Picture taken in Tripoli on December 2, 1997 of Libyan leader Moamar el-Gadhafi and his wife Safiya. (AP Photo/Dimitri Messinis)

1970 жылы    Социалистік Халық Ливия Араб республикасының құрылуының бір жылдығын тойлау салтанатында күтпеген оқиға болды.  Каддафи өзінің саяси серіктерімен бірге әскери парат қабылдап жатты. Кенет осы кезде салтанатты мінбенің алдында қолында кішкене қобдишасы бар әйел пайда бола кетті. Әлгі әйел  сол сәтте қобдишадан  суық қаруын суырып алып, Каддафиге кезеді. Ал Каддафи  жасқанбастан сұлу әйелдің қара мойыл көздеріне қарап тұра берді. Арада сәл орнаған үнсіздіктен кейін әйелдің қолындағы тапанша жерге сусып түсе берді.

Каддафиді өлтірмекші болған ару   қарапайым  медбике  Сафия болатын. Содан кейін бір аптадан   соң Каддафи мен  Сафия  үйленді. Каддафи өзіне бейтаныс жанмен бұдан бұрын да жолыққанын кейін білді. Ол оқиға былай болған екен. 1969 жылы Каддафи кен орындарын  тексеруге барады. Ол  кенеттен қатты  ауырып, емделу үшін жергілікті ауруханаға түседі.  Каддафиді қараған  кезекші оған жай ғана суық тигенін  айтады. Дәл сол сәтте көмекші медбике  дәрігердің диагнозын  жоққа шығарды, әрі Каддафидің науқасының салмақты екенін ескертті. Ал Каддафи оған мүлдем сенбеді.  Сондағы медбике Сафия болатын. Кейінірек Каддафи Сафияның сол кездегі  айтқаны  дұрыс екендігін мойындады.Картинки по запросу каддафи и его жена

Каддафи мен Сафияның Мохамед Каддафи (Ливия пошта және телекоммуникациялар корпорациясының төрағасы, Ливия Олимпиада комитетінің төрағасы болған ),  Саиф аль-Ислам Каддафи (Каддафи қайырымдылық қорының төрағасы), Саади Каддафи (Ливия футбол қауымдастығының президенті, Аллея футбол клубының құрметті төрағасы ), Гуннибал Муаммар Каддафи (Ливияның тұңғыш ұлттық теңіз көлігі компаниясын басқару жөніндегі бас кеңесші), Мутасим Била Каддафи (Ливияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі), Саиф аль-Араб Каддафи (Мюнхен технологиялық университетінің студенті), Хамис Каддафи (Commander Force Hamis бригадасының қолбасшысы), Айша Каддафи(Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Ливиядағы өкіл болған) сынды жеті ұл, бір қызы болды.Картинки по запросу каддафи и его жена

Каддафи үнемі  ақ шалбар, ақ түсті аяқ киім, ақ қалпақ , ақ қолғап киетін. Беліне алтын зерлі белдік тағынатын. Ал кейде бір ыңғай сары түсті киім кигенді ұнататын. Сонымен бірге қасынан  ондаған әйел қорғаушысын тастамайтын.  Каддафидің ас мәзірі  өте қарапайым болды. Оның   таңғы асы  — нан мен түйе сүті. Түскі асы көбінесе қуырылған сиыр еті еді.  Сондай-ақ  ол Ливия сорпасы мен  Берберс жеуді ұнататын. Бос уақытында  футбол көретін. Тіпті  Итальяндық «Ювентус» ардагерлері командасының акционері де болған. Каддафи ел билеген тұста Ливиядағы әйелдердің білім алуына, түрлі қоғамдық жұмыстар мен айналысуға мол мүмкіндіктер берді. Қалай десекте Каддафи араб әлеміндегі әйелдердің қоғамдық мәртебесін көтеруге жол ашқан тұлғалардың бірі болды.Картинки по запросу каддафи охраны

Аударған: Асыл Ерзат

Пікір қосу