Кімге:

Қазақстан Республикасының Президентіне

Көшірме:

Қазақстан Республикасының Сенаты

Қазақстан Республикасының Мәжілісі

Президент немесе депутаттардан кейін

Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесіне

Табыстау

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ МАНИФЕСТІ

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекет құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдадық.

 

БІРАҚ БҮГІН 2019 ЖЫЛДЫҢ 14 АҚПАНЫНДА

Біз, Қазақстан халқы – мемлекеттің негізі, оның заңдары, дамуы және биліктің бірден-бір қайнар көзі болып саналатын – түрлі ұлт, діни сенім, кәсіп пен әлеуметтік топтардың өкілдері елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты

ӘДІЛЕТТІ ТҮРДЕ ТАЛАП ҚОЯМЫЗ:

Нақтылап айтсақ:

  • Ел азаматтарының біраз бөлігінің әл-ауқатының нашарлауы және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының жаппай азып-тозып, жоқшылық зардабын тартуы;
  • Әлеуметтің бай және кедей топтары арасындағы радикалды әлеуметтік теңсіздік;
  • Олигополия және ұлттық компаниялар тарапынан нарықтық бәсекелестік ұстанымдарының негізсіз тапталуынан орта және шағын бизнестің банкротқа ұшырауы;
  • Елдегі адам капиталының тапшылығынан білім жүйесінің күйреуі;
  • Азаматтар мен бизнеске қатысты құқықтық шектен шығушылық;
  • Биліктің негізгі үш тірегіне айналып тұрған – заң шығарушы, сот және атқарушы билік жүйесінің орталықтарда және өңірлерде жемқорлыққа батуы;
  • Үкіметтің мемлекеттегі барлық әлеуметтік кепілдіктегі институттарды бөлшектеуі.

 

Қазақстан халқы мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде және ел өмірінің барлық саласында толықтай дерлік өзгерістер мен жүйелі ауысулардың болуын талап етеді. Бұл туралы қоғамның белсенді бөлігі, сарапшылар, елдегі жағдайды біліп, сезініп жүрген жандардың баршасы, сондай-ақ еліміздің қарапайым азаматтары айтады, шақырады:

 

  • Өздерінің зейнетақы жинақтарына және жұмыстан босатылғаннан кейін қызметтік үйлеріне құқықтарын жоғалтқан, ең төменгі жалақының тұзағындағы бюджеттік саладағы қарапайым жұмысшылар мен әскерилер;

 

  • Мардымсыз жәрдемақыға адам төзгісіз жағдайда, баспанасыз өмір сүріп жатқан көпбалалы аналар, мүгедектер, табысы төмен азаматтар;

 

  • Инвестициясы ұрланып, өмірлері қаржылық құлдыққа жалғасқан – алданған үлескерлер, салымшылар және банктен қарыз алушылар;

 

  • Жалғыз азық табар көзі болып отырған жерлерінің ірі жер иеленушілерінің пайдасына тартып алынып, малдары ұрланып, егістіктері уланған ауылдықтар, жұмыс іздеп қалаға кетуге мәжбүр болған жастар;

 

  • Көпжылдық атқарған еңбегі үшін мардымсыз ғана зейнетақы алып отырған, ал жарна бойынша жинағы 3 еседен көп құнсызданған зейнеткерлер;

 

  • Жастардың келешегі бұлыңғыр, олар үшін таңдауға үш жол ғана бар – ата-анасының мүлкін кепілдікке қою арқылы ақылы білім алу, әлеуметтік лифтісіз, мамандықты талап етпейтін төмен жалақылы жұмыс, қылмыс және дүбәралық;

 

  • Жұмыс орындарын құрып, адал түрде салығын төлеп жатқан бизнесмендер тендерлік экономика мен тоқтаусыз рейдерліктің тұзағына ілініп жүйелік жемқорлықтың құрбанына айналуда;  

 

  • Тұрақсыз төмен табыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға енді тұрақты түрде кедейлік салығы салынады;

 

  • Мемлекеттік басқарудың халыққа қарсы саясатынан зардап шегіп отырған тағы да басқа әлеуметтік топ өкілдері;

 

Біз Халықпен диалогқа барудан бас тартып отырған Үкіметке, ел Парламентіне, өңірлердегі Әкімдерге сенімсіздік білдіреміз.

