Құрметті оқырман!
Біз бірде-бір ұтыс ойынын әділетсіз өткізген емеспіз. Бірақ, қазіргі жемқорлық пен тамыр-таныстық жайлаған әділетсіз қоғам кейбір адамдарды ештеңеге сендірмей қойған. Оқырман арасынан «Мен екі-үш жыл жазылып едім, бірақ ұтпадым… сенбей қалдым» деген бірлі-жарым әңгімелер бізге жетіп жатады. Соңғы 7 жылда жүлде ұтқан азаматтардың мекен-жайы мен аты-жөні журналда жарияланған. Сенбесеңіз, сол кісілерден қалай ұтқанын сұраңыз. Тексеріңіз. Ұтыс өткен кезде келіп, тікелей бақылаңыз. Бірақ, бізді босқа жазғырмаңыз. Мен Алла алдында да, адам алдында да адал өтетінін ашық айта аламын.
«Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының редакциясы ешқашанда,ешкімді де алдаған емес! Ұтыс көпшіліктің көз алдында ашық әрі әділетті түрде ойнатылады. Бізге керегі – ақша емес, абырой, халықтың алғысы, оқырман қауымның сенімі!
Құрметпен, Жарылқап ҚАЛЫБАЙ

Пікір қосу