Инженерлік-саперлік бөлімшелер Арыстағы арсенал тұрған жердің территориясында (тыйым салынған аумақ) оқ-дәрілер қалдықтарын жинау кезінде бір снаряд жарылып, соның нәтижесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілді.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелердің жұмыстары аяқталғанша оқ-дәрілер арсеналының аумағына жақындауға тыйым салынғанын ескертеді.

Пікір қосу