Тесла – ғалым деген түсінікке мүлдем кереғар тұлға. Сондықтан да ол кітапхананың шаңын қаққан өз заманындағы ең ақылды адамдарға қарсы шықты. Ал сол кезде көптеген ғалымдар: «Тесланың көріпкелдік қабілеті бар, өзі айтып жүрген пікірлерін сыртқы күштермен байланыс жасау арқылы білген» деген дақпырт таратты. Тіпті «жындының сандырағы келеді» деген рас, бұл жай ғана сәйкестік» дегендер де болды. Алайда Тесла көптеген құпиялардың сырын ашып, бұрын әлемнің қалай пайда болғаны туралы болжамдарға қызықпаған жандардың қызығушылығын оятты. Қазір ғалымдардың көпшілігі «Тесланың ойлары терең зерделеу мен теориялық тұжырымдар нәтижесінде өмірге келген» дейді. Осыдан 100 жыл бұрын адамдардың санасына сыймаған Тесланың ғылыми болжамдары бүгінде жаңа ғасырдың шынайы келбетіне айналды. Картинки по запросу тесла николаъ
Физик, инженер, өнертапқыш Никола Тесла 1856 жылдың 10 шілдесінде Австро-Венгрия империясында, қазіргі Хорватияның Госпич қаласының іргесіндегі Смилян ауылында дүниеге келді. Әкесі Милутин Тесла – дін қызметкері. Анасы Георгина (Джука) Тесла дін қызметшісінің қызы болатын. Тесланың ұлты – серб. Оның Милка, Ангелина, Марица атты әпкелері және Дане атты ағасы болған. Тесла бес жасқа толғанда, ағасы Дане аттан құлап қайтыс болады.
Деректерге қарағанда Тесла қатты найзағай болған түні туылыпты. Дәстүрлі наным-сенімге байланысты, оны босандырып алған кіндік шешесі найзағайды жамандыққа жорып, «қара түнектің баласы болады» депті. Бірақ та туған анасы оған қарсы шығып: «Жоқ, ол күн сәулесінің баласы болады» деп найзағайды жақсылыққа балапты.
Тесла бастауыш мектептің бірінші сыныбын Смилянда бітірді. Ал 1862 жылы әкесінің қызметіне байланысты оның отбасы Госпичке көшті. Тесла сол жақта бастауыш мектептің қалған 3 сыныбын бітіреді. Одан кейін үш жылдық гимназияны 1870 жылы тәмамдады. Сол жылдың күзінде Карловац қаласындағы жоғарғы реалды мектепке түседі.Картинки по запросу тесла николаъ

1873 жылы шілдеде орта мектепті бітірді, атасы оның университет оқуын қалады. Бірақ ол атасының өтінішіне қарамастан өз үйіне қайтып кетті. Алайда ауылға келе салысымен жұқпалы дертке шалдықты. Дегенмен құнттап емделудің арқасында тез сауғып кетті. Көп өтпей аурудан айыққан Тесла әскерге шақырылды. Десе де туыстары оны «аурудан толығымен жазылмады» деп, әскерге жібермей қояды.
Тесла 1875 жылдың жазында ғана таудағы шағын қыстақтан шығып, жалғасты білім жолын іздеді. Сол жылы ол Грацтағы жоғарғы техникалық мектепке (қазіргі Грац техникалық университеті) түсті. Ол оқуға бар зейін-зердесімен кірісті. Зертханалық жұмыстардың бірінде айналмалы тоқ қолданатын машиналарды өндіру туралы ойын ортаға салады. Бірақ профессор Яков Пешль оның ойын сынға алып, бүкіл сынып алдында айналмалы тоқты қолданудың мүмкін еместігі туралы лекция оқып береді. Алайда Тесла өз ойын дәлдей түсу үшін көптеген зертханалық тәжірибелер жасады. Бірақ оның айналмалы тоқ туралы көзқарасын ешкім құптамады.
Үшінші курста Тесла құмар ойындарына салынып, анасынан жиі ақша сұрайтын. Ал анасы оған ақша тауып беру үшін үнемі құрбыларынан қарыз алатын. Тесла өз естеліктерінде: «Құмар ойнауды тек қана ермек емес, сонымен бірге алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін де өз мүмкіндігімді сынап көргім келетін» деп жазады. Бір қызығы ол ұтып алған ақшаларын көбінде өз иесіне қайтарып беретін. Сондықтан өзгелер оны «әпенді» деп те атайтын. Жақындарына қарызданып біткен анасы Теслаға: «Құмар ойнағаныңды доғар», – деп жалынды. Кейін ол анасының тілегін жерде қалдырмай, құмар ойнауды тастап кетті.
1879 жылдың 17 сәуірінде Тесланың әкесі қайтыс болды. Осыдан кейін ол Госпичтегі өзі оқыған гимназияға мұғалім болды. Бірақ оған бұл жұмыс ұнамайтын. Сондықтан ол жалақысы жақсы жұмыс істеу үшін 1880 жылы Прагаға келді. Бірақ жөнді жұмыс табылмады. Одан соң жалғасты жоғарылап оқу мүмкіндігін қарастырды. Сөйтіп сол жылы Тесла Прага университетінің философия факультетіне оқуға түсті. Бірақ та университетте бір ғана семестр оқып, қаражатын төлей алмағандықтан тастап кетті.
Тесла 1882 жылға дейін Будапешттегі телеграфтық компанияда инженер-электрик болып жұмыс істеді. Ол компания телефон желілерін жүргізу және телефон станцияларын салу жұмыстарымен айналысатын. Ол телеграф компаниясында істей жүріп жаңа электрқозғалтқыш ойлап тапты. Бұл оның тұңғыш өнер табысы еді.
Телеграфтық компаниядағы жұмыс Теслаға айнымалы тоқтағы электрқозғалтқышты жасауға мүмкіндік бермеді. Алайда ол ізденісін жалғастыру үшін жұмысын ауыстыруды жөн көрді. Сөйіп 1882 жылдың соңында Париждегі Томас Эдисонның (Continental Edison Company) компаниясына жұмысқа орналасты. Бұл компанияның негізгі жұмыстарының бірі Страсбургтегі теміржол бекетіне электростанция құру болатын. Сонымен 1883 жылы компания Тесланы Страсбургқа жаңа теміржол станциясына жіберді. Ол Страсбургте жарық беру жұмысында туындаған мәселелерді шешумен

Дайындаған Ерзат Асыл

«Жұлдыздар отбасы» журналы, 2019 жыл №15

Пікір қосу