 

Біз сіздерге сенбейміз, себебі барлық резонанс тудырған талап етулерге көрсетілген реакция біреу ғана – РЕПРЕССИЯ. Ал проблеманы шешу жолы қарастырылмайды.  

 

Үкімет пен парламент Конституция мен ел заңдарына енгізген соңғы түзетулер арқылы азаматтық қоғамның кез келген белсенділік таныту әрекетіне қатысты қатаңдату шарасын күшейте түсуде, барлық жерде адам құқығы бұзылады және шектеледі, жергілікті басқару ұғымы іс жүзінде жойылған, демократиялық мемлекеттің басты конституциялық негізі болып саналатын – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық деген ұстаным шын мәнінде жойылған, қоғам елде болып жатқан оқиғалардың қауіпті салдарын сезініп отыр.

 

Жүйелік жемқорлық, ұлттық байлықтың тоналуы, мемлекеттік мүдделердің өзгеруі, басқарушы кадрлардың біліксіздігі және жауапсыздығы, шешім қабылдау процесінен халықтың жаппай шеттетілуі тек халықтың азып-тозуына, орта және шағын бизнестің банкрот болуына ғана емес, егемен мемлекеттің төлем қабілетсіздігіне де әкеліп соқтырды, сыртқы қарыз елдің жалпы табысынан 1,5 есе асып түсті, Республикалық бюджеттегі қарызды өтеуге қызмет көрсету шығыны білім жүйесіндегі барлық шығыннан асып кетті.

 

Жемқорлық, туыстарына бұра тарту және дүниеқоңыздық шенеуніктер мен депутаттар үшін ғана емес, ЖҮЙЕГЕ азаматтар мен бизнесті қатыстыра отырып қоғамның барлық саласындағы қалыпты жағдайға айналды.

 

Тамыр-таныстық пен жемқорлық мемлекеттік басқарудағы кәсіби кадрлардың жоғалуына әкеліп соқты. Білім жүйесін мақсатты түрде бұзу қазақстандық білім деңгейінің төмендеуіне, мектеп бітіруші түлектердің жаппай шетелдік оқу орындарына кетуіне соқтырды. Денсаулық сақтау саласында Гиппократ антын орындау кезінде ақша табу амалының алға шығып кетуі көбіне адам өліміне әкеліп соғуда, аналардың денсаулығын жоғалтуы, мүгедек сәбилердің көптігі, тіпті соғыстан кейінгі жылдармен салыстыруға келмейді.

Қазір біз қарапайым азаматтар өмірінің төменгі деңгейде екенін байқап отырмыз, мемлекеттік органдардың біліксіздігі үшін шағын бизнес субъектілері, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, ел азаматтары зіл батпан айыппұл және кедейлік салығын өтеу арқылы жауап беруге мәжбүр. Тиімсіз бюджет шығынының орнын толтыру үшін әлеуметтік төлемдер көбейді.

Экономикасы дамыған елдегі азаматтардың лайықты өмірі – мемлекеттің идеологиясы және әрбір басқарушы мен мемлекеттік органдар қызметінің бағасы болуы тиіс. Қиын ахуалдың еш мәні қалмағанын, елге төнген қауіп пен күштік тәсілдермен қудалау үрдісінің күшейе түскенін түсіне отырып, Қазақстан халқы елде бірінші кезектегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңарту мен түбегейлі өзгерістердің болуын талап етеді!

Қазақстан халқы ұсынылған алғашқы кезектегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңарту бағдарламасы негізінде саяси шешім мен саналы сайлаудың болуын талап етеді. Балама бағдарлама жоқ және оны қазіргі үкімет, Парламент, билік партиясы ұсынуы мүмкін емес. Тұрақтылықты сақтап, азаматтардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп, ел дамуы үшін, Қазақстан халқының талап ету бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазір халықпен бірге табандылық таныту қажет.

