– Қайырлы күн, Балжан. Сіздің өнерлі отбасынан шыққаныңызды білеміз, ата-анаңыз туралы толығырақ айтып кетсеңіз.
– Қазіргі жетістікке ата-анамның еңбегінің арқасында жеттік деп ойлаймын. Өздері өнер адамдары болғандықтан кішкентайымыздан бізді де өнерге баулып өсірді. Әрі өздері тойға шығып бізді асырады. Кішкентай күнімізде үйде музыкалық аспаптар шашылып жататын және үйге әншілер жиі келуші еді.
Ата-анам Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылындағы мәдениет үйінде жұмыс істеп, қазір сол жерді басқарып отыр. Білесіздер, әкем – сазгер, Сыр өңірінің танымал композиторы. Қазіргі таңда өзі шәкірттер тәрбиелеуде, ауылдағы музыкаға талпынысы бар балаларды кәсіби дайындайды. Гитара, барабан, пианино секілді аспаптарды жалғыз өзі үйретеді. Ауылда бір бэнд ашқан болатын, ал қазір ол балалар соның арқасында үлкен өнер жолын қуып кетті. Осындай ата-ананың тәлімінен әлі де нәр алып келемін.
Одан кейін үлкен ағам да көптеген эстрада әншілерінің әндерінің авторы әрі ән өңдеуші. «Ұста балтаға жарымайды» демекші, ағамның студиясы бар екен деп күні-түні ән жаздырып жатқан жоқпын. Бірақ ағамның бір уақыт бөліп, ән жазып беремін деген уәдесі бар. Картинки по запросу балжан бидаш
– Қазір КешYOU тобынан кетіп, өзіңіздің шығармашылығыңызды қолға алдыңыз. Бұрын байқамаған, білмеген кедергілер көрінетін шығар, одан қалай жол тауып жатсыз?
– Бұрын продюсермен жұмыс істегеннен кейін, барлық жұмыс сол кісілерге тапсырылатын. Біз ешқандай нәрсемен басымызды қатырмадық. Ал жеке шыққаннан кейін продюсердің ойлайтынын өзің ойлау керексің. Бұл бір жағынан қиын дүние. Жалпы шоу-бизнесте статусты ұстап тұру үшін де үлкен еңбек керек. Бірақ бұрын байқамаған, білінбеген кедергілер жолымда бар деп айта алмаймын. Жалпы мен біреуге жамандық ойлаған немесе ала жібін аттаған адам емеспін. Бастысы, бұрынғы продюсерлерім мені қолдайтынын айтты. Десе де соңғы кездері өзімнен байқағаным, болуы керек деп күтілген дүниелер болмай қала береді, әрине жамандық ойлағым келмейді. Барлығын уақыт көрсетеді. Біреуге бақ ерте, біреуге кеш келеді деп айтып жатамыз ғой, мен өз бағымды күтемін. Үзбей еңбек етіп, шығармашылықпен айналыса беремін.
– Сіздің өжет, қайсар қыз екеніңіз бейнеңізден көрініп тұратындай. Оған екі ұлдың ортасында өсу себеп пе? Жалпы күш пен жігерді қайдан аласыз?
– Өзімнің қайсар екенімді сеземін, бірақ қыз балаға күштілік, қайсарлық қажет деп ойламаймын. Бір жағынан менің қайсарлығым екі ұлдың ортасында еркін, тәуелсіз өскендігімнен шығар?! Кішкентайымнан бәрін өзім істедім. Жүзу, шаңғы, велосипед тебу дегендерді өзім меңгеріп алдым. Мұның бәрі өзіме деген сенімімді нығайтты. Әрі ол менің табиғи мінезіме ұласқан да сияқты. Барлық мәселені өзім шешуге тырысатынмын. Мысалы, оқу орнына түскен кезде оқудың ақшасын жұмыс істеп өзім төледім. Жалпы күш пен жігер менің табиғатымда бар нәрсе деп білемін.
Дегенмен, әйел адам күйеуінің алдында әлсіз болуы керек дейді ғой, менің де сондай нәзік жар болғым келетінін жасырмаймын. Қайсарлық бойымда бар екенін өзім де көп байқаймын. Жаңа айтқандай, екі ұлдың ортасында өсу оған әсер етті. Мысалы, ата-анам маған қуыршақ алып келіп берсе, оның аяқ-қолын алып тастап мәшине етіп ойнайтынмын. «Неге мәшине алып келмедің?» деп жылаған кездер де болды. Сіңлім болғанын қатты армандадым, өскенше мамаға «тағы бір бала туыңызшы, қыз туып беріңізші» деп айтатынмын. Екі баланың арасында өсу маған қиынырақ болды. Тағы бір жаман мінезім – өзгелер үшін де жауапкершілік арқалап жүремін. Похожее изображение
– Бір емес, бірнеше стильде әндер жаздырып, өзіңізді түрлі бағытта сынап жүрсіз. Дегенмен қай бағыт өзіңізге жақын, қай стильді дамытқыңыз келеді?
