Атом электр станциясын Қазақстанда салу жоспарына саясаттанушы Досым Сәтпаев та өз пікірін білдірді.

-«Ресей үшін АЭС тек экономикалық емес, сонымен қатар саяси мәселе. Себебі Ресей атомдық реакторды басқа елде салғызып, ол елге әртүрлі міндеттемелерді артып қойып, қызмет көрсету мен техниканы тек Ресейден сатып алатындай етпекші. Ресей Қазақстанға ұсынып отырғанын Өзбекстан елінде де іске асыруда. Олар Өзбекстанда Ресейдің араласуымен 2022 жылы Бангладештегі сияқты АЭС салмақшы. Бұл жоба шамамен 11 миллиард долларға бағаланып отыр.  Қаржыландырудың негізгі бөлігін Ресей өз мойнына алып, Өзбекстанға қарыз бермекші. Сөйтіп, оны ұзақ жылдар бойы өзіне қарыздар етіп қоймақ. Өзбекстанның жағдайы, мәселесі түсінікті. Олар газ экспортын кеңейтіп, атом электр станциясын салу арқылы газды тұтынудың ішкі көлемін азайтпақшы. Ал Қазақстанға келсек, ойланбай ұсынылған осы идеяны және тек қана Ресей атом реакторларын мүдделі біреулер әдейілеп тықпалап отырғандай. Қазақстан Өзбекстан еліне қарағанда мұнай экспорттайды. Енді логикаға салсақ, біздің ел газдан электр энергиясын өндіріп, елді түгелдей газбен қамтамасыз ету керек еді. Еліміздегі газ қоры- 3,3 трлн м3. Егер атом энергиясынан басқа ештеңе ойлап таба алмаса, онда бүкіл әлемге жар салып «жасыл энергия» деп айғайлап, қыруар қаражатқа түскен ЭКСПО-ны өткізудің не керегі бар еді?»,-деп жазды.

 

Пікір қосу