Араласпайтын нәрселерге араласты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған 184-ші қаулысы шетелдік сарапшылардың да назарын еріксіз аудартты. Өйткені мұндай жағдай әлемдік саясатта болып көрмеген тәжірибелердің бірі болатын.

Назарбаевтың қайта билікке келуі жайлы жазған басылымдардың бірі — «Еurasianet» болды. Оған «Қазақстан: Назарбаев билікке қайтарды» атты мақала жазған Джоанна Лиллис атты ағылшын тілшісі Елбасының мұндай қадамға баруы елде билік үшін талас-тартыс болып жатқанын дәлелдеп берді дейді.

Бұл жарлықтан кейін Тоқаевтың Назарбаевқа кіріптар болып қалғаны сөзсіз. Президентке бағынатын органдардың басшылығына тағайындайтын тұлғаларды Тоқаев енді Назарбаевтың келісімімен ғана тағайындай алады. Тек Назарбаевтың рұқсатынсыз қорғаныс министрі, ішкі істер министрі мен сыртқы істер министрін ғана тағайындауға құзіреттілігі қалды.

— Аяқ астынан жасалған мұндай қадам Назарбаевтың отставкаға кетер алдында Тоқаевпен келіскен келісімін бұзды, жоққа шығарды. Енді екеуінің арасындағы сенім жоғалуы мүмкін. Президенттіктен кетер кезде Назарбаев елдің ішкі де, сыртқы да саясатына араласу құқығын ресми түрде сақтап қалғаны рас. Ал жаңа қаулыдан кейін, билігі күшейе түсері анық, — деп жазады автор.

Ал Назарбаевтың 11 қазан күні мемлекеттік телеарнаға тікелей эфирге шығып, Қазақстанда «қос билік жоқ» деп мәлімдеп, елде тарап кеткен қауесеттің бетін қайтарған еді. Негізгі билік Тоқаев, ал ол өзін тек кеңес беруші адам ретінде ғана көрсеткен болатын.

— Алайда сұхбаттың өзін екіұдай, жасырын, пікірді сан-саққа жүгірткен сөйлеммен аяқтай салды. Яғни, егер ол елде болып жатқан жағдайлармен келіспесе, құр қол қарап отырмайтынын жеткізді… — деп жазады автор.

Автордың ойынша, Назарбаевтың қайта атқа қонуына Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қазан күні елордада өткізген жиында Астана қаласын сынаған ойлары мен ЛРТ-ны тергеу жайлы айтқан тапсырмасы себеп болуы мүмкін.

politic.bugin.kz

Пікір қосу