Үкіметтің жеке мүддеден ұлттық мүддені биік қоя алмауы Тәуелсіз Қазақстан мен территориямыздың тұтастығы туралы сұрақ туындатады. Конституция бойынша биліктің бірден-бір қайнар көзі болып саналатын Халықты шешім қабылдау процесінен біржола алшақтатып тастауы және бізді өзінің жинаған ақшасынан несие алатын және салық төлеп қана отыратын басыбайлы тұрғындарға айналдырғаны үшін дәл осылай талап ету өте орынды.

Ұлттық мүдені қорғауды алға шығарған егемен мемлекетті сақтап қалу салтанатты іс-әрекеттер арқылы емес, шынайы көрініс табу керек:

  1. Мемлекеттік басқару жүйесіне толықтай трансформация жасау арқылы жүйелік жемқорлықты түбегейлі жою;
  2. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін қоғамда ашық және тең мүмкіндіктер құрып, заң үстемдігі және халық пен билік арасындағы мызғымас Әлеуметтік Келісім арқылы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету;
  3. Барлық өңірлер, ауыл мен қаладағы қоғам өкілдері үшін дамыған елдер деңгейінде өмір сүру сапасы стандарттарын бекіту;
  4. Нарықтағы жеке секторға мемлекеттің қатысуын тоқтатып, Жаңа экономикалық модель арқылы халықтың жағдайын қамтамасыз ету;
  5. Жаңарту, дамыту және адам капиталы мен қоғам бірлігін сақтау бойынша жүйелі ұзақ мерзімге арналған ұлттық бағдарлама;
  6. Жер қойнауы, табиғи ресурстар, жер, қаржылық актілер, жүйе құрушы фактор, Ұлттық қор және зейнетақы активтері секілді ұлттық байлықтарға халықтың бақылау жасауын қайта қалпына келтіру арқылы Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығы мен Тәуелсіздігін қорғау;
  7. Экожүйені сақтау, мұқият пайдалану және ұлттық ресурстарды жинақтау бойынша (табиғат, жер қойнауы, жер, инфрақұрылым) болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАП ЕТУ

Біз, Қазақстан халқы, Конституцияның 3 бабы 1 тармағына сәйкес және 1 бабы 2 тармағының қамтамасыз етуімен Қазақстан Республикасындағы биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде мемлекеттік маңызға ие көкейкесті мәселелерді демократиялық тәсілдермен, яғни республикалық референдумде немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешімін табуы үшін,

ТАЛАП ЕТЕМІЗ

   I.ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢДІК ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІЛІК

  1. ҚР Конституциясының 12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,32 баптарында кепілдік берілген Қазақстанның барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік теңдікпен толық қамтамасыз ету, оның ішінде:
  2. a. Азаматтарды саяси себептермен қудалауды тоқтату. Қазақстан Республикасындағы барлық саяси тұтқындарды босату және ақтау;
  3. Сөз және ар-намыс бостандығын шектеуге байланысты Қылмыстық және Әкімшілік баптар бойынша сот шешімдерін жою;
  4. Қарама-қайшылықты, жемқорлықты жоя отырып Конституцияның Басты Заңынан бастап заңнан туындаған актілерге дейін тікелей және жанама түрде елдің нормативті саласына толық құқықтық аудит жүргізу;
  5. Азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқығына, еркіндігіне, адал жолмен иеленген, қазір және келешекте иеленетін мүліктеріне қастандық келтіруден оларды қорғау және абсолютті заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот және құқық қорғау жүйесін реформалау.
  6. Қазақстан Конституциясының 27,28,29,30,31,39 баптарында кепілдік берілген, дамыған елдердегі халықаралық стандарттарға сәйкес өмір сапасының негізгі стандарты үшін жеткілікті болып саналатын әділ әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету, ана мен баланы қорғау, егде адамдарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен Қазақстан азаматтарына қамқорлық жасау, денсаулық сақтау және білім саласы бойынша толық әрі тең мүмкіндікпен қамту, нақтырақ айтар болсақ:
  7. БҰҰ талаптарына сәйкес қалалық не ауылдық елдімекенде тұратындығына қарамастан күнкөріс минимумын жан басына шаққанда азаматтардың тəулігіне тұтынатын азық-түлікке жұмсайтын шығындарын 5 АҚШ долларынан кем емес етіп бекіту;

