Журналист Сергей Дуванов уақытша Президент Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізудің нақты себептерін атап көрсетпегендігін алға тартып, өз тарапынан бірнеше себептерді пайымдады.

-«Бірнеше ай бұрын Назарбаев кезектен тыс сайлау болмайды деп уәде берген еді. Сайлау Конституция бойынша қойылған  мерзімде өтеді деген. Сонда Назарбаев тағы да уәдесінде тұрмағаны ма? Қазақстандықтарға тағы бір мәрте сайлау спектаклін өткізбекші. Шын мәнінде келесі мұрагер алдын-ала нақтыланып қойылған. Ал сайлау бұл жай ғана формалды процедура. Және біздің сайлауға қатысуымыз да бос нәрсе. Бұл таңдаусыз сайлау секілді.

 Тоқаевтың мәлімдемесінде бар айтқаны: бізде бәрі жақсы, енді белгісіздікті жою үшін кезектен тыс сайлау өткізу керек.

Яғни, кезектен тыс сайлау өткізудің нақты себептерін, қажеттілігін  атап көрсетпеді.  Бұрын әйтеуір бірнеше себеп, сылтаулар келтіретін. Ал қазір тіпті не себепті екендігін түсіндіруге де тырыспайды.

Кезектен тыс сайлау өткізудің себебі былайша секілді. Елбасы өзі өмірден озған соң, дайындап қойған мұрагері үлкен бәсекелестікке шыдамай тақтан айырылып қалама деп қорқатын секілді. Бұл оған ұнамайды, бұл жағдайда қауіп бар.

Сондықтан Назарбаев қолында күш бар кезде, президенттік өзі толық сенім білдіретін адамды тастап кеткісі келеді. Сол себепті өзіне төніп тұрған қауіптерді жоюға тырысып жатыр. Мүмкін ізбасарлары арасында Дариға Назарбаева және Косым-Жомарт Тоқаев бар. Дәлірек  президенттікке кандидаттарды ұсыну кезінде айқын болады»,- деді журналист.

Пікір қосу