«Плагиатчик Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол», «Нақты 100 қадам», «100 жаңа есім» т.т. осы секілді тезистерінің барлығын коммунист Ленин атамыз осыдан 1 ғасыр бұрын «Прямой путь», «Шаг вперед, два шага назад», «Просвет нации через духовность», «100 шагов к….» деген еңбектерінде майын шығарып жіктеп-талдап тастаған екен.
Мыналардыкі сол Лениннің жазғандарының сәл-сәл құбылтқан, бірақ айна қатесіз көшірмелері.
Сонда «Осындай кемел бағдарламаны ойлап тапқан, жазған, жасаған Нұрекеміз данышпан» деп жүрген қасындағы кеңесшілері мен кіл жандайшап шенеуніктері оны білмей ме?
Оның әр осындай ұрлықы «бағдарламаларын» жырлатып тойлап, мадақтап көлемдей мақала жазып, елді аралап, үгіттеп жатқан БАҚ өкілдері, Жазушылар одағы ше?
Қарап тұрсаң мемлекеттік істерде тек жемқорлар мен елін тонаған ұры-қары, сатқын, екіжүзді жағымпаздар.
Білімсіз, плагиатчиктер…
Қайда қарасаңда өңшең өз қарнын ғана ойлаған, бүгінімен өмір сүрген тоғышарлар…
Жалпы мына елде елдің ертеңін ойлайтын есі дұрыс адам бар ма өзі? Қалған ба?
Әлде бәрің Қазақстанның соңғы жарығын сөндіріп, есігін тарс жауып, құлыпқа салып «шығып» кеткелі жүрсіңдер ме?
2020-ны ғой мінекей, барысқа айналған ел емес, қайыршы-қаңғырған, бұралқы иттер болып аттағалы тұрмыз.
2030-да қандай ел болады екенбіз?
2050- ді тіпті елестетудің өзі қорқынышты.
Мейлі ғой, сонда ертең өз балаларымызға, болашаққа қай бетімізбен қараймыз, қазақстандықтар?!»

ФБ парақшасынан алынды

 

Пікір қосу