 

  1. Халықтың әлеуметтік осал топтарының жәрдемақысын отбасындағы еңбекке жарамсыз әр адамға тәулігіне 5 АҚШ долларынан кем емес күнкөріс минимумы негізінде бекіту;

 

  1. Көпбалалы аналар еңбегін 0-18 жас аралығындағы әрбір балаға ай сайын төленетін күнкөріс минимумы шамасынан кем емес есепте жәрдемақы алатын жұмыс істеуші азаматтар еңбегімен теңестіру.

 

  1. Әрбір екінші және одан кейінгі туған немесе асырап алынған балаға 700 мың теңге көлемінде біржолғы төлем ретінде міндетті ана капиталын енгізу;

 

  1. Қала мен ауылда балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету, Мектепке дейінгі мекемелер және мектепте 100 пайыз тегін білім алумен қамту, балаларды балабақша және мектепке тегін тасуды ұйымдастыру, қоғамдық мониторинг арқылы білім сапасы және мектептегі білім сапасы мәселесіне қатысты қоғам мен ата-аналарды тартудың нақты механизмін жүзеге асыру;

 

  1. Білім жүйесіндегі реформа арқылы кейіннен жұмыспен қамту туралы кепілдігін ала отырып жеке және мемлекеттік білім беру нысандарын қаржыландырып, 15-28 жас аралығындағы Қазақстанның барлық жастарының жоғары білім алуын 100 пайыз үшін кәсіптік-техникалық білім алуға 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз ету;

 

  1. Халықты 100 пайыз базалық медицина және денсаулық сақтаумен (қажетті және жеткілікті) қамту, мемлекеттік қаражаттың фармацевтикалық трансұлттық корпорацияларға жұмсалуына жол бермеу және мемлекеттік, жеке немесе квазимемлекеттік меншік формасындағы білім беру мекемелерін әділетсіз қаржыландыруды тоқтату;

 

 

  1. ҚР Конституциясының 24,25,26,37,38 баптарында кепілдік берілген, лайықты табысқа, қауіпсіз қолайлы физикалық және мәдени-құқықтық ортаға, әлеуметтік игіліктерге және адал жолмен тапқан мүліктерін қорғауға және Қазақстанның барлық азаматтары үшін барлық мәңгілік құқықтарын қорғауға қол жеткізу арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын қамтамасыз ету, нақтырақ айтар болсақ:

 

