Экономист Меруерт Махмұтова өзінің фэйсбук парақшасында қазіргі таңда заңды қазақ тілінде жаза алатын заңгерлер керектігін алға тартты.

-«Бізге қазақ тілінде заң жаза алатын заңгерлер қажет. Сонымен қатар қазақ тілінде жазылған заңдарды оқып, талдай алатын да депутаттар керек. Үштілділік бағдарламасын енгізу әрекеттеріміз біздің білім саламызды құлдыратып жатыр. Каха Бендукидзе Free University-дің негізін қалаған кезде: «Дәрістер ағылшын тілінде өтілуі керек. Сол кезде оқу орындарын әлемнің түкпір-түкпірінен ашатын боламыз деп ойладым. Бірақ, біз Грузиядағы элитаны тәрбиелеу ісімен айналысатын болсақ, ағылшын тілінде сөйлейтін университетті құру бұл мәселені шешпейтіндігін түсіндім. Сол себепті грузин тілінде оқыту өте маңызды. Әйтпесе, шет тілінде бакалаврды оқыған азаматтар өз ана тілінде жетік сөйлеуден, өз саласын түсінуден қалады. Мен көптеген Германиядан оқып келген білікті заңгерлерді кездестірдім. Алайда олар грузин тілінде заң жазуға қауқарсыз», – деген еді.»,- деп жазды ол.

Пікір қосу