Салмақ тастау әрбір қыздың, тіпті жігіттердің де арасындағы өте үлкен мәселе болып саналады. Ол тек әдемі фигура үшін ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін де маңызды. Қазіргі таңда артық салмақтан арылу үшін адамдар сан түрлі диеталарға жүгінеді. Алайда оның барлығының пайдасы тие бермейді. jas.kz сайты адамдардың дие ұстау барысында жіберетін қателіктерін тізіп шықты. Ендеше, оқи отырыңыздар.

Егер сіз шынында аз жеймін деп шешсеңіз, онда қарныңызды ашырмауға тырысыңыз. Бір аптада бір келіден артық арықтау қауіпті. Қарама-қарсы жағдайда салмақтан арылу денсаулыққа зиянды болады. Яғни, барлық зат алмасу процесі бұзылып, жүрек пен мидың жағдайы қиындайды.

Егер азу процесі тым жылдам орын алса, онда ағза өз-өзінен май жинай бастайды. Яғни, адамның ішкі ағзасында адам еркінен тыс “қорқыныш” пайда болады. Бұдан кейін құлшыныс артып, тез толып кетуіңіз де мүмкін.

Егер бір айда төрт келіден де көп салмақ тастасаңыз, онда организмнің өз-өзінен ыдыраған заттар әсерінен улану мүмкіндігі зор болып шыға келеді. Бірақ, үсті-үстіне ерекше қарқынмен спортпен айналыссаңыз, онда ыдыраған өнімдер жылдам шығып кетеді. Бұл өз кезегінде қан айналымы мен тыныс алу қарқынының жылдамдауымен байланысты.Картинки по запросу диета

Салмақтан арылуға арналған дәрмектер тізімі өте шектеулі. Тек екі-үш дәрі ғана белсенді түрде пайдаланылады. Бұл дәрілер салмақты бір жылда тек 8 пайызға дейін ғана төмен түсіре алады. Бірақ, оларды пайдалану арқылы ұйқысыздық, артериялық қысым, жүйкенің тынышсыздануы, ішектердің бұзылуы, жүректің айнуы секілді жайсыз жағдайларға ұрыну ықтималдылығы өте жоғары.

Ең абзал тәсіл – калорияны өзіңе қабылдағаннан гөрі, оны таратуға күш жұмсау керек.

Пікір қосу