БІРІНШІ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕСІН ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАЙМЫЗ. ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЭКСПАНЦИЯСЫН ТОҚТАТЫП, САТЫЛҒАН ЖЕР МЕН ӨЗГЕ ДҮНИЕЛЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛЫП, АЛДА САЛЫНБАҚШЫ ҚЫТАЙДЫҢ 55 ЗАВОДЫНАН БАС ТАРТЫП, ЕЛІМІЗДЕГІ ҚАПТАҒАН ҚЫТАЙЛАРДЫ ЕЛДЕРІНЕ ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ ӘЙТПЕСЕ, КУРДТАР МЕН ҰЙҒЫРЛАР СИЯҚТЫ АТАМЕКЕН ТУҒАН ЖЕРДЕН АЙРЫЛАМЫЗ.

ЕКІНШІ, ЗАҢ ШЫҒАРУ МЕН АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ ӨЗ ТУҒАН ЕЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІН БІЛМЕУІ ҰЯТ ТІРЛІК ЖӘНЕ БҰЛ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫН МЕНСІНБЕУШІЛІК БОЛЫП САНАЛАДЫ. ҰЛТТЫҢ ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ АРЫ. БИЛІК ҰЛТТЫҢ АРЫН ҚОРҒАУДАН БАС ТАРТЫП, МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАП ЖҮР. АТА ЗАҢНАН (КОНСТИТУЦИЯ) 7-ШІ БАПТЫҢ 2-ШІ ТАРМАҒЫН АЛЫП ТАСТАУДЫ ҰСЫНАМЫЗ! 30 ЖЫЛ АЗ УАҚЫТ ЕМЕС. ПАРЛАМЕНТ ПЕН ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН АДАМ МҮЛДЕМ БОЛМАУҒА ТИІС.

ҮШІНШІ, ЖЕР САТУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚТЫҢ «АТАМЕКЕН ТУҒАН ЖЕРІМІЗ САУДАҒА САЛЫНБАСЫН, ЯҒНИ ЖЕР ЕШКІМГЕ САТЫЛМАСЫН» ДЕГЕН ТАЛАБЫНА САЙ НҮКТЕ ҚОЙЫЛЫП, СОЛ ҮШІН ТҮРМЕДЕ ОТЫРҒАН МАКС БОҚАЕВТЫҢ БОСАТЫЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

ТӨРТІНШІ, ХАЛЫҚ ТҮГЕЛДЕЙ ЖҰМЫС ЖӘНЕ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛІП, КҮНКӨРІС, ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ ҚАЖЕТ.

БЕСІНШІ, КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН, ЯҒНИ 30 ЖЫЛ БОЙЫ ОРЫС ТІЛДІ БИЛІК ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯМЕН АЙНАЛЫСПАДЫ. СОНЫҢ САЛДАРЫНАН ЕЛ АЗДЫ, ЖҰРТ ТОЗДЫ, ЕЛІМІЗДЕ ҚҰЛАҚ ЕСТІП, КӨЗ КӨРМЕГЕН АЗҒЫНДЫҚ ЖАЙЛАДЫ. БҰЛ МӘСЕЛЕ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨЗ ШЕШІМІН ТАППАҒАНДЫҚТАН БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫ АЛШАҚТАҒАН ҮСТІНЕ АЛШАҚТАП БАРАДЫ. ҚАЗІР БИЛІК ПЕН ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ СЫЗАТ ҰЛҒАЙЫП ШАТҚАЛҒА АЙНАЛДЫ. БҰЛ ҚАЙ ЖЕРГЕ ДЕЙІН БАРЫП ТОҚТАЙДЫ?

