-«Айталық, осы күнге дейін бір миллион оралманды елге шақырып, отанына алып келдік. Әлемдегі бірде-бір ел мұны жасаған жоқ. Ал біз Қазақстанға алып келдік, қарекет етіңдер, бала-шағаларың өссін, өнсін десек, олар «маған беріңдер» дейді. Еңбек етіңдер. Жұмыс істеңдер. Мына мемлекеттің қаржысын жинайтын – ел, халық. Ел жұмыс істемесе, мемлекеттің де ақшасы болмайды. Қаржы болмаса, нені береміз?» – депті Н.Назарбаев.

Енді мен айтайын…

  • Оралман дегенің ол – қандас қазағымыз. 30 жылда бір миллион қандас тарихи отанына оралса, кінәратты есек арбамен жылжыған «Нұрлы көш» бағдарламасынан іздемедіңіз бе? Жер шарында шашыраған 5-6 миллиондай қазақ қандасты түгелдей елге әкелгендей айтыпсыз. Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, халқы аз мемлекет үшін аса қажет. Келе берсін, көбейе берсін, оларды мемлекет түгелдей қамтуы керек. Оған табиғи ресурсымыз жеткілікті. Табиғи қазба байлыққа бай мемлекеттің байлығын талан-таражға түсіріп, жеті атасы түгілі өз атасында соншама байлық болмағандарды, ұрлап тонап жатқанды неге көрмейсіз? Солардың бәрі айналаңда өріп-өніп, елді «сорып» жүргендер солар емес пе?
    Жарайды, миллион қандасты елге көшірдік дегенде, күні кеше тарихи отанынан пана іздеген қазақ қызы Сайрагүл Сауытбайдың өзіне пана бола алмадыңыздар ғой. Пана болып, өз елінің азаматы болуға құлшынып тұрған қазақ қызын көкірегінен кері итердіңіздер. «Мемлекеттен ештеңе керек емес, ештеңе сұрамаймын, тек отанымнан азаматтық беріп, отбасымның қасында қалдырса да жетеді» деген ананың жанайқайын тыңдап, оң шешім шығарып, елдің бір бұрышынан пана беруге құзірет сізде болып еді ғой. Сондықтан, жоғарыда өзің айтқан миллионның әлеуметтік жағдайы қазір қандай күйде екенін құдай білсін. Не сұраса да, халықтың толықтай құқығы бар. Себебі, бұл атамекен жеріміз – тарихи отанымыз! Мына биліктің, бар-жоғы 18 миллион халықты 30 жыл бойы жарылқай алмауы, қомағай, ұры жүйенің шектен шыққан ашкөздігін айтсаңшы.»-, деп жазды парақшасында

Пікір қосу