сурет azattyq.org-тан алынды

2 қыркүйек Жаңаөзенде жүзге жуық қала тұрғындары әкімдік маңына жиналып, Қазақстан билігінің Қытаймен бірігіп, ел территориясында өндіріс, құрылыс, ет пен дақылдар өңдеу және басқа шаруашылық салалары бойынша 55 зауыт салу туралы шешіміне қарсылық білдірді. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Жиналғандар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 11-12 қыркүйекте Қытайға жоспарланған ресми сапарынан бас тартуды талап етті. Әкімдік алдына келгендер биліктен не үшін Қытайдан қарыз алғанын түсіндіруді сұрады.

Жаңаөзендегі «Қытай экспансиясына» қарсы шыққан адамдарды қолдап, 3-4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында да наразылық шаралы өтті.

 

Пікір қосу