Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,55 долларға қымбаттап, 65,55 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,79 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,59 доллар болды.

 

 

Пікір қосу