АЛТЫНШЫ, ЖАҢАӨЗЕН (2011), ШЕТПЕ, АҚТӨБЕ, АТЫРАУ (ЖЕР МӘСЕЛЕСІ), ҚҰЛСАРЫ (ТЕҢІЗ), АЛМАТЫ (Р.КҮЛЕКБАЕВ ІСІ), ҚАРАҒАНДЫ (КЕНШІЛЕР ЕРЕУІЛІ (1989) МЕН ҚАРАҒАНДЫ МЕЙРАМХАНАСЫ (2019) ЖӘНЕ Т.Б. ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ ЗЕРТТЕЛІП, ЗЕРДЕЛЕНІП, АҚИҚАТЫ АНЫҚТАЛЫП, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН САЯСИ БАҒАСЫН БЕРУГЕ ТИІСПІЗ.

ЖЕТІНШІ, КӨШЕГЕ БІРІГІП ШЫҒЫП БИЛІККЕ ӨЗ ОЙЛАРЫН, АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫН, МҰҢЫН ЖЕТКІЗБЕКШІ БОЛҒАНДАРДЫҢ БӘРІНЕ: ҚАУСАҒАН ҚАРИЯЛАР, АТАЛАР МЕН ӘЖЕЛЕР, КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР, ӨРІМДЕЙ ЖАС БОЙЖЕТКЕН ҚЫЗДАРЫМЫЗ БЕН БАЛАЛАРЫМЫЗҒА КҮШ ҚОЛДАНЫП ҰСТАП, ҚАМАУДЫ ТОҚТАТУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ. ХАЛЫҚТАН ҚОРЫҚПАУ КЕРЕК. ОЛАРДЫҢ МҰҢ-ЗАРЫН ТЫҢДАП, КӨТЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШУ ҚАЖЕТ.

СЕГІЗІНШІ, ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫ ӨТЕ КӨП ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН КРЕДИТ ДЕЙТІН «ҚАРҒЫБАУДАН» ҚҰТҚАРУҒА ТИІСПІЗ.

ТОҒЫЗЫНШЫ, «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» САЯСАТЫН ТОҚТАТУ ҚАЖЕТ. ӨЗДЕРІНІҢ ТУҒАН АНАЛАРЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ 30 ЖЫЛДА МЕҢГЕРЕ АЛМАЙ ЖҮРІП, ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫНА БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП, ҮШ ТІЛДІ ҮЙРЕТЕМІН ДЕУ АДАМ АҚЫЛЫНА СИЯТЫН ДҮНИЕ ЕМЕС. МҰНДАЙ ТӘЖРИБЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДІҢ ЕШБІРІНДЕ ЖОҚ. ҚАЗАҚ СӘБИЛЕРІ ТӘЖРИБЕ ЖАСАЙТЫН ҮЙ ҚОЯНЫ НЕМЕСЕ ТЫШҚАН ЕМЕС ЖӘНЕ БҰЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА ДА, «ТІЛДЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ДА ҚАЙШЫ ДҮНИЕ, АТАП АЙТҚАН ЗАҢСЫЗДЫҚ. ОРТА БІЛІМ ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БОЛУҒА ТИІС. ӨЗГЕ ТІЛДЕРДІ 5 СЫНЫПТАН БАСТАП ҮЙРЕТУДІ ТАЛАП ЕТЕМІЗ.

ОНЫНШЫ, ҚАЗАҚТЫ ЖАТ ЖҰРТТЫҚТАРДЫҢ (ӘСІРЕСЕ АРАБТЫҚ УАХАБИЗМНІҢ) ДІНИ ЭКСПАНЦИЯСЫНАН ҚҰТҚАРЫП, ДӘСТҮРЛІ ДІНІМІЗДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ҚОЛҒА АЛУ ҚАЖЕТ. БҰЛ ЖАҒДАЙДА СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРАП ЖЕРІНДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЙТАЛАНБАУЫНЫҢ АЛДЫ АЛЫНАДЫ. ӘРҚАШАНДА ЕЛ ІШІНІҢ АЛАУЫЗДЫҒЫ ТІЛ МЕН ДІНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. ҰЛЫ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ БІЗГЕ «ТІЛІ ЕКЕУДІҢ, ДІНІ ЕКЕУ. ДІНІ ЕКЕУДІҢ СОҢЫ ҚҰРДЫМ» ДЕГЕН ӨСИЕТ СӨЗІН БЕКЕРГЕ ҚАЛДЫРҒАН ЖОҚ.

