Қағазбастылықты жою дей ме, кешіріңіз, соны айтқалы қағазбастылық миллион есе көбейді. Мұғалім өз ақшасына принтер, қағаз сатып алуға мәжбүр, өйткені қазір тақтаға бормен жазуға болмайды. Мұғалімнің жалақысын өсірдік дей ме, бос сөз. Мен 38 жыл білім саласында жұмыс істеймін, алатын айлығым — 80 мың теңге. Оны жоғарылату үшін емтиханнан өтуім керек екен. Өтпей қалдым, содан жалақым көтерілмеді. Ал емтиханда келген сұрақты көрсеңіз, маған «теологиядан емтихан тапсырғансыз ба» де айтады, «жоқ, тарихтан» дедім. Сұрақтың өзі түсініксіз. Сол бір сұраққа жауап бермегенім үшін менің айлығым өспеді. Түсінесіз бе? Одан бөлек сол үшін қаншама сөз естідім, қалай қорландым мен. Неге қорлайды өтілі жоғары ұстазды, еңбек мерзімін ескер де көтер жалақысын! Мынаның барлығының не қажеті бар? «Келесі жыл өтесіз емтиханнан» дейді. Бармаймын мен келесі жылы. Өйтіп қорланып, намыстанып өлгенше, 80 мың теңгемді алып жүре берейін. Мен секілділер көп сондай. Дәрігерлердікін көтердік дейді, өткенде сұрадым, қосқаны 3-4 мың теңге, ал біздікі одан да аз шығар…

Өткенде әкімдікке жиналысқа бардым, басқарушы партия өкілінің сөзін тыңдадық. Ол арада ұстаз мәртебесі, тағы басқасы талқыланған жоқ. Бәрі жәй есеп үшін, бізде бәрі солай…

Пікір қосу