– Мен жалпы әртүрлі бағыттағы әндерді айтқанды жақсы көремін. Болашақта да түрлі бағыттағы әндерді айтып, кез келген стильде жазатын боламын. Негізі, өзіме батыс бағытындағы әндер ұнайды. Бірақ енді халықтың талғамына да қарау керек, өйткені халықтың адамы болып жүргендіктен халықтың қалауын да ұмытпау ләзім. Мүмкін болашақта өзім әртүрлі бағыттағы әндерді жазып, өзімнің бір бағытымды табатын шығармын деп ойлаймын. Қазіргі таңда жүрегім әртүрлі бағытты қалап тұр.
– Біздің елдегі шоу бизнесте қай бағыт кемшін, музыкант ретінде эстрадаға не керек деп ойлайсыз?
– Қазір біздің шоу-бизнес жақсы даму үстінде.Похожее изображение
– Өткен жылдары сізді халықаралық ән байқауынан көрдік. Алдағы уақытта да ондай жоспар бар ма?
– Иә, өткен жылы Белоруссияда өткен «Евровидение» байқауына іріктеуге барып келгенмін. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды әрі менің бала кездегі арманым еді. Бір қадам жасадым деп ойлаймын. Алдағы уақытта міндетті түрде өзімді нағыз әнші ретінде дәлелдегім келеді. Қазір сол үшін тынбай еңбек етудемін.
– Балжан, сіздің ән айтқаныңыздан бөлек кәсіппен де айналысқаныңыз есімізде. Қазір ол дүкен жабылып қалған сияқты, жалпы кәсіпкер ретінде қандай пайда мен нәтижеге жеттіңіз? Не үйрендіңіз?
– Иә, осыдан бір жыл бұрын өзімнің дүкенімді ашқан болатынмын. Ол кезде топта ән айтып жүрдім, шығармашылықпен айналысатын продюсерлер болғандықтан уақытым көп еді. Ал жеке шыққаннан кейін, барлық жауапкершілік өзімде, бүкіл жұмыстармен өзім айналысуым керек. Сондықтан ол кәсібіме уақыт жетпей, тоқтата тұрдым. Дегенмен ол дүкенді мен бизнес ретінде ашпадым. Негізі, киім дизайндарына, фэшн модаға ерекше қызығатындығымнан ашқанмын. Бұл кәсібім өзін-өзі өтеді, сондықтан өкініш жоқ. Ең бастысы, кәсіпті қалай жүргізу керектігін түсіндім, біраз нәрсе біліп, үйрендім. Картинки по запросу балжан бидаш
– Болашақта тағы да кәсіп түрін ашу ойда бар ма? Бір сұхбатыңызда дизайнерлік киімдер ұсынуым мүмкін деген екенсіз?
– Кішігірім дүкен ашсам да, кәсіпке құштар­лығым ашылды деп айтсам болады. Басқа да салалар бо­йынша кәсіппен айналысып көргім келеді. Алайда бірінші шығармашылығыма көңіл бөлуім керек. Кейін кәсіпті қайта қолға алармын. Оны қолға алу үшін де қаражат керек дегендей… Әлі де үйренетінім алда, алдағы уақытта да өзімнің брэндімді ашу ойымда бар.
– Ал жеке өміріңізде қандай жаңалықтар бар?
– «Қыздың ең жақсысы – тұрмыстағысы» дейді ғой, сондықтан мен отбасылық жағын ұмытқан емеспін. Ескере жүремін! Барынша репутациямды түсірмей, ата-анамның үмітін ақтайтын боламын. Болашақта көпбалалы ана болу менің арманым. Сондықтан ол кез де алыс емес.
– Бір сұхбатыңызда «Жасы үлкен адам болмай-ақ» қойсын депсіз. Ондай ұсыныс айтатын адамдар бар да шығар, оларды қалай өз орнына қоясыз?
– Енді публика алдындағы адам болғандықтан ондай нәрселер болады. Жасы үлкен адамдардың ұсыныстары деген де, мен жалпы, шын махаббатты қалаймын. Шын махаббат үшін күресемін, сондықтан ондай адамдардың айналасынан қашамын. Ондай ұсыныстар болса, орнына бірден қоя аламын. «Мен ондай қыз емеспін. Сіз мекен-жайдан қателестіңіз», – деп бір сөзбен тоқтатамын.
– Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз…
– Болашақта шығармашылығыма баса назар аударамын. «Керемет жаңалық ашамын» деп айтпай-ақ қояйын, бірақ бәрі уақытымен болады. Алдағы жоспарда – әндер жазу, бейнебаян түсіру.
Қарашаш ЕСЕНБАЙ

Пікір қосу