• Бекжан аға, әңгімеміздің әлқиссасын сізге маза бермейтін сауалдардан бастасақ…
  • Көңілдің күпті екені рас. Жоғалған өнер, ескірген дәстүр, шашылған білім, қомағай қоғам, өнегесіз өркениет…Бұл – есі бар адамды толғандыратын сұрақ. Ақселеу ағадан естіп едім: жердің бетінде қасиет тұтар үш ғажайып бар екен. Оның бірі – нан. Халықтың қарны тоқ, қабағы ашық, дені сау болуы үшін қажет. Екіншісі – әйел. Мәңгі өзіңмен жалғасып келе жатқан тіршіліктің тірегі. Үшіншісі – кітап. Уақыттың дәнекері, өмірдің сабақтастығын тек қана өрге сүйреуші. Ал енді еліміздегі барлық халықтың дені сау, қарны тоқ деп айта аласыз ба? Өз басым олай ойламаймын…

Жалпы қоғамның қадір-қасиеті алдымен адамды ардақ тұтумен өлшенуі керек деп ойлаймын. Біз – тұтынушы қоғам, дүниеқор, ақша алдына шыққан, рухани құндылықтар кейін қалған қоғам болдық. Ұлттық тәрбиенің тізгінін босатып, қазақтың дәстүрлі талғамынан көз жазып қалдық. Ылғи да айтып жүремін, адамзат салт-дәстүрдің құлы болған кезінде бақыттты өмірі басталады деп. Расында солай. Біз «дәстүрім – дәулетім, ғұрпым – ғұмырым, салтым – санам» деп өскен ұлттың ұрпағымыз. Баяғыда қазақ дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Ал қазір салтпен санасудан гөрі, заманнан қорқу, сырт көзден қаймығу басым. Салтымыздан жаңылып, ата-бабамыздан қалыптасып келе жатқан ұлтымыздың ең тамаша қасиеттерінің бірі болып табылатын, адамдар арасындағы жай ғана кісілік пен кішілік, туыс пен туған, еркек пен әйел қарым-қатынасының шырқын бұзып алдық. Сонда қазіргі балаларымыз жалтақ қоғамның жағымпаз адамдарынан қандай тәрбие алады? Оларға біздің көрсетер өнегеміз қайсы?..

Осы ойлар өзегімді өртеп, көңілге тыным, жүрекке маза бермейді.

  • Қарапайымдылығыңызға қайран қаламыз. Бұл қасиет қанмен беріле ме, әлде білімнен бе?
  • Қарапайымдылық қанмен келеді.
  • Десе де, өмірде ұтқаныңыз көп пе, әлде ұтылғаныңыз ба?
  • Ұттым, ұтылдым демеймін. Ол жағы Жаратқан Иемізге ғана аян. Сөз азаттығы, ой бостандығы жүгенсіз кеткен бүгінгі қоғамдағы пенделер осы бір қысқа тіршілікте. Адамға лайықты өмір сүрудің орнына адамның рөлін ойнап жүрген сияқты…
  • Кешегі «Сіз» бен бүгінгі «Сіздің» айырмасы бар ма?
  • Әрине. Қазір көргенім бар, түйгенім көп, алды-артыма қарасам қателескен кездерім болыпты. Қырыққа дейін сенделіп, қырықта есі кірген адаммын (жымиып). Елуге толған кезімде айтқан сөзім бар. «Едігедей елді ойлап, ет жүрегім езілмесе, онда менің азаматтығымның көк тиынға құны жоқ» деп. Жеке бастың қамын емес, ұлттың болашағын ойлайтын жастамын. Кешегі «Мен» – жас, шалалығы басым адам. Қазіргі «Мен» – ұлт пен ұрпақтың ертеңіне алаңдайтын, кәдімгі қазақтың Бекжаны…Картинки по запросу бекжан тұрыс
  • Өтірік рөл ойнаған актер мен өтірік сөйлеген адамның айырмашылығын айта аласыз ба?
  • Айта алмаймын-ау… Марқұм Рақымжан Отарбаев бір әңгімелескенде: «Өтірік достарым көп еді. Шындық араласып, ажырасып кеттік», – деген. Қазір қоғамды осыған үйретіп жақтан секілдіміз. Жасап жүргендеріміздің бәрі – осы. Біз өтірікпен өмір сүріп келе жатырмыз…
  • Ал Тұрсынжан Шапай: «Жан-жақты дарынсыздар көкке өрлеген заманда өмір сүріп жатырмыз», – дейді…
  • Тұрсынжан аға дұрыс айтады. Келіспеуге болмайды. Бізде шын жақсысын емес, көңілі жарасқан өз тапшысын асыра мақтау әдетке айналып кеткен. Айналамыздың бәрі мақтау мен мадақтау… Сол арқылы бәрін өшіруге болатынын білмейміз кейде. Қарап отырсаңыз, қайраткерлердің барлығын қолдан жасап жатырмыз. Тұлға деген аяулы ұғымды, ең биік өлшемді кез келген көлденең көк аттының қанжығасына байлап берудеміз. Ең болмаса, солардың арасында жілігі татитын біреуі болса ғой!
  • Кейінгі жастардың ішінде кімдерді жақсы актер деп есептейсіз?
  • Жалпы өнерге келгенде жанкешті мықты актер деп мына жігіттерді айтар едім: Нұркен Өтеулов, Қуандық Қыстықбаев, Еркебұлан Дайыров, Мейірғат Амангелдин сияқты жастар әр театрда кездеседі. Жоқ десем, менің азаматтығыма сын болар, жақсы актерлер бар.
  • Олардың рөлі қаншалықты көңіліңізден шығады?
  • Көңілім толатыны да, толмайтыны да бар. Шындықтың бетіне тура қарасақ – кемшіліктеріміз көп. Онсыз болмайды десек те, сол кем-кетігін айтқанда түзететін жан болса қанеки! «Тәрбиесіз өскен талантқа ақылдың керегі жоқ» дейді. Менің сөзім емес бұл. Бірақ шындық.

Әдетте өнерді «сезімтал жандардың мекені» деп жатамыз. Өкінішке қарай, сол сезімталдық кез келгеннің бойынан табыла бермейді. Қазіргі өнер жеке бастың қамына, атақ пен абыройға қызмет ететін болды. Шынтуайтына келгенде, өнер ұлтқа қызмет етуі керек. Мен өнерге, сахнаға ғашық адаммын. Өз мамандығымды қастерлеймін, қорқатынымды да жасырмаймын. Өнерге қадам басқан әрбір жастың бойында сондай қасиет болғанын қалаймын.Похожее изображение

         Мағжанды алда үлкен еңбек жолы күтіп тұр

  • Есіңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын сұхбаттасқанымызда ұлыңыз туралы сұрадық. Ол кезде ерте деп едіңіз. Қазір Мағжанды актер ретінде ел тани бастады. Ұлыңыздың актерлік шеберлігін қалай бағалайсыз?
  • Әлі де ерте… Қалай айтсам екен, өнер бірден жасала салатын дүние емес. Мағжанды алда үлкен еңбек жолы күтіп тұр. Диплом алған кезінде өнер жолының ауыр екенін өзіне де айтқанмын. Қолымнан келгенше тәрбие бердім, осындай болуың керек, мынаны істеуің қажет деп. Бірақ ұлымды көрсетіп жан-жаққа бармаймын. Ол менің қанымда жоқ қасиет. Мағжанның өзіндік өнер жолы, маңдайына жазылған тағдыры бар. Бәріне өз еңбегімен жетеді деп ойлаймын. Бағасын уақыт берер…Похожее изображение
  • Өзіңізге ұқсай ма?
  • Ұқсамайды. Ол мінезділеу (жымиып). Мүмкін, өнерге сондай мінез керек шығар.
  • «Ұлым, саған айтам» қойылымы қайтадан көрермен назарына ұсыныла ма?
  • Белгісіз. Нұрнияз Мұқанов пен Гүлсина Мерғалиева ерлік жасады. Қойылымды үш күн Ақтауда көрсеттік.

Сұхбаттасқан Гүлім РЫСҚҰЛ

Пікір қосу