Алматы марафоны кезінде «От правды не убежишь» деп жазылған плакат ілгені үшін Ася Тулесова мен Бейбарыс Толыбековты 15 тәулікке қамау үкімі өзгеріссіз қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Алматы қалалық сотында марафон кезінде ұсталған екі адамның аппеляциялық арызы бойынша тыңдалым өтті.

«Аппеляциялық инстанцияда сот шешімімен 21 сәуірде әкімшілік сот шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, арыз қанағаттандырылмад», — деді судья.  Плакатпен акция үшін қамауға алынғандар істі тоқтатып, босатуды сұрады.  «Мен өзімді кінәлімін деп ойламаймын. Мен босатуды сұраймын. Біз досымыз екеуіміз марафон қатысушыларына қолдау білдіргіміз келді. «От правды не убежишь», «У меня есть выбор» сөздері жазылған плакатты жайып, әділ сайлау өткізу үшін марафоншылардың назар аударуын қаладық», — деді Ася Тулесова.

Пікір қосу