Әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова ресейлік депутат Равиль Хуснулинді
сотқа беретіндігін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.

«Спорткраса-2019″ халықаралық сұлулық және спорт фестивалін ұйымдастырушы комитеттің төрағасы, РФ Думасының депутаты Равиль Хуснулинді сотқа берейін деп жатырмыз. Қазір адвокатпен кеңесу үстіндеміз, алдағы уақытта толығырақ хабарлаймыз. Фестиваль продюсерлері Инга Першина мен Александр Александровқа алғыс айтамын. Бірақ Равиль Хуснулиннің әрекеті бізді қорлады!», — деді.

Алайда нақты депутат спортшыны не деп қорлағаны, және спортшының нақты не себеппен сотқа беріп жатқандығы әлі белгісіз.

Пікір қосу