1. Пабло Пикассо сурет салуды ерте, бала кезінен бастаған. Ең алғашқы суретін 8 жасында салған — «Пикадор».
2. Испандық дәстүр бойынша Пабло ата — анасының бірінші тегі бойынша екі тегін алды: әкесі — Руис және анасы – Пикассо. Шоқындыру кезінде алынған толық аты Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидад Мартир Патрисио Руис және Пикассо.Картинки по запросу пикассо
3. Терминдік «кубизм» бағытының негізін қалаушылар Пабло Пикассо, Жорж Брак мен Хуан Грис, өнертанушы және көркем сыншы Луи Вокселем (Louis Vauxcelles) болды. Өз мақалаларының бірінде ол Пикассо мен Жорж екеуінің жұмысы «керемет кубиктерге» толы екенін атап өтеді.
4. Пикассоның бірінші әйелі орыс балеринасы Ольга Хохлова болды, олар Сергей Дягилевтің «Парад» сюрреалистік балетінің қойылымына дайындық кезінде танысты. Бірлескен некеден Пауло атты ұлы бар.
5. Пабло Пикассо тек суретші ғана емес, мүсінші, керамист, сценограф, ақын, драматург, жазушы және дизайнер болған.Картинки по запросу пикассо
6. Пикассо Ла-Лонхт әсем өнер мектебіне қабылданғанда, оның жасы небәрі 14-те болған. Ол оқуға түсу үшін тым жас болса да, әкесінің талабы бойынша оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Студенттердің көпшілігі бір ай дегенде емтихан тапсырып түссе, Пабло бір аптада тапсырған.
7. Нацистік офицер Пабло Пикассоның «Герника» суретін көргеннен кейін, ол суретшіден, «Мұны сен жасадың ба?» деп сұрағанда, Пикассо: «Жоқ, мұны сен жасадың» деп жауап берген екен.
8. Герника атты атақты суретін салуға Испанияның Герника қаласын нацистік Германия құрамына кіретін ВВС люфтваффтің бомбалауы себеп болыпты. Сол кезде Герникаға 3 сағат ішінде бірнеше мың бомба лақтырылып, нәтижесінде қала зым-зия жойылды. Пикассо «Герниканы» тек бір айда салып шыққан.
9. Пикассо атауы бірнеше коммерциялық өнімдерде қолданылған, соның ішінде автомобиль (Citroen Xsara Picasso), парфюм (Cognac Hennessy Picasso) және оттықтар (зажигалки) (ST Dupont Picasso). Пикассоның мұрагерлері оның атына қатысты Зияткерлік меншік туралы заңдар бойынша үнемі таласып келеді.Картинки по запросу пикассо10. Пикассо 1917 жылдан 1924 жылға дейін көптеген балеттерге арналған перделер мен декорациялар және костюмдер жасады. Сол уақытта оның ол жұмыстары нашар қабылданғанымен, бірақ қазір олар сол уақыттағы өнердегі прогрестің символы болып саналып, жоғары бағаланады.
11.
Пикассо жаңа туған кезде өте әлсіз, нашар туылғандықтан, тудырған медбике оны өлі туылды деп ойлап жанында тұрған үстелге қоя салады. Бәрін бақылап тұрған үлкен ағасы қолындағы сигарасымен, кішкентай Пикассоның бетіне келіп түтінін үрлеп қалғанда, әлсіз жатқан Пикассо шыр етіп жылап қоя берген екен.
12. Пикассо жұмыс істеп отырған бір күні: «Жақсы суретшілер көшіреді, ұлы суретшілер ұрлайды» деген екен. Кейін бұл фраза суретшінің атақты нақылдарының біріне айналады.
13. Лондонның Art Loss Register ұйымының ұрланған суреттер туралы деректердің негізінде Пабло Пикассо суреттері ең көп қолды болған суретшілердің тізімін басқарады.
14. Пикассо американдық жазушы Гертруда Стайнды өзінің ең жақсы, жалғыз досы болды деп санаған. Оның достығы мен қолдауы оған айтарлықтай әсер етті.Картинки по запросу пикассо15. 2015 жылы «Кристис» аукционында ашық сауда-саттықтан сатылатын өнер туындыларына арналған көрмеде жаңа абсолютті рекорд орнатылды -Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері (о нұсқасы)» картинасы рекордтық 179 мың долларға сатылды.
16. 2009 жылы «The Times» газеті 1,4 млн оқырман арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде Пикассо соңғы 100 жылда өмір сүрген ең үздік суретші деп танылды.

17. Паблоның екінші әйелі Жаклин Рок болды, олар некеде 11 жыл болды. Пабло Пикассо Жаклинмен 1953 жылы танысқан, ол кезде Жаклин 26 жаста, ал ол 72 жаста болған екен. Жаклин өзімен кездесіп тұруға келісімін бергенше Пикассо оған жарты жыл бойы күн сайын 1 тал раушан гүлін сыйлап отырған. Олар 1955 жылы Пикассоның бірінші әйелі Ольга Хохлова қайтыс болғаннан кейін 6 жыл өткен соң үйленеді.
18. Пабло Пикассоның некесіз туған үш баласы болды: Мария-Тереза Вальтерден қызы Майя, Франсуазадан ұлы Клод пен қызы Палома болды.Картинки по запросу пикассо19. Пикассоның ең бірінші тілі шыққанда айтқан сөзі «piz, piz» болды, ол испан тілінен аударғанда «қарындаш» дегенді білдіреді екен.
20. 1998 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес Пикассо әлемдегі ең көп еңбек қалдырған суретшілердің бірі болып табылады. Ол 78 жылдық мансабында 13 500-ден астам сурет, 100 000 гравюралар, 34 000 кітап иллюстрациялары, 300 керамикалық және мүсін жұмыстары – барлығы 147 800-ден астам өнер туындыларын жасады.
21. 1973 жылдан (суретшінің қайтыс болған жылы) Француаза Жило деген көңілдесі өзінің Пикассодан туған Клод және Палома деген балаларымен бірге суретшінің екінші әйелі Жаклин Рокпен Пикассоны психикалық ауру болды деген негізде оның мүлкін даулауға тырысқан. Соңында тараптар 1985 жылы ашылған Париждегі Пикассо мұражайын құру туралы уағдаласты.Картинки по запросу пикассо22. 1927 жылы Пикассо 17 жасар Мария-Тереза Вальтермен танысып онымен жасырын кездесу бастайды. Суретшінің бірінші әйелімен некесі ажырасумен емес, араның суып кетуімен аяқталған. Өйткені француз заңы ажырасу жағдайында меншіктің екі жаққа теңдей бөлінуін талап етеді, ал Пикассо Хохлованың өз байлығының жартысына ие болғанын қаламады. Мария-Тереза Вальтер Пикассоны өмір бойы өзіне үйленеді деген үмітпен өмір сүрді. Ол Пикассо қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан кейін асылып қайтыс болды.
23. Бала Пабло католик шіркеуінде шоқындырылған, кейіннен ол атеист болды.
24. 2012 жылғы зерттеу бойынша, жоғалған өнер туындылары бойынша әлемдегі ең ірі тізім (Art Loss Register (ALR), 1 147 Пабло Пикассоның жұмыстары ұрланған деп саналады.

Пікір қосу