Нұр-Сұлтан қаласында үш қоғамдық көлік қақтығысып, бір жолушы мен көлік жүргізушісі қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.

Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  «Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушы қаза болды. Оқиға орнында дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп, задап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

 

Пікір қосу