Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылардың жаңа оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің бұйрығы бойынша:
1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;

2) 1-сынып оқушылары — 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды; — күзгі каникулдар — 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн); — қысқы каникулдар — 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн); — көктемгі каникулдар — 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн);

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі — 3-9 ақпана аралығында (жеті күн). Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Пікір қосу