Белгілі саясаткер фэйсбук парақшасында елімізде жиі ғаламтордың бұғатталуына байланысты өз пікірін білдірді.

Чеховтың бір әңгімесінде бала Ванька деревнядағы атасына өзін алып кетсін деп хат жазады. Ол хатында бәрінің өзіне тиісетіндігін айтып, енді шыдай алмайтынын жеткізді. Мен бұны біздің еліміздегі интернетті бұғаттауға байланысты айтып отырмын. Бізде үнемі интернет бұғатталады. Бұл мәселені Дональд Трампқа немесе Еуро Одаққа, БҰҰ-ға айтып көру керек еді. Бірақ одан нәтиже болар ма екен?! Олар біздікілерге ескерткенімен, біздікілер оларға Қазақстанда ешқандай бұғаттау сипаты жоқ деп құтыла салар. Мүмкін, Илон Маскқа хат жазып, біздің елімізді өзінің спутниктері арқылы интернетпен қамтамасыз етуін сұраймыз. Не дегенмен, жер аумағымыз үлкен (9-орын). Оған хатты фейсбук арқылы жазып, Марк Эдвард оған жеткізсе болады.
Ұйықтап жатсам да интернетті бұғаттайды, оянсам да бұғаттайды, қалғып баратсам да бұғаттайды. Қысқасы, мен ояндым.

Пікір қосу