1997 жылы «Қазақстан-2030» деген Назарбаев стратегиясы жарияланды. Бұл бағдарламада біздің болашақ бақытты және бай ел ретінде өте көркем суреттелген. Бағдарлама бойынша бүгінде Қазақстан демократиялы, экономикалық тұрғыдан күшті, өркендеген мемлекетке айналуы керек еді, өйткені бұл үшін барлық қажетті алғышарттар елде болды. Көпшілік Елбасының болашағына сенді. Міне, 22 жыл өтті. Не көріп тұрмыз? Берген уәдесінің барлығы керісінше орындалды. Қазақстан әлсіз, авторитарлы, үшінші әлемнің артта қалған елдерінің біріне айналды. Еркіндік, сөз бостандығы жойылды, ал ол туралы сөз қозғағандар бірден түрмеге жабылды.

Экономикалық еліміз басқа дамыған елдердің шикізат көзіне айналды. СССР-ден қалған қазба байлық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық құрыды.  Медицинаның хәлі нашар, білім беру саласында бюджеттегі ақшаны жан-жаққа шашулы біледі. Сыртқы қарыз 170 млрдты құрайды және ол күннен-күнге өсуде. Халықтың көпшілігі кедейшілікте өмір сүріп, қара нанын әрең тауып жүр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік биліктің бүкіл жүйесін толығымен бүлдірді. Елді бюрократтық озбырлық пен полицияның заңсыздығы басқарады.

Ал бәрі басында сенген бірінші президент, шексіз билікке ие болған қазір заманның Навуходоносорына айналды. Осындай бос уәделер әлі күнге дейін айтылып келеді. Бір қызығы оған әлі сенушілер бар.

Пікір қосу