Желіде депутаттардың өз сайлаушыларымен жұмыс істемек түгілі, кездесу де жасамайтыны туралы ақпарат оқыдым.
Отыз жылдық автократтық,
коррупциялық, әділетсіз биліктің көпшілікке беймәлім тағы бір тұсы осы. Нұрбиліктің шенеуніктері мен депутаттары мемлекет бюджетінен сыбайлас жемқорлықтың алуан түрлі схемасы арқылы ақша ұрлаудан, еліміздің материалдық дүние-мүліктерін жекешелендіріп алудан басқаны білмейді. Олар өздерінің тікелей қызметтік функциясын атқармайды, көзбайлаушылықпен, өтірік есеп беру және т/б айла-шарғымен халықтың салығының арқасында семіріп жүрген арамтамақтар. Бұл жүйенің тас-талқанын шығармаса, қазақ халқы таяу жылдарда қазақ тілі мен кең даласынан ғана айырылып қоймайды, тіпті мемлекеттілігінен айырылып, бұрынғы таз қалпына түседі. Себебі, бізде мемлекеттік мүддені қорғайтын бір саяси ұйым (шынайы партия) жоқ, ел қорғайтын азаматтар жоқ.

фб ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Пікір қосу