Украинада президенттікке сайлау өтіп, актер Зеленский көш бастап тұр. Оның басты қарсыласы Петр Порошенко дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға тұрақтаса, Юлия Тимошенко алғашқы үштікке енді. Осылайша, сәуірдің 21 күні өтетін сайлаудың ақтық сынына Зеленский мен Порошенко түсетін болады. Сонымен Украина халқының басым көпшілігі дауыс берген Зеленский кім?

Владимир Зеленский — 1978 жылы 25 қаңтарда Кривой Рог қаласында дүниеге келген. Ол украиналық шоумен, актер, режиссер, продюсер, сценарист, қоғамдық және саяси қайраткер. «Квартал-95» студиясының негізін қалаушы және лидері.

Анасы- Римма Зеленская, зейнеткер. 40 жыл инженер болып қызмет атқарған. Ал әкесі Александр Зеленский, математик, программист, профессор, Владимир оқыған жоғары оқу орнында оқытуышы, иформатика кафедрасының меңгерушісі. Әкесі 20 жыл Моңғолияда тұрып, Эрденет қаласында тау-кен байыту фабрикасын салған.Картинки по запросу зеленский

Балалық шағында Владимир Зеленский төрт жыл Моңғолияда тұрған. Кейін Кривой Рог қаласының орталығына көшіп келеді.Сол қаладағы №95 мектепте оқыды. Кішкентай кезінде грек-рим күресі, бал биімен айналысқан. Баскетбол, волейбол ойнаған. Пианиноны меңгерген. Мектеп ансамблінде гитарист болған. 16 жасында Израильде оқуға грант ұтып алған. Алайда әкесі  ол жаққа оқуға жібермеген. 1995 жылы мектепті төрт бағасымен аяқтаған. Мектепте дипломат болғысы келіп, МГИМО-ға түсуге дайындалған. Бірақ ол Киевтегі ұлттық  экономикалық университетке оқуға түсіп, құқық саласын меңгеріп шығады. Алайда екі айлық тәжірибе уақытын санамағанда, ол ешқашан өз мамандығымен жұмыс істеп көрмеген.Картинки по запросу зеленский

Отбасы

Әйелі Елена Зеленская- «Студии квартал 95» авторы. Екеуі мектеп кезінен таныс. Бір ұлы, бір қызы бар.

 

 

 

 

 

Пікір қосу