«Жұлдыздар отбасы» журналының сайты juldyz.kz енді сіздермен күнделікті сұхбат алған тұлғалардың қызықты оқиғасымен бөлісіп отырады.

Әнші Луина өзінің шетелде басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті

-Осыдан төрт жыл бұрын Дильназ Ахмадиева бар, оның директоры Гүлмира бар – барлығымыз Түркияға демалуға барғанбыз. Таңға жуық бассейнге барғымыз келді. Сөйтіп, айналамыздағылардан «Where is the swimming pooll?» (Бассейн қайда?) деп сұрап жатырмыз. Бізді бағыттап жіберген жаққа бара жатқан кезімізде алдымызда екі адам тұрды. Олардан да айғайлап сұрап жатырмыз. Бірақ неге екені белгісіз, олар жауап бермеді. Біз тағы да олардан «айтып жібермейсіздер ме, бассейн қайда?» деп сұрадық. Үндемейді. Біз тура жандарына келгенде күліп жібердік. Сөйтсек, олар адам емес, жай ғана күліп тұрған макеттер екен.

 

Пікір қосу