ келеді деп айтып жатады…

– Тағы айтамын, бірінші мәселе – тәрбие. Дайын нәрсеге тап болсаң, ертең ол міндетсінеді деп ойлаймын. Жар таңдаған кезде бірінші сезім болуы керек. Анам да үнемі «Отбасыны тек қана сезім сақтап қалады» деп санама құйып отыратын.

– Жақсы жігітке тұрмысқа шықты, сіздің жолыңыз болды деп жатады.

– Аллаға шүкір. Қазір жолдасымыз екеуміз қазір бақыттымыз. Жолдасым екеуміз танысқанымызда маған оның қайда жұмыс істейтіні қызық болмады. Себебі, сол адамның өзі қызықтырды мені. Бастысы сезім болды. Одан кейін, әрине, кімсің, қайдансың деген сұрастырулар болады.

– Сіздің көңіліңізді жаулағаны, оның бір букет гүл алып келгені. Егер бір шоқ гүл (бір тал роза) әкелсе қайтер едіңіз?

– Ештеңе әкелмесе де маған бәрібір. Оның сыйлығы емес, мен үшін көңілі маңызды.

– Егер Мақсат (жолдасы) болмағанда, бүгінде осылай жарқырап жүрер ме едіңіз?!

– Жолдасым Мақсат менің әкемнің де, анамның да, ағамның да орнын басады. онсыз шешім қабылдап қалсам, неге айтпадым деп ойланып жүремін. Сондықтан әлі күнге дейін мен не кисем де сол кісімен ақылдасамын.

– Сұхбат берердің алдында дайындаласыз ба? Көбінде біздің арулар ойын дұрыс жеткізе алмай қаламын деген күдікпен арнайы дайындалып жатады…

– 11 жылдық мектепте оқығаным, 7 жылдық МедАкадемияда алған білімім бар, менің қазақша дұрыс сөйлемеуім мүмкін емес қой. Аллаға шүкір,  жеткілікті деңгейде білімім бар деп ойлаймын.

– «Қазақстан аруы» жобасы сатылады деп жатады. Сіз жеңген жылы да түрлі қауесеттер таралды. «Жеңімпаз атанғанда эмоция жоқ болды, бейне бір біліп тұрғандай» деген сыңайлы сөздер айтылды.

– Мен негізі эмоциямды жасыра алатын адаммын. Оның үстіне мен «2-ші Вице-Мисс Алматы» болдым. Бір айдың ішінде бізде дайындық болды. Астанадан келген, басқа да қалалардан келген неше түрлі әдемі қыздар жүрді. Оларды емес, қазылар алқасы мені таңдады. Әділ өтті деп ойлаймын. Ал мен қатысқан жылы ешқандай бұрыс әрекет байқамадым. Алдын ала Мақсатқа да айтып-ескертіп қойғанмын: «Мен өзімді көрсетемін, ұтпаған жағдайда, бұл маған сынақ болып қалар» дедім. Кем дегенде жетілікке кіремін деген ойда жүрдім. Жалпы өзіме сенімді болдым.

– Ал «Әлем аруында» ол сенімділік қайда кетті?

– Негізінде ол кезде де өзіме қатты сендім. Кем дегенде ондыққа кіремін деген ойда болдым. Қазіргі АҚШ президенті Доналд Трамп «Әлем аруы» жобасының директоры. Сол кезде ол «Сен өте көріктісің. Кел суретке түсейік» деп айтатын. Бірақ өкінішке орай сол кезде үздік ондыққа кіргендер бөлек жүрді бізден.

Жалпы өзім ашықтаумын. Жылы шырай танытқанға жүрегімді жайып саламын да, артынан «неге айтып қойдым» деп өкініп отырамын. Сол үшін де кейде ұрыс естимін. Мені бірінші мәрте сын айтып, түзейтін жолдасым. Оған көп рахмет айтамын. ештеңе жасыра алмаймын. Анам да барлық сұхбатымда жасырмай барлығын айтып қоятынымды айтқан. Жалпы жасыратыным жоқ ТА. Барлығын айтып қоятыным рас. Ақкөңілдігім тағы бар. Үйіме келіп тұрып, киімдерімді ұрлап кеткен құрбылары да болған. Артынан кешірім сұрап келгенде, барлығын ұмытамын.

– Жұмысқа қайта ораласыз ба?

– Негізінде, «Мисс» деген жылына бір-ақ рет болатын нәрсе. Оның ешқандай болашағы жоқ. Дәрігерлік жұмыс маған қатты ұнайды. Ал қазіргі таңда фотосессияларға қатысып жатырмын. Жарты сағатына 500, бір сағатына 1000 доллар. Себебі, бір сағаттың ішінде 15 образды алып шыға аламын, тәжірибем бар.

Сұхбаттың видео нұсқасы:

Сұхбаттасқан Әйгерім Сейфолла

«Астана» арнасы

«Сырласу» бағдарламасы 

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/08/ajdaj-isaeva-qazaqstan-aruy-2013-ne-kisem-de-zholdasymmen-aqyldasamyn/feed/ 0
«Нұрлы жол» жаңа вокзалының шатырынан су кетті (ВИДЕО) http://juldyz.kz/2017/06/08/nurly-zhol-zhanha-vokzalynynh-shatyrynan-su-ketti-video/ http://juldyz.kz/2017/06/08/nurly-zhol-zhanha-vokzalynynh-shatyrynan-su-ketti-video/#respond Thu, 08 Jun 2017 10:46:03 +0000 http://juldyz.kz/?p=11029 Астанада  жаңадан салынған  «Нұрлы жол» вокзалының олқылықтары бар болып шықты. Осы айдың бірінде іске қосылған вокзалдың шатырынан жаңбыр су өтіп кеткен. Куәгерлер оның қалта телефондарына түсіріп,  видеосын youtube.com-ға жариялаған. Бұл туралы  juldyz.kz  kazday.kz  cайтына сілтеме жасап  хабарлайды.

Видеода адамдардың  «европада бұндай вокзал жоқ» деп күліп жатқан дауыстары естіледі. Енді бірі: «өз жұмыстарыңның олқылығын әшкерелеп отырсыңдар ғой» деген уәж айтады.

Видео шамамен 6 маусым күні түсірілген. Сол күні Астанада нөсер жауын болған. «Нұрлы жол» 1 маусым күні өз жұмысын бастаған еді. Вокзал 54 поезді қабылдайды. Олардың 22-сі  «Тұлпар-Тальго» жылдам поездары.  Еске сала кетейік, елорданың жаңа вокзал кешенімен танысқан Елбасы Н. Назарбаев «Мұндай вокзал Еуропада да жоқ» деп баға берген болатын.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/08/nurly-zhol-zhanha-vokzalynynh-shatyrynan-su-ketti-video/feed/ 0
Ғазизхан Шекербектің жаңа бейнебаяны жарық көрді http://juldyz.kz/2017/06/08/ghazizhan-shekerbektinh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/ http://juldyz.kz/2017/06/08/ghazizhan-shekerbektinh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/#respond Thu, 08 Jun 2017 09:36:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=11025 Бүгінде «Көріктім», «Келмей қинадың» сынды әнімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген жас әнші тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Бұл туралы juldyz.kz  хабарлайды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/08/ghazizhan-shekerbektinh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/feed/ 0
Өркен Кенжебек 40 мың теңге алған таксист туралы http://juldyz.kz/2017/06/08/oerken-kenzhebek-40-mynh-tenhge-alghan-taksist-turaly/ http://juldyz.kz/2017/06/08/oerken-kenzhebek-40-mynh-tenhge-alghan-taksist-turaly/#respond Thu, 08 Jun 2017 09:07:02 +0000 http://juldyz.kz/?p=11021

Әр ел жайлы әсер жүздеген, мыңдаған бөлшектерден құралады. Жарайды, табиғаты тамылжып тұрсын, сәулетінен сұлулық сорғалап тұрсын, алайда кездескен адамың алдап кетсе, алдыңғы әсеріңнен ада боласың өзі.

Бірінші оқиға

Мен неге Ауғанстанды жақсы көремін? Адамы үшін. Бұл елде он күндей болған соң, батырлық бойға бітті ме, әйтеуір, ең соңғы жұмада елшілікке ескертпей, мешітке шыққаным бар. Такси тоқтаттым. «Әссәләмуғалейкум! Четурасти? Хубасти? Әә, мәсжид әл-Рахим? Хоу мәни?» деп қоямын дари-ағылшынша араластырып.

Пуштункасын жапырайтып тұрып киіп алған ауғандық түріме қарап-қарап тұрды да, «отыр» деп ымдады. «Қанша?» деп сұрауға дәт жоқ. Айтса да, саудаласатындай тіл жоқ. Содан ол да үндемейді, мен де үндемеймін. Күректей алақанымен бір ұрса жалп ете қалар түрімді де, бұл елде алғаш келгенімді де, бәленің бәрін біліп тұр ғой… «Мешіт емес, қаланың сыртына алып кетіп, шетелдіктерді ұрлайтындардың қолына тапсырса, не болдым?» деген ой келмесі бар ма басыма? Оһһ, суық тер басты маңдайымды.

Ең болмаса, мұсылман екенімді білдірейін деп «Ю а мүслім?» деп қоям. «Әлһамдулиллаһ» деп айтты-ау деймін, есімде жоқ, әлде айтпады. Жалпы, уағалейкумассалам дегенінен-ақ басында мұсылман екені белгілі еді ғой, менікі жай далбасалау ғой. Ақыры мешіттің алдына әкелді. Бас бармақ пен сұқ саусағымды бір-біріне үйкеп, «қанша сұрайсың?» дегенді ымдадым. Тағы да түріме ұзақ қарап тұрды да, «200» дегенді ымдады.
Он бес минуттық жолға 200 доллар сұрап тұр-ау деп ішім өртеніп барады. Батпырақтап дауласатын жағдайда емессің — қазір не берсем де, қолымнан жетектеп, таксистердің ортасына саламын десе де, полицияның қолына тапсырып жіберсе де, өзі біледі. Әбден абдырағанымды сезді-ау, қалтасынан 200 ауғаниді көрсетті де, «осынша бер» дегенді сездірді. Сонда қуанғаным-ай! 200 ауғани дегенің 4 доллардай. Біздің 800-1000 теңге ғой… Бердім, мешітке қарай құстай ұштым.

Екінші оқиға

Мешіттің шықтым. Мейірімді таксистен соң тағы да керек емес жерде батырлығым оянып кетпесі бар ма? Енді қонақүйге дейін жаяу барамын деп шештім. Оффлайн карта қолымда жоқ. Бірақ, көшелерді бағана көзбен жаттап алғанмын. Тартып келемін. Кабулды көрген адам біледі, ол қала емес, бекініс. Әр дүкен, әр банк, әр ресторанның алдында блок-пост, бетон қамал. Калашниковтың шүріппесін басуға дайын тұрған брутальды, кемінде 1-2 адамды мүмкін өлтіріп, мүмкін өлігін көрген мұжықтар тұрады күзетіп. Оларға қарап қойып, зытып келемін. Бір кезде адастым. Өзіме деген сенімділігім алып ұрды. Кәдімгідей енді қайда қадам басарымды білмей, жарты сағат шиырылып қалдым. Не істеу керек? Сұрау керек! Көшеде жай адам көрінбейді, тек әлгі көзімен сені жеп тұрған сұсты күзетшілер ғана.
Содан кроссовкамның бауын өтірік байлағандай болып, көшеде тұрған бес-алты күзетшінің әрқайсысының жүзіне қарап анализ жасап тұрмын. Қайсысы мейірімдірек? Қайсысы иман жүздірек? Жөн сұраудан қателессем, басыма қапшық киігізіп, Уазиристанға аттандырып жіберіп, ата-анамнан кепілге ақша сұрайтындай. Солай деп интернет сендіріп тастаған ғой енді. Біреуін таңдадым да, отельімнің атын айтып, «уеа, уеа» деп екі қолымды ербеңдетіп жөн сұрадым. Әлгі пуштун нұсқап жіберді. Сөйтсем, бәрін дәл тауып келіп, отельдің дәл қасына келгенде адасыппым ғой. «Хода хафез» дедім де, «Ну, погодидегі» қоян секілді жоқ болдым) ☺ Айта берсе, әңгіме көп қой. Делиден Джайпурге пойызға билет таппай тұрғанда жол нұсқаған үндіс, Ширазда мешіттің ішіне кіргізіп, тегін аралатқан гид, Гератта ресепшнге келген бойда көк шайын құйып берген официант — жақсы адамдар ретінде есімде қалды. Содан бәріне «Иран жақсы», «Ауғанстан жақсы» деп айтып жүремін. Сондықтан, 40 000 теңге алған таксист – біздің ішкі мәдениетіміздің көрсеткіші. Бір құмалақ ол… басқа ештеңе емес.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/08/oerken-kenzhebek-40-mynh-tenhge-alghan-taksist-turaly/feed/ 0
Ерлан Қарин Джеки Чанға күміс кісе (белбеу) сыйлады http://juldyz.kz/2017/06/08/erlan-qarin-dzheki-changha-kumis-kise-belbeu-syjlady/ http://juldyz.kz/2017/06/08/erlan-qarin-dzheki-changha-kumis-kise-belbeu-syjlady/#respond Thu, 08 Jun 2017 05:01:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=11017 56 жыл кино саласында үздіксіз қызмет етіп келетін әлемге танымал актер Джеки Чан Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылуына арнайы келген болатын.

Ждём Джеки Чана в @kaztrk_kz

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Еліміздің  журналистері, артистері мен  режиссерлерінің барлығы оны күтіп алуға жиналғандығын сайтымызда жазған болатынбыз. Бүгінде оның видеолары түгел желілерде жарияланып үлгерді.

Джеки Чан сұхбат алушы журналистерге өзінің Қазақстандағы кинемотография саласында жұмыс істеп көргісі келетіндігін жеткізген және Димаш Құдайбергеннен жақсы актер шығатын айтқан. Ресми ашылу салтанатынан кейінгі бейресми отырыс кезінде актердің қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжанмен билегенін инстаграм парақшасында Динара ханымның өзі жариялады.

Можно записать с Джеки Чаном интервью, а можно потанцевать😊

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Кейбір пікір білдірушілердің жазуынша, Джеки Чанның Қазақстанға келуіне Димаштың ықпалы бар. Димаш Құдайбергенге бүкіл әлем де,  Джеки Чан да ризашылық білдіріп, қызығушылық танытқаны ақиқат. Бүгінде Димаш туған елді көргісі де келген шығар, кім білсін. Ерлан Қарин мырза  танымал актерге күміс кісе (белбеу) сый тартты. Оны Динара Сатжан инстаграм парақшасына жариялады.

Прямо сейчас подарки Джеки Чану от @kaztrk_kz в столичном @cafestar

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Айта кетейік, Қытай киносы фестивалі 7-18 маусым аралығында болады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/08/erlan-qarin-dzheki-changha-kumis-kise-belbeu-syjlady/feed/ 0