Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жергілікті уақыт бойынша 14:12-де Владимир Зеленский ресми түрде Украина президенті болды. Ол :оғарғы раданың таратылатыныy мәлімдеді. 13:50-де инаугурация ақталды. «Мен Украина Конституциясы мен Украина заңдарын ұстануға, өз міндеттерін отандастардың мүдделеріне сәйкес орындауға міндеттенемін», — деді Зеленский.

30 сәуірде Зеленский ресми түрде президент сайлауында жеңіске жетті. Екінші айналымда ол үшін дауыс берушілердің 73,22 пайызы қолдаған, ал Петр Порошенкоға — 24,45 пайыз. Зеленский бес жылға сайланды.

Пікір қосу