– Серікбол, бүгінде сіздің орындауыңыздағы әндер өз тыңдарманын тапты. Егер әнші болмағанда кім болар едіңіз?
– Әнші болмағанда ұшқыш болар едім (күлді). Мүмкін, биші болар ма едім? Әйтеуір, өнердің айналасында жүретінім анық. Сахнаның киелі екенін бала кезден-ақ сезінгендіктен мен сол кездің өзінде өзімнің өнер адамы боларымды іштей ұғынғанмын.
– Әнге деген қызығушылығыңыз неден бастау алды?
– 9-сыныпта колледждер арасындағы жоғары деңгейдегі ән байқауына қатысып, 1-орынды иелендім. Содан бастап өнерге деген құштарлығым арта түсті. Содан кейін Алматыға келіп Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде әйгілі Лаки Кесоглу класынан үш жылдай білім алдым. Тіпті қазір «әнші болу үшін білім қажет емес» дейтіндер бар, бұл – қате пікір.Картинки по запросу серікбол сайлаубек
– Үлкен сахнаға шығуыңызға кімнің ықпалы болды?
– Алдымен Алланың берген талантына адал болуды басты мақсат еттім. Ал өнер жолында сүрінбеуіме ықпал етіп, маған әрдайым қолдау көрсеткен – анам, жақын туыстарым мен достарым.
– Сіз қандай әкесіз?
– Әрине, әнші болған соң көп уақытымды шығармашылыққа арнауға тырысамын. Дегенмен, балаларыма арнайы көңіл бөлемін. Менің қандай әке екенімді балаларым кезі келгенде айта жатар. Өзімді бақытты әке санаймын, себебі екі ұл, екі қызым бар. Мені балаларымның болашағы алаңдатады, солардың ешкімнің ала жібін аттамайтын адал адам болып қалыптасуы үшін күш жұмсаудамын. Негізінен, балалардың тәрбиесіне атасы мен әжесі, анасы қарайды. Бірақ бос уақытымның бәрін балаларыммен өткіземін. Себебі, балалар – біздің болашағымыз.Похожее изображение– Адам тұлға ретінде қалыптасуы үшін білім маңызды ма, әлде тәжірибе ме?
– Сұрағыңыз өте орынды. Білім кез келген адамға керек дүние, ол әркімнің ішінде қор ретінде жиналуы тиіс. Дегенмен, ел арасында «көп оқығаннан емес, көп көргеннен сұра» деген пікір де бар. Сондықтан, адам өмірінде білім мен тәжірибе қатар жүруі керек деп санаймын. Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап беретіні анық. Менің ойымша, білім мен тәжірибенің тізгінін тең ұстаған адам мақсатына адаспай жетеді.
– Еліміздің әр аймағында тегін концерттер өткізуді қолға алдыңыз. Осы туралы айта кетсеңіз?
– Шын өнердің парқын білетін қазақ халқы үшін не нәрсеге де дайын азамат ретінде мұндай концерттер өткізуді ел алдындағы парызым деп санаймын. Халықтың ақ ниеті мен батасын алып, шапағатына шомылып жүргенге не жетсін?! Бүгінге дейін еліміздің әр аймағында 125 тегін концерт бердік, бұл үрдіс дәстүрлі түрде жалғасын табады.
– Өз репертуарыңыздағы әндерге көзқарасыңыз қалай?
– Әндерімнің қайсысы қандай деңгейде екенін халық айтқаны дұрыс болар. Дегенмен, ең бастысы, шын көңілден жазылған әндер болғандықтан көрерменге ұнайтынын білемін. Жүректен шыққан ән өзге жүректерден орын алғаны шын бақыт. Картинки по запросу серікбол сайлаубек
– «Ең сұлу» әні біраз уақыт хит болды. Мұның қандай құпиясы бар?
– Расында да, осы әнім көп сынға ұшырады. Бірақ, соған қарамастан тыңдарманын тауып, көпшілікке ұнады. Әннің хит болуы шынайылығында деп ойлаймын. Жалпы қай әнді болсын барыңды салып орындасаң хит болары анық.
Ауқымды концерт өткізу – кез келген әншінің арманы. Бұл сіздің жоспарыңызда бар ма?
– Әрине. Көпшіліктің көңілінен шығатындай жақсы деңгейдегі концерт жасағым келеді. Ол алдағы күннің еншісінде.
– Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Әлия КӨПЖАСАР

(Толық сұхбатты  «Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жылдың №10 санынан оқи аласыздар)

Пікір қосу