  1. Халықтың әл-ауқаты
  2. Экономиканың әртүрлі секторын және еңбек шартын ескеріп, өмір мен денсаулыққа төнетін қауіпті бағамдап, асыраушының қолына қараған еңбекке қабілетсіз адамдар санын анықтап жалақының минималды деңгейін 10 АҚШ долларынан кем емес бағамда бекіту, салалық кәсіподақтар, заң шығарушы билік және жұмыс берушілер қауымдастығы – үшжақты келісім комиссияларын жүргізуге салалар бойынша минималды жалақыны бекітуді беру.
  3. Төрт және одан да көп баласы бар табысы аз көпбалалы отбасыларды, мүгедек баласы бар отбасыларды, мүгедектерді алғашқы төлем жасамай 20 жылға бөліп төлеуге негізделген исламдық қаржыландыру бойынша және көп балалы отбасылардың бастапқы тұрғын үйінің болуына қарамастан, кембағалдар мен кедейшілік тауқыметін тартушы азаматтармен бірге өмір сүруші əрбір отбасы мүшесін 20 шаршы метрден кем емес тұрғын үймен қамтамасыз ету.
  • Табысы аз азаматтар мен көпбалалы емес отбасыларды кейін сатып алуға арналған жеңілдетілген шарттармен олармен бірге тұратын отбасының әр мүшесін әлеуметтік келісімшарт бойынша (өзінің жұмыс істеу мүмкіндігін дәлелдеу) 12 айлық мінсіз жұмысы негізінде жалпы аумағы 20 шаршы метрден кем емес арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  1. Әлеуметтік әділеттілік ұстанымына негізделген жеке тұлғалардың табыс салығын бекіту – асыраушының жас мөлшеріне қарамастан тәулігіне 5 АҚШ доллары күнкөріс минимумы көлемінің есебінен бірге алынған асыраушының жиынтық жылдық табысы және өз-өзіне және бала-шағасын асырауға жұмсалатын жиынтық жылдық шығынның арасында ғана айырмашылық болуы мүмкін. Бүгінде 1 жалдамалы қызметкерден еңбекақы қорынан 25 пайыз жеке табыс салығы алынады, әлеуметтік аударымдар – 2,5 пайыз, міндетті зейнетақы аударымы – 10 пайыз, медициналық сақтандыру – 2,5 пайыз. Кедейлікке арналған бірыңғай жинақтаушы төлем салығы, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартқа негізделген зейнетақы жарнасының мәжбүрлі аударымынан шұғыл түрде бас тарту;
  2. Мүлік салығын үйлесімді прогрессивтік моделге көшіру, тұрғын үй аумағы 20 шаршы метр және одан аз үй шаруашылығындағы әрбір отбасы мүшесі үшін мүлік салығы салынбайды, ал аумағы үлкен үйлер үйлер үшін салық салу 3 категория бойынша жүргізілмек (үй қаншалықты сән-салтанатты болған сайын салық та соғұрлым көп болмақ).
  3. Жалғыз үйі бар және төленген барлық төлемдері шын мәнісінде алған несиесімен бірдей және одан да көп азаматтарға толық ипотекалық және несиелік рақымшылық жасау, төлемдер негізгі қарыз, пайыздар, айыппұлдар, өсім мен комиссияны өтейді. БЖЗҚ салымшыларының БЖЗҚ шотындағы артық жинақтарымен өз несиелерін толықтай өтеуге жұмсауын қамтамасыз ету.
  • Халықтың әл-ауқатын, өмір сапасын және лайықты білімге, медицинаға, әлеуметтік қорғауға, жайлы тұрғын үйге, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымға, интернетке және телекоммуникацияға, ауылдық және қалалық жерде тең жағдайда лайықты жалақыға қолжетімділігін жасау үшін ауылдық және қалалық аумақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, аумақты дамытудың арнайы бағдарламасын құрастыру;
  • 18 жасқа дейінгі барлық балалардың қалалық және аудан ішілік транспорттың барлық түрінде тегін жүруін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік әлсіз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалары үшін әуе тасымалында және басқа транспорт түрлерінде максималды мүмкін болатын тиімді жеңілдік тарифтерін енгізу;
  1. Балалар мен жастардың жаппай бұқаралық спортпен айналысу мәдениетін тегін дамыту арқылы толыққанды мәдени, шығармашылық және спорттық тұлғалардың дамуын қамтамасыз ету;
  2. Шетелде тұратын ел азаматтары, Қазақстанда жұмыс істейтін резидент емес тұлғалардың барлық жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне жалпы декларация жүргізу, әрбір нысан бойынша оның табыс жариялылығы жөнінде дәйектеме және растама алу. Расталмаған жағдайда мүлік ел бюджетінің пайдасына тәркіленеді;
  3. Әлеуметтік мекемелердің тиісті инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету, балаларды асырап алу және оларды үйде тәрбиелеу (патронаж) институты мен механизмін реформалау;

 

  1. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты

 

