‘Oréal компаниясының мұрагері Франсуаза Беттанкур Майерс әлемдегі ең бай әйел деп танылды. Бұл туралы zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті хабарлады.
Forbes журналының мәліметінше, Беттанкур Майердің байлығы 49,3 миллиард долларға бағаланады. Жыл бойы косметикалық компания табысының артуы арқасында ол 7,1 миллиард долларға табысты болды.
Беттанктур Майерс — L’Oréal компаниясының басшысы, сондай-ақ 1997 жылдан бері директорлар кеңесінің құрамында. Қазіргі таңда кәсіпкер мен оның отбасы компанияның 33 пайызына иелік етеді. Ол анасы Лилиан Беттанкур қайтыс болғаннан кейін өткен жылы әлемдегі ең бай әйелдердің тізіміне кірді.
Әлемдегі әйелдер арасында екінші орынды Walmart компаниясының негізін қалаушы Элис Уолтон иеленді. Үшінші орында — американдық кондитерлік фирмасының негізін қалаушы Жаклин Марс тұр.
Әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Франсуаза Беттокорт Майерс 15-орынға ие болды.

Пікір қосу