Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшада өткен балалар арасындағы Евровидение конкурсында 2-орын иеленді. Ол конкурста «Арманнан қалма» әнін орындады.

Ержан Максим дауыс беруден барлығы 227 ұпай жинады. Ол әр елдегі әділқазылардан 148 ұпай (әділқазылар бағасы бойынша 1-орында болды), ал көрермендер дауысынан 78 ұпай алды.

Бұл конкурста польшалық Вики Габор жеңіске жетті — 278 ұпай. Үшінші орынды испаниялық Мелани Гарсия иеленді — 212 ұпай.

Былтырғы Junior Eurovision конкурсында Польша өкілі Роксана Венгель жеңіске жеткен. Қазақстаннан қатысқан Данелия Тулешова 6-орын алған.

Қазақстан бұл байқауға былтырдан бері қатысады.

Пікір қосу