Күні кеше 82 жасқа келген  Қазақстан Республикасының Халық әншісі Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленді. Алғашында көпшілік бұл ақпаратқа сеніңкіремеді. Алайда кейін ақпарат расталып, тойдың 26 тамыз күні өткені анықталды.

«Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!», — деп жазған Қуандық Ешмет.

82-ге келген халық әртісінің екінші рет үйленуіне себепкер болған арудың кім екендігі көпшілікті қызықтырды.

Жадыра Сейдеш 1982 жылы туған. 37 жастағы Жадыра көп жылдардан бері журналистік қызметте. Ол «Жүрек жарды» атты бағдарламаның авторы.

 

Пікір қосу