ОН БІРІНШІ, ЕЛІМІЗДЕГІ БАРЛЫҚ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМ ШАРТТАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАП, ҚАЗАҚСТАН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ЖАЛАҚЫСЫН ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ТЕҢЕСТІРІЛУІН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН ҚЫЗМЕТКЕ АДАМ ТАРТУДЫҢ ОРНЫНА ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАСТАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМАТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАЛАП ЕТЕМІЗ.

ОН ТӨРТІНШІ, БҮГІНГІ ТАҢДА ПАРАҚОРЛЫҚ ПЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАЗЫЛМАЙТЫН БАС АУРУЫНА АЙНАЛДЫ. ЕЛ АУЗЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ «ДИПЛОМАТ» АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕТІНІН АЙТУДА. АҚИҚАТЫНДА, ЖОҒАРҒЫ БИЛІККЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ПАРАҚОРЛЫҚТЫ ҚҰРЫҚТАУДЫҢ ТҮК ТЕ ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҚ. СЕБЕБІ, КЕЗ-КЕЛГЕН ҰЖЫМДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ БІРІНШІ БАСШЫСЫМЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ПАРА АЛМАСА, ОЛ ҰЖЫМДА ПАРА АЛУ МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ МҮЛДЕМ БОЛМАЙДЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ДЕ ТУРА СОНДАЙ. БАР МӘСЕЛЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ БИЛІК ТІЗГІНІН ҰСТАТҚАН АЗАМАТТАРЫ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІНЕ АДАЛ ДА, ӘДІЛ БОЛЫП, ХАЛЫҚҚА ҚАЯУСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТСЕ, БҰЛ МӘСЕЛЕ ӨЗІНЕН-ӨЗІ ШЕШІЛЕДІ. «БАЛЫҚ БАСЫНАН ШІРИДІ» ДЕГЕН МАҚАЛ БЕКЕР АЙТЫЛМАҒАН. «ҚҰЙРЫҚТАН ТАЗАЛАУҒА» ЖЕТКІЗБЕУЛЕРІҢІЗДІ ҰСЫНАМЫЗ.

ОН БЕСІНШІ, ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ 5 ОБЛЫСТЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚАЗАҚЫЛАНДЫРУ ҮШІН ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРДЫ ШАҚЫРЫП, СОЛ ӨҢІРЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРАСЫН ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ. БҰЛ МӘСЕЛЕНІ КӨП СОЗБАЙ ТЕЗ АРАДА ШЕШУ КЕРЕК.

