Көкшетаудағы үйлер мен көшелерді су басты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

  «Бүгін 04.50-де Қылшақты өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп кетті. Өзен жағалаудан өтіп, Көкшетау қаласындағы алты үй мен 12 аула учаскесін басып тастады. Қазір инженерлік жұмыс істеліп жатыр, яғни, Қылшақты өзенінің жағалауына топырақ төгіліп, үйлерден су тартылып жатыр. Су деңгейі төмендеді», — деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

«Қылшақты өзенінде су деңгейі қатты көтеріліп кетті. Өзенге қосылған судың бір бөлігі Кенесары тоғанынан келген. Ал басым бөлігі Ивановский тоғанынан қосылған. Біз су тасқынының қаупін жойып, Көкшетау қаласына тиюі мүмкін зақымды азайттық», — деді брифингте Ақмола облысы ТЖД басшысы Алексей Советов. 

 

Пікір қосу