11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады. Алайда споршы қыздың не себепті дүниеден озғаны белгісіз. 

Спортшы 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында туған. Қазақстан чемпионы атағын екі мәрте жеңіп алып, 2017 жылы Ташкентте өткен гран-при турнирінде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Ақтауда өткен Азия кубогында күміс медаль жеңіп алған.

Редакция  спортшының жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Т

Пікір қосу