Нұрекең 1995 жылдан бастап Конституция өзгергеннен кейін жағымпаздарымыздың арқасында толық өзгеріп кетті. Әуелі қазақты «жалкаусыңдар»- деді, одан кейін » жалқауларға мемлекеттің баспана»- бермейтіндігін айтты, «прихватизация» кезінде ауылды жоқ қылып, қалаға тентіретіп еді, енді сол ауылды «паразиттерге» айналдырды, аналарға демографияны, айтып халқымыз санын көтерелік деген сияқты еді, енді «ойланбай, жоспарламай неге туасыңдар, бер-берден басқа ештеңе білмейсіңдер»- деп жатыр. » Мемлекет қаражатты қайдан алады»- дейді, Қазақстан жер асты байлығының қайда кетіп жатқанын айтпайды. Тек қана мұнаймен күн көретін Норвегияның ұлттық қорында 882 000 000 000$-дан астам, ал әр азаматының сол мұнай дивидендісінен есеп шоттарында 100 000 астам долларлары бар екенін айтпайды, біздің ұлттық қорды шетелге шығарып 22 000 000 000 бұғаттаттындырғанын айтпайды. Тек біздерге тегін ақыл айта береді, дүниедегі ең жеңіл нәрсе ақыл айту екенін біле ме екен бұл кісі. Міне мен де ақыл айтып отырмын… Ойланайық қазағым, биліктегілерде ойлансын, «мешкей» деген жақсы ат емес, ақыл болса да, сөгіс түрінде ести берген жақсы емес, қалай ойлайсыздар, а..?

Пікір қосу