  • Ауыл тұрғындарына зиян келтіргені үшін (егістікті бүлдіру, мал ұрлау, тыйым салынған гербицидтер мен инстекцидтерді пайдалану кезінде зиян келтіру, қоғамдық жайылымдарды тартып алу, жергілікті атқарушы органдардың жер махинациялары, субсидиялау бойынша жемқорлық) азаматтық, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейте отырып, шағын шаруашылықтар интеграциясы үшін келісімшарттық фермерлік институтын енгізу;
  • Мал басын ұрлықтан және айдап кетуден қорғау және сақтауды қамтамасыз ету, мал барымтасы үшін қылмыстық жауапкершілікті 15-25 жылға бас бостандығынан айырудан амнистия құқығынсыз өмір бойына соттауға дейін көтеру, себебі мал ұрлығы ауыл тұрғындарының экономикалық негізіне елеулі зиян келтіреді, онда негізінен қазақтардың ғасырлар бойы жалғасқан шаруашылығы жойылу үстінде. Ақшасыз қалған ауыл тұрғындары қалаға қоныс аударып табысы аз адамдар тобын арттыруда, бұл өз кезегінде бюджетке салмақ түсіріп, әлеуметтік шиеленісушілік тудырады.

II.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ

  1. ҚР Конституциясының 3 бабы 1 тармағына сәйкес «қоғам мұқтаждығын төменнен жоғарыға бағыттау» деген әлеуметтік бағдарлы бюджет процесіне көшу, әділетті тікелей және көлденең салық саясатына сүйену арқылы заң шығарушы, сот және атқарушы билік өкілеттілігін биліктің бірден-бір қайнар көзі болып саналатын Қазақстан Халқы белгілей алады, ал нақтырақ айтар болсақ:

Қазақстан бюджетінің шығындары 15 тармақтан тұрса, оның тек үшеуі басты тұғырды құрайды ол — денсаулық сақтау, білім беру жəне əлеуметтік қамту. Қазіргі мемлекетті басқару саласында осы негізгі үш тұғырдың күйреуі, экономиканың  құлдырауына, осының кесірінен елдің территориялық бірлігіне нұқсан келеді. 2017 жылы осы аса  маңызды функцияларға Қазақстанда не бəрі 42 пайыз қаржы жұмсалған. Ең қызығы мұнайдан бөлек бюджет тапшылығы 44 пайызды құрайды. Бір сөзбен айтқанда, бізге əлеуметтік салаға қажет қаржы жеткілікті, тек қана инфрақұрылым мен қамту жүйесіне 14 пайыз жетіңкіремейді.

  1. Аудит жүргізу, жемқорлық баптарын қысқарту, бюджеттік бағдарламалардың мақсатты тағайындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік саланы қаржыландыру деңгейін Қазақстан Республикасының барлық шоғырландырылған бюджетінің 90 пайызынан кем болмайтындай әлемдік стандарттар өлшемімен теңестіру және халықтың шынайы қажеттілігіне сай келуін қадағалау:
  2. Мектепке дейінгі, орта және орта-техникалық тегін біліммен 100 пайыз, муниципалды және жеке білім, тәрбие беру мекемелерін жан басына қаржыландырудың прогрессивті моделіне көшу арқылы 50 пайыз жоғары біліммен қамту арқылы адам капиталын дамытудың Ұлттық жоспарын әзірлеу негізінде білім және ғылым саласына бюджеттің 20 пайызынан кем емес, сондай-ақ ЖОО мен КТБ жүйесіне еңбек нарығынан серіктестік бағдарламасын тарту – ЖОО және КТБ мекемелерін жан басына қаржыландыру түлектердің жұмысқа орналасу тиімділігіне әсер етуі тиіс, ал мектептерді жан басына қаржыландыру 9-11 сынып оқушыларының ЖОО мен КТБ мекемелеріне түсу тиімділігін арттырады, 12 сыныптық оқу түрін алып тастау, халық саны аз өңірлердегі шағын мектептерді қаржыландырудың арнайы жағдайын қарастыру, отбасылық мектеп институтын енгізу, мектебі жоқ болғандықтан аудан аралық білім беру мекемелеріне қатынайтын әрбір елдімекенді қауіпсіз муниципалды мектеп транспортымен қамтамасыз ету;
  3. Ана мен баланың денсаулығын қорғау басымдығымен (оның ішінде ана мен сәби өлімін азайту) мүгедектікті болдырмау бағдарламасын әзірлеу, ҚР барлық азаматтарын кепілдендірілген медициналық тегін көмекпен қамтамасыз ету, шұғыл емделуі қажет емделушілерге квота бөлу мүмкіндігін кеңейте түсу, бағыты түсініксіз монополист ретінде міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысына тыйым салып, ерікті медициналық сақтандыру нарығын ырықтандыру арқылы денсаулық сақтау саласына шоғырландырылған бюджеттің 15 пайызынан кем емес қаржы бөлу;

