• Алдымен айта кету керек, олар қоғамдық пікірді қадағалаған. Жолдауда әлеуметтік желіде көтерілген көптеген сұрақтар қарастырылған.
  •          Кіріспеде «Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, біз жүйелі реформаларды жүргізе аламыз» деді. Ары қарай бес институционалдық реформаның және Елбасының ұлт жоспарының орындалуы сипатталған. Естеріңізге сала кетсек, Ұлт жоспары 2015 жылы қабылданып, оның жүзеге асуы үшін нақты 100 қадам жоспарланған еді. Бірақ төрт жыл ішінде ол 100 қадамның бір-екі қадамын әрең басып үлгердік. Мәңгілік ел секілді кейбір қадамдар тіпті ұмытылып кетті. Бірақ бір қадам жүзеге асқанын мойындау керек. Ол – Астана Халықаралық қаржы орталығы.
  •          Ендігіде саяси реформалар асығыссыз қабылданатыны  айтылды. Бұл жолдаудың ең маңызды тұсы.
  •          Президенттің сөзінше, әлеуметтік-саяси жүйенің модернизациясы жайлы өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған.
  •          2005 жылы Елбасы: «Демократия – жолдың басы емес, бұл мақсат. Оны жарлықпен орнату мүмкі емес, оны құру керек», – деген еді. Және саяси жүйенің жалпы ұлттық бағдарламасын талқылау үшін Ұлттық комиссия құрған болатын.
  •          2016 жылы «Демократия – бұл жолдың бастамасы емес, бұл жолдың соңы. Біз саяси өзгерістер енгізіп, заңдар қабылдап демократияға жетеміз. Біз Азия еліміз. Біздің отбасылық қарым-қатынас, дініміз басқа. Сондықтан асықпауымыз керек», – деді
  •          2018 жылы Елбасы: «Мен Америкадағыдай демократия орнатқым-ақ келеді. Бірақ орнату үшін Қазақстаннан соншама американдықтарды қайдан табамын?» – деді. Сондай-ақ: «Біз де басқа елдер секілді демократияға жол тартып келе жатқан халықпыз. Бірақ мыңжылдық жолды бір күнде басып өте алмаймыз. Біз неміс, американдықтар емеспіз, біз қазақтармыз», – деген.
  •          Ал жақында «Нұр Отан» партиясының төрағасы ретіндегі сөзінде: «Біз жас мемлекетпіз, демократияға жету үшін американың қалпағын кие алмаймыз», – деп айтты.
  •   Қысқасы, байқағанымыздай, көп жылдар бойы бізге реформа, демократия деп айтқандарымен, оған жетуге асықпауымызды әлі баса айтып келеді. Яғни көп жылдар бойы бір әңгімені қайталап келеді. Сондай-ақ бұл жолдауға елбасының тікелей қатысы болмаса да, Конституциядағы елбасына байланысты заңдар, ішкі және сыртқы саяси мәселелер елбасымен талқылануы қажет екен.
  •          Саяси реформаны жүзеге асыру үшін заңнамада өзгерістер болу керек. Бірақ ондай өзгерістер туралы жолдауда ештеңе айтылмады.

ФБ парақшасынан алынды

Пікір қосу