ОН АЛТЫНШЫ, ЕЛІМІЗДЕ ЕШҚАНДАЙДА ДЕМОКРАТИЯМЕН ҮЙЛЕСПЕЙТІН ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК ОРНАДЫ. ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙМЫН ДЕГЕН МАҚСАТТА ҚҰРЫЛҒАН ҚАНШАМА ПАРТИЯЛАР ТІРКЕУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ. МЫСАЛЫ, М.ШАХАНОВТЫҢ «ХАЛЫҚ РУХЫ» ПАРТИЯСЫН. ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МА БІР ПАРТИЯ, ҚАНДАЙ МА БІР ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖАЙЛЫ АУЫЗДАРЫН АШСА БОЛДЫ, ҚУДАЛАУҒА САЛЫНАДЫ. ӘДІЛЕТСІЗ САЯСИ ЖҮЙЕ МЕН ӘДІЛЕТСІЗ БИЛІК ОРНАҒАН ЖЕРДЕ ҒАНА ДҮНИЕГЕ КЕЛЕТІН ШЫНАЙЫ «ОППОЗИЦИЯ» ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. ҚАНШАМА АДАМ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ ҮШІН ӨМІРЛЕРІМЕН ҚОШТАСТЫ (МЫСАЛЫ, ЗАМАНБЕК НҰРҚАДИЛОВ, АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЕВ ЖӘНЕ ҚАНШАМА ЖУРНАЛИСТЕР). ҚАНШАМА АДАМ ҚУДАЛАУҒА САЛЫНЫП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ҚУЫЛДЫ, ТҮРМЕГЕ ТОҒЫТЫЛДЫ, ҚАНШАМАСЫ САЯСИ БАСПАНА ІЗДЕП ШЕТЕЛДЕРГЕ ҚАҢҒЫП КЕТУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ.
АҚИҚАТЫНДА, ОЛАРДА ОСЫ БІЗДІҢ ҚАНДАС БАУЫРЫМЫЗ, БӘРІМІЗ БІР ҚАЗАҚТЫҢ, ЯҒНИ БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫМЫЗ ҒОЙ ДЕП, АТПАЙ-АҚ, АСПАЙ-АҚ, ТҮРМЕ-ЗЫНДАНҒА САЛМАЙ-АҚ, ҚУДАЛАМАЙ-АҚ БАР МӘСЕЛЕНІ САНАЛЫ ТҮРДЕ «БІР ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ» ҮСТІНДЕГІ АШЫҚ ӘҢГІМЕДЕ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ОРТАҚ ШЕШІМГЕ НЕГЕ КЕЛМЕДІК?
ЕСІМІЗДЕ БОЛУҒА ТИІС! ҚОҒАМ ЕКІГЕ ЖАРЫЛЫП, БІРІН-БІРІ ҚУДАЛАУҒА САЛУДЫҢ СОҢЫ ЕШҚАШАН ЖАҚСЫЛЫҚПЕН БІТКЕН ЕМЕС. ОНЫҢ ЗАРДАБЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН ӨТЕ АУЫР БОЛАДЫ.