III. Зейнетақы реформасын міндетті есепке алуды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды ашық негіздегі бәсекелі ортаға ауыстыру арқылы әлеуметтік қамсыздандыру саласына шоғырланған бюджеттің 20 пайызынан кем емес, көпбалалы аналар мен азаматтардың әлсіз топтары үшін қолайлы зейнетақы жүйесін сақтау;

  1. Бюджет шығынының 20 пайызынан кем емес көлемде қазақстандықтардың өмір сапасы бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз ету: тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, телекоммуникациялық және транспорттық инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық, экосала, әлеуметтік капитал, өмір және мүлік қауіпсіздігі (оның ішінде төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік, құқық тәртібі, заң үстемдігі);
  2. Салықтық реттеу тетігі, сыртқы сауда саясаты арқылы бәсекеге қабілетті өңдеудің кешенді экономикалық моделін қамтамасыз ету. Субсидиялаудың бюджеттік коррупциялық бағдарламасы және мемлекеттік шоғырландырылған бюджеттің 15 пайызға дейінгі жиынтық қаржыландыруымен мемлекеттік қолдау емес, өндіріс құралдарын қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу және тауарлар мен қызметтерді отандық өндірушілер үшін нарықтарға қол жеткізу механизмдерімен қамтамасыз ету.

a. Барлық көмекші функционалды бюджеттік бағдарламалардың пайдасы мен оларды қаржыландыру деңгейін қайта қарау, оларды мемлекеттік шоғырландырылған бюджеттің 10 пайызынан кем емес қаржыландыру мөлшерінде жоғарыда аталған 5 іргелі бағыттардың көрсеткіштеріне сәйкес ыңғайлау, ал нақтырақ айтар болсақ:  I. Орталық және жеке мемлекеттік органдардың функциялары,   заң шығарушы өкілдік және сот жүйесі бюджет шығынынан 1,5 пайыздан көп емес жиынтық мөлшерде;    II. Қорғаныс қабілеті, ұлттық байлық пен егемендікті қорғау, трансшекаралық шаруашылық жұмыстары, сыртқы саясат бюджеттің барлық шығынының 7,5 пайызынан көп емес;                          III. Төтенше жағдайлар бюджеті 1 пайыздан көп емес.  c. Республикалық және муниципалды меншікке толық аудит жүргізу арқылы мемлекеттік қызметкерлерді  қысқарту есебінен босаған әлеуметтік инфрақұрылым – білім беру мекемелері, жатақхана, қарттар үйі, халықтың әлсіз топтары үшін тұрғын үй секілді жылжымайтын және басқа баланстағы мүліктерді оңтайландырып, коммерциялық кеңістіктегі бәсекелі ортаға сатылымға шығару;

  1. Квазимемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар активтерінің ашық эмиссия бағдарламаларын әзірлеу және толық аудит жүргізіп, бюджет қаржысынан және азаматтардың зейнетақы жинағынан қаржыландырылып отырған қаржы жүйесіндегі жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілері, экономиканың өзге де салалары, мемлекеттік жекеменшік әріптестік нысандарынан ҚР азаматтарына мынадай құқықтарды беруді талап ету:
  2. Жаңадан жасалған талап ету құқығы меншік құқығының нарықтағы нақты субъектілердің бағалы қағаздарын (облигация және акция) алу бойынша инвестициялық әрекеттер үшін пайдаланылған соманы меншік иесінің атаулы сертификаты арқылы аталған кәсіпорындардың үлесін иелену;
  3. Банк займдарының атаулы жекеменшік сертификаты бойынша азаматтардың қарыз берешектерін өтеуі;

III. Халықты тегін қаржылық сауаттылыққа үйрету арқылы зейнетақы қоры салымшыларының өз жинақтарын сенімді басқаруына байланысты өз еркімен жеке таңдау жасай алуы.

