Журналист Ирина Петрушова Украинадағы сайлау науқаны туралы өзінің ой-пікірін әлеуметтік желі де білдірді. Журналистің пайымдауынша, Зеленскийдің сайлау барысында айтқан тезистері, Украинаны қалай көретіндігі өте ұтымды, тіпті мұндай тезисті қазақстандықтар да қолдайтындығын алға тартты.

«Владимир Зеленский өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында Украинаны қалай көретіндігін айтып берді — ол елді — бизнесті тез ашуға, паспортқа ие болуға мүмкіндік беретін ел, және әрқайсысы лайықты жалақы мен зейнетақы алатын, ал жемқор шенеуніктер қамалатын ел деп сипаттады. Төменде оның тезистерінің кейбіреуі (барлығы жоқ). Менің ойымша, олардың көбісі Қазақстанға да керек.

1.Демократия референдум арқылы    

Зеленский егер ол осы сайлауда жеңіске жетсе, тек белгілі бір мерзімге ғана бұл орында отыратындығын айтты. Және оның алғашқы президенттік жобасы — халық билігі болмақ.

2.Адам- ең басты байлық                                                                               

Зеленский адамның қадір-қасиетін құрметтеу мемлекеттің басты қағидасы болуға тиіс, ал реформалар тек бірнеше отбасыға ғана емес, әрбір адамға пайда әкелуі керек деп есептейді.

3.Әділеттілік. Заң алдында барлығы тең құқылы                           

Зеленский барлық адамдардың тең құқыққа ие болатындығын және барлығы Заң алдында әділетті болуын қамтамсыз ететіндігіне уәде берді. Ол ең алдымен өзінен бастайтындығын айтты. Ол үшін бірнеше заң қабылдамақ: Украина Президенті, министрлері мен депутаттарының «қасиетті мандатын» асыра пайдаланып, халықтан бір саты жоғары тұруын жою. Сонымен қатар, парламенттік сайлауда тізімді ашық түрде жариялап сайлау өткізуді, және халықтың сот төрешілеріне деген сенімін қайта ұялатуды мақсат етіп отыр.

4.Ауқатты азамат — гүлденген мемлекет                                                   

Зеленский төмендегі өзгерістерді енгізе отыра, әрбір украиналықты бай, ауқатты етуге уәде берді:

а) Бизнес бастауда «нөлдік декларацияны» енгізу.  Яғни, әрбір кәсіпкердің 5% -ы өзінің табысын декларациялап, заңдастыра алады, ал алынған қаражат мұқтаждарға арналған тарифтерді төмендету үшін пайдаланылатын болады;
б)  Пайдаға салынатын салықты, алынатын капитал салықпен ауыстыру. Бұл әкімшілік қысымын азайтады;
в) Экономиканың детенизациясы және бәсекелестіктің еркіндігі;
г) Отандық өндірісті дамыту;
д) Ұзақ мерзімді, қолжетімді несие;
е) Ашық жер нарығын қалыптастыру;
ж)Мемлекеттің  өзінің энергетикалық ресурстарына көшуі;                                          з) Украинаның экономикалық төлқұжатын енгізу — әрбір украиналыққа туған күнінен бастап, мемлекеттің пайдалы қазбаларынан түскен пайданың белгілі үлесі жеке есепшотына түсіп, кейін ол азамат он сегіз жасқа толғанда өз бизнесін бастауға жеке капитал ретінде өзіне беріледі.

5. Жемқорлықпен күрес емес, оны жеңу.

Зеленский адал шенеуніктерге лайықты жалақы, жоғары әлеуметтік мәртебе және мемлекеттік сақтандыру тағайындайтынын, ал пара алатындарды — жазалайтындығына кепілдік береді.

6. Денсаулығы мықты әрі білімді ұлт
Бұл кандидат мұғалімдер мен дәрігерлерге лайықты жалақы беріп, мектептер мен емханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге уәде берді. Сондай-ақ сақтандыру медицинасын енгізу, ал табысы төмен азаматтар үшін сақтандырудың негізгі деңгейі мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

7. Ыңғайлы мемлекет

Зеленскийдің сөзінше, Украина барлық адамдарға өмір сүруге ыңғайлы ел болуы қажет. Ол үшін:
1. жастардың тұрғын үйді несиелеу бағдарламаларын қалпына келтіру;
2. жас кәсіпкерлерге — мемлекеттік қолдау және салыққа жеңілдіктер беру;
3. үлкен жастағы азаматтарға, лайықты зейнетақы беру;
4. пайда мен субсидияларды монетизациялау;
5. инфрақұрылымды күрделі жөндеу және құрылыс т.б.

8. Электронды ел
Әрбір украиналықтың ғаламторға мүмкіндігі болу. Ғаламтор арқылы саяси мәселелерді даусын бере алады: референдумда сайлау секілді.

Әрине, бұл жоспардың барлығын орындайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды, алайда шындыққа жанасатын, қолдан келетін дүниені айтып отыр «,- деп сөзін қайырды Ирина Петрушова.

 

 

Пікір қосу