«Арнау» дуэтінің экс солисті Жанар Хамитованың өлімі туралы суық хабарды естігенде Нұржан Керменбаевтың да көңілі босаған. Соңғы кездері екеуінің арасын дұрыс болмаса да, Жанар өмірінің соңғы уақыттарында Нұржаннан кешірім сұраған көрінеді. Бұл туралы әнші Нұржан керменбаев өзінің парақшасында жазды.

«Суық хабарды естіп жатырмыз.Иманды болғай.Артық әңгіме айтып,отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын.
Кезінде «Арнау» дуэтінің экс солисті болғандықтан да маған көптеген смс,хаттар жолдануда.Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім.НҰРЖАН СЕН АҚША ҚАРЫЗСЫҢ,ҚАЙТАР деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп,өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар.Себебі Жанар екеуіміздің ОРТАҚ ДОСТАРЫМЫЗ бар.Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар.Мен Нұржанға жала жаптым,кешірім сұрашы менің атымнан деген еді.Қазіргі таңда мода болып кеткен ХАЙП ҮШІН айтқанын жеткізді.Сол ОРТАҚ ДОСТАРЫМЫЗ КУӘ.Менің Жанарға ренішім жоқ.Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын.Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық.Бір-бірімізге жала жауып,ғайбат айтып,күнә жинағанша,өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын.Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар:Біреудің мінін тергенше,жамандығын көргенше,өз ойыңды мазалап,өз бойыңды тазалап,өзіңмен күрес өлгенше…
Жанардың отбасына,ағайын-туыс,бауырларына қайғырып көңіл айтамыз.Жататын жері жайлы,топырағы торқа болғай», -деп жазды әнші

Жанар Хамитова әріптесі Ерлан Әлімовке соңғы хатын жолдаған екен.

 

Пікір қосу