ОН ЖЕТІНШІ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРДЫ ТОҚТАТЫП, ӘДІЛДІК ОРНАТУ ҚАЖЕТ. ӘДІЛЕТСІЗ ІС-ӘРЕКЕТ ПЕН ӘДІЛЕТСІЗ ШЕШІМДЕР ӘЛДЕҚАШАН ШЕКТЕН ШЫҒЫП КЕТТІ. ОЛАРҒА ДЕГЕН ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ӨКПЕСІ ҚАРА ҚАЗАНДАЙ. ЗАҢ ЖҮЙЕСІНЕ ТҮБЕГЕЙЛІ РЕФОРМА ҚАЖЕТ.
ТҮРМЕГЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙМЫН ДЕП, ТОҒЫТЫЛҒАН ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАРДЫ (АРОН АТАБЕК, МАКС БОҚАЕВ, МҰХТАР ЖӘКІШЕВ Т.Б.) БОСАТЫЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
СОНЫМЕН ҚОСА:
А. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕМІЗГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТПЕЙТІН АССАМБЛЕЯ МЕН КӨШЕЛЕРІМІЗДЕ ӘСКЕРИ ФОРМА КИІП, ҚЫЛЫШ АСЫНЫП ЖҮРЕТІН (БАС ШТАБЫ РЕСЕЙДЕ ОРНАЛАСҚАН) КАЗАКТАРДЫҢ ӘСКЕРИ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТАРАТЫЛУЫН;
Ә. ҰЛДАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰМЫС ІЗДЕП ШЕТЕЛГЕ ҚАҢҒЫМ КЕТПЕУІН;
Б. ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҒУЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ, БОЛА ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА АЗАМАТТЫҒЫНАН АЙЫРУДЫ;
Г. АЗАМАТТЫҚ НЕКЕГЕ ТЫЙЫМ САЛУДЫ;
Ғ. АЗҒЫНДЫҚТЫҢ ЕҢ БИІК ШЫҢДАРЫ: ҚАРИЯЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУ, ЖАС НӘРЕСТЕНІ ДАЛАҒА ТАСТАУ, АЖЫРАСУ (БАЛАЛАРДЫ ЖЕТІМ ҚАЛДЫРУ), ЖЕЗӨКШЕЛІК, ПЕДОФИЛИЯНЫ Т.Б. ҚҰРЫҚТАП, ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ ҚАТАЙТУДЫ.
Д. АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ «АДАМ САУДАСЫ» ДЕП, АТАЛАТЫН ЕҢ ЖАМАН АЗҒЫНДЫҚ ҚАСИЕТ СӘБИЛЕРІМІЗДІҢ ШЕТЕЛГЕ САТЫЛУЫНА РҰҚСАТ БЕРЕТІН ЗАҢНЫҢ КҮШІН ЖОЮДЫ;
Е. ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСТЫ (ЕР АДАМҒА 60 ЖАС, ӘЙЕЛ АДАМҒА 55 ЖАС) ҚАЙТА
ҚАРАУДЫ;
Ж. МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ҚАРТ АДАМДАРДЫҢ, ҚОҒАМНЫҢ ӘЛСІЗ ТОПТАРЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫН, ЖӘРДЕМАҚЫСЫН КӨБЕЙТУДІ;
З. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ САЛАСЫНА БІТПЕЙТІН РЕФОРМА ЖАСАУДЫ ТОҚТАТУДЫ. МЫСАЛЫ, 28 ЖЫЛДА 20-ҒА ЖУЫҚ МИНИСТР АУЫСТЫРЫЛДЫ. БӘРІНЕ ДЕ БІР-БІРДЕН РЕФОРМА БАСТАТЫП, ОЛАРЫН АЯҚТАУҒА МҮМКІНШІЛІК БЕРІЛМЕДІ. ҰЛТТЫҚ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ОСЫНШАМА ҚОРЛАУҒА БОЛА МА?
И. МЕМЛЕКЕТТІК БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН АДАМДАРДЫ
ТАҒАЙЫНДАМАУДЫ;
Й. ЖОҒАРҒЫ БИЛІККЕ БІЛІМДІ, ЖІГЕРЛІ, ОЙ-ӨРІСІ КЕҢ ҰЛТШЫЛ ЖАСТАРДЫ КӨПТЕП ТАРТУДЫ;
К. ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫ МЕН БАСПАНАСЫЗДЫҒЫН ЖОЮДЫ;
Қ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНАН ҚАЗАҚТЫҢ АТАСЫ АЙУАН (МАЙМЫЛ) ДЕГЕН ДӘЙЕКСІЗ ТҰЖЫРЫМДЫ АЛЫП ТАСТАУДЫ;
Л. АЛМАТЫҒА ЖОСПАРЛАНҒАН АЭС (АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН) САЛУ ЖОБАСЫНАН БАС ТАРТУДЫ;
М. ҚАЗАҚ ЕЛІ АТАУЫНАН ЖАТТЫҢ ТІЛІНДЕГІ «СТАН» ДЕГЕН ЖАЛҒАУДЫ АЛЫП ТАСТАУЛАРЫҢЫЗДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ;

ОН СЕГІЗІНШІ, 30 ЖЫЛ БОЙҒЫ ТӘЖРИБЕ КӨРСЕТКЕНДЕЙ, «ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ» ПЕН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» ҚҰРУ САЯСАТЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ТЫҒЫРЫҚҚА ӘКЕЛІП ТІРЕДІ. АМЕРИКАДАҒЫ «АМЕРИКАНДЫҚ ҰЛТ» ТӘРІЗДІ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» ҚҰРАМЫЗ ДЕЛІНЕДІ. СОНДА ҚАЛАЙ, БІЗДЕРДЕ СОЛ АМЕРИКАНЫҢ БАЙЫРҒЫ ХАЛҚЫ ҮНДІСТЕР СИЯҚТЫ «КОНЦЕРВАЦИЯҒА» КЕТЕМІЗ БЕ?
КӨЗ АЛДЫМЫЗДА ҚАЗАҚТЫҢ АТА САЛТЫ МЕН ДӘСТҮРІ, ТІЛІ МЕН ДІЛІ, ДӘСТҮРЛІ ДІНІ, ӘЛЕМДЕГІ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҰЛЫ МӘДЕНИЕТІ, ЕҢ БАСТЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ «БІР ЖАҒАДАН БАС, БІР ЖЕҢНЕН ҚОЛ ШЫҒАРАТЫН» АУЫЗБІРЛІГІ КӨЗ АЛДЫМЫЗДА ҚҰРДЫМҒА КЕТІП БАРАДЫ. ЕЛІМІЗДІ АЗҒЫНДЫҚ ЖАЙЛАДЫ. КӨПТЕГЕН ЖАҒЫМСЫЗ «КӨРСЕТКІШТЕР» БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚҚА КІРІП ОТЫРМЫЗ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӨЗ АТАМЕКЕН ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ЖАТЖҰРТТЫҚТАРДЫҢ ЕЗГІСІНЕ ҰШЫРАУДА. ХАЛЫҚТЫҢ ӨСІМІ ТОҚТАДЫ. ОСЫҒАН БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ АУЫРЫП, ЖАНЫ КҮЙЗЕЛУДЕ. СОНДЫҚТАН, БҰЛ ЖОБАДАН БАС ТАРТҚАНДАРЫМЫЗ ЖӨН БОЛАДЫ.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ, ЭКСПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІНЕ АЙНАЛЫП КЕТКЕН 1993 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАНҒАН АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ (КОНСТИТУЦИЯНЫ) КЕРІ ҚАЙТАРУ КЕРЕК.
СОНЫМЕН ҚАТАР САЙЛАУ, ЖЕР, ТІЛ, БАҚ, РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ.

ЕЛІМІЗДЕГІ ДИАСПОРАЛАРДЫҢ БӘРІНІҢ АРТЫНДА ТАРИХИ ОТАНДАРЫ БАР. МЫСАЛЫ, ОРЫСТАРДЫҢ АРТЫНДА РЕСЕЙ, ӨЗБЕКТЕРДІҢ АРТЫНДА ӨЗБЕКІСТАН, УКРАИНДЕРДІҢ АРТЫНДА УКРАЙНА, НЕМІСТЕРДІҢ АРТЫНДА ГЕРМАНИЯ Т.Б. АЛ, БІЗДІҢ АРТЫМЫЗДА ӨЗІМІЗДЕН БАСҚА ЕШКІМ ЖОҚ. ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ АТАМЕКЕНІ. ОСЫ ЕЛ МЕН ЖЕРДІ ҚОРҒАП, БІЗДЕРГЕ ҚАЛДЫРУ ҮШІН ОНДАҒАН, ЖҮЗДЕГЕН МЛН. АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАНЫ ТӨГІЛДІ. АТА-БАБАЛАРЫМЫЗБЕН АМАНАТ ЕТІЛГЕН ҰЛТЫМЫЗДЫ, ЖЕРІМІЗДІ, ТІЛІМІЗДІ, ДІЛІМІЗДІ, ДІНІМІЗДІ, АТА САЛТЫМЫЗ БЕН ДӘСТҮРІМІЗДІ АҚТЫҚ ДЕМІМІЗ БІТІП, ҚАСЫҚ ҚАНЫМЫЗ ҚАЛҒАНША ҚОРҒАЙТЫНЫМЫЗДЫ БИЛІКТІҢ ҚАПЕРІНЕ БЕРЕМІЗ!
ҚАЗАҚТЫҢ ДЕРБЕС ҰЛТ, МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП САҚТАЛЫП ҚАЛУЫ ҮШІН ЕШТЕҢЕДЕН ДЕ АЯНБАЙМЫЗ!

Пікір қосу