Қоғам қайраткері, журналист, тарихшы Нағашыбай Есмырза қайтыс болды. Ол кісі Алматы қалалық сот залына барған сәтінде құлап, жан тапсырды. Бұл туралы сот залына болған журналист Әмірболат Құсайынұлы өзінің әлеуметтік парақшасында жазған. 

«Сотқа келген Нағашыбай Есмырза аға қалалық соттың залында құлап қалды. Дәрігерлер қырық минуттан аса арпалысса да ағамыз есін жимады», — деп жазған журналист.

Редакция ұжымы  марқұмның туыс-жақындарына көңіл айтады. Иманды болсын!

Пікір қосу