Бәріне ие.
Бұл сатқын жүйе.
Күнәсіз жанға.
Жағады күйе.

Құласын бүгін.
Бұл жүйе ірің.
Қайтарсын елге.
Ұрлаған жүгін.

Өзгерсін жүйе.
Шаппасын бие.
Айғырын құртқан.
Ала ма сүйе.

Құрысын билік.
Шықпады биік.
Қамытын құлдың.
Отыз жыл кидік.

Қураған терек.
Түбі жоқ шелек.
Осыған үлкен.
Өзгеріс керек.

Өзбектер озды.
Орыстар қозды.
Қытайың өріп.
Қазағым тозды.

Өзгеру керек.
Сөз беру керек.
Өзгерген елді.
Көз көру керек.

Алдаңба сөзге.
Шүкір деп төзбе.
Құлатпай шалды.
Амал жоқ өзге.

Болашақ бар ма.
Соғылған жарға.
Кетеді бәрі.
Беріліп жалға.

Терең құз алда.
Тек үнсіз қалма.
Әңгіме қазір.
Намыс пен ар да.

Қазағым оян.
Болмашы қоян.
Батырым қайда.
Секілді Ноян.

Өзгерсек қана.
Өзгерер сана.
Біздерге керек.
Бір жүйе жаңа.

Айтарым міне.
Жүріңдер біле.
Елімнің бағын.
Бірігіп тіле.

Darqan Eleken. 22.09.2019 ж.

ФБ парақшасынан алынды

Пікір қосу