Аты аңызға айналған қазақстандық және кеңестік волейболшы Жәнібек Саурамбаев 77 жасында дүниеден өтті.
ҚР Волейбол федерациясының хабарлауынша, КСРО-ның және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Саурамбаев 24 қазан күні қайтыс болған.
Алматылық танымал «Буревестник» клубының капитаны болған Саурамбаев клуб құрамында жүргенде Кеңес одағының чемпионы (1969) және Еуропа чемпиондары Кубогының екі дүркін иегері (1970, 1971) болған.
Сонымен бірге, Жанбек Саурамбаев КСРО құрамасы сапында Еуропа чемпионы, Әлем Кубогының иегері және Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. 1972 жылы ойындық мансабын аяқтаған Жәнібек Нығметұлы бапкерлікке бет бұрып, 40 жылдан астам өмірін педагогикалық қызметке арнаған