Комментарии: 2018 жылы «Томирис» фильмі көрермендер назарына ұсынылмақ http://juldyz.kz/2017/04/11/2018-zhyly-tomiris-filmi-koerermender-nazaryna-usynylmaq/ Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 06 Feb 2018 10:06:11 +0000 hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Автор: Андас http://juldyz.kz/2017/04/11/2018-zhyly-tomiris-filmi-koerermender-nazaryna-usynylmaq/#comment-1357 Sat, 15 Apr 2017 03:28:19 +0000 http://juldyz.kz/?p=9184#comment-1357 Өте құптарлық және көптен күткен тақырып, бірақ біздің кино өндірісінде бір адам түсінбейтін қылықтары бар. Осындай үлкен де жаңа тақырыпты жарты жыл дайындап тез арада шығара салу! Бұл не сонда деректі фильм бе, жоқ әлде телевизиялық форматтағы жеңіл жанырлық фильм бе?! Неге осы Қазақ кино туындылары, әсіресе тарихи кинолардың өндірістік уақыты бір жылға жетер жетпес? Есі дұрыс кино компаниялар мен студиялар осындай үлкен форматтағы тақырыптарды құрыды деген де екі — үш жыл дайындайды. Тарихи материал сарап талынады, визуалдық форма ізделінеді, зат пен костюм үлгілерінің мыңдаған түрлері салынылуы керек. Жаңадан көтеріліп жатқан тың тақырыпқа асығыстықтық және жеңіл желпі келтіре түсіре салу «МӘДЕНИ ҚЫЛМЫС» болып табылады! Жақындағы мысал, «Қазақ хандығы» не болды — жын ұрғандай жарты жыл, апыл ғұпыл дайындалып жарты жылдың ішінде түсірді. Төл тақырыбымыз шала шықты, «жарым жанды» шығарма ретінде көрерменге жол тарта берді. Тарихи киноларымызда қашан «ӘТТЕГЕН АЙ» дан арыламыз?! Жеке біреудің «АВТОРИТЕТТІК» ықпалынан өнеріміз қашан құтылады? Мен, кино өнерінде жүргеніме Отыз жылдан асты, бірақ бұндай ат үсті тарихи тақырыпқа келе салу жағамды ұстатады!

]]>