 

            III. ТИІМДІ ЭКОНОМИКА

  1. Соңғы 5 жылдын ішінде мұнайдан түсетін салықтар 43 пайызға кеміген. Бұған тек шикі мұнайдың бағасының төмендеуі ғана ықпал етпей, негізінен шетелдіктерге берілетін шексіз инвестициялық салық жеңілдіктері де, өз кесерін тигізіп отыр. Ал республикалық мұнайға қатысы жоқ мекемелерден алынатын салықтар 41 пайызға артса, оның басым бөлігі шағын бизнестің мойнына түсіп жатыр. Жалпы ортақ салық көлеміне шаққанда мұнай өндірісіне қатысы жоқ заңды тұлғалар мен шағын бизнестің еншісі 42 пайызға жетсе, орта бизнес 16 пайызға жұқарған, ал ірі бизнес төлем көлемі бойынша шағын бизнестің деңгейіне жеткен, ал бұлардың табыстары жермен көктей. Елдің Жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын алпауыт бизнес еншілегенмен де, салықтарды олар əлде қайда аз төлей бастады. Жергілікті салықтар 16 пайызға артқан. Бұлар мәжбүрлеп төлету арқылы іске асырылуда. Осыдан үш жыл бұрын, ол 30 пайыздан аспаса, қазір айып пулдар тікелей төлемдердің тең жартысын құрап отыр. Салық саясатты жөндеу керек:
  2. Шағын бизнесті 1 пайыздық мөлшерлемеден жоғары емес салық салудың оңайлатылған режиміне көшіру – жекелеген кәсіпкерлер үшін 50 000 АҚШ долларынан төмен айналыммен, 3 пайыз – айналымы жылына 150 000 АҚШ долларынан төмен ЖШС үшін, 5 пайыз – айналымы жылына 500 000 АҚШ долларынан төмен ЖШС үшін.
  3. Ірі және орта бизнеске (меншік түріне және жалдамалы жұмысшылар санына қарамастан) еңбекақы қоры бойынша төлемді шегергендегі салық жүктемесінің коэффициентімен жиынтық жылдық айналымнан ілгерінді шкала бойынша салық салу.
  4. Алдыңғы келісімдерге қарамастан шетелдік компанияларға салық салу, шетелдік компаниялар үшін барлық салықтық жеңілдіктерді алып тастау. Елде бизнесі бар барлық резидент емес тұлғаларды резидент салық төлеушілермен теңестіру. Заңның кері күші бар, бұрынғы жылдардағы жұмыс үшін барлық салық төлемдерін талап ету. Оффшорлық компаниялар арқылы экспорт жасауға тыйым салу.
  5. Мынадай жағдайларда бизнес-займдар бойынша несиелік рақымшылық жүргізу – алған несиесі бойынша жасалған төлемдер сомасы алған несиесімен бірдей немесе одан көп болғанда. Бұл процесс қазір орта және шағын бизнесте оқшауландырылған 10 трлн-нан астам активтерді экономикаға қайтаруға мүмкіндік береді. Аталған рақымшылық ірі ұлттық компаниялар мен олигополияларға қатысты емес.
  6. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып саналатын – елдің ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін жайылым, егістік, суармалы жерлерді түгендеу, заңдастыру, амнистиялау және мемлекет меншігіне айналдыру;
  7. Қазақстанда өсірілетін және өндірілетін азық-түлік тағамдарын импорттауға тыйым салумен қатар ел ішінде конкурстық негізде шаруашылықтың және жергілікті жердің ерекшелігін ескере отырып, фермерлік шаруашылықты дамытуды қамтамасыз ету, жеміс-жидек, көкөніс, ет және басқа да өнімдерді шеттен әкелгені үшін салынатын салықты арттыру, сондай-ақ қосымша акциздер (жанама салық) енгізу;
  8. Банктер мен компанияларға мемлекеттік несие беру тәжірибесін атқарушы билік шешімімен тоқтату, ондай займдарды арнайы парламенттік комиссия арқылы бