«Жұлдыздар отбасы» журналының тілшілері Жанар Хамитовамен сұхбаттасқан кезде, оның сол кездегі продюсері Сиви Махмудимен де сөйлескен еді. Продюсер әнші туралы ғайбат сөздерінің көбісі жалған екенін, шынында Жанардың жақсы адам екенін айтып, ағынан жарылды.

» Жанар туралы «балаларын тастап кеткен, дұрыс жолмен жүрмеген, сол үшін анасы жек көретін шығар» деген сөздер айтылып жүр. Бірақ ойланып қараңыздаршы, Жанар небәрі 18-19 жасында тұрмысқа шықты. 11 жыл тұрмыста болып, ас үйден басқа ешқайда шықпады. Ал оған дейін SuperStar.kz бағдарламасының қатаң продюсерлерінің қадағалауымен жүрді. Өмір көріп үлгірмеген қыз қалай бұзылып үлгереді? Егер шынымен жаман қыз болса, бағдарламада көргендеріңіздей ыдыс жуып қиналып жүрер ме еді?! Кейбір қыздар секілді ақша табудың жеңіл әдісін қарастырар еді ғой. Ал балаларын әкесіне тастағаны, ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Бұл қызда өзімшілдік қасиет жоқ. Ол шынымен ана ретінде балаларын ойлады. Жанар қазір менің үйімде тұрады. Оның балалары біздің үйге келіп тұрады. Жанардың балалары менің балаларыммен қатарлас. Сол кезде Жанардың менің, өзінің балаларына қарауынан-ақ қандай керемет ана екенін білдім. Сондықтан Жанарды табалаудың, ол туралы артық сөз айтудың қажеті жоқ. Мен Жанардан жақсы адамдық қасиеттерді байқадым. Сондықтан оған қолымнан келгенше қолдау көрсеткім келді.»,- деді продюсері.

«Жұлдыздар отбасы», 2019 жыл №10

Ескерту: Көшіріп басуға тыйым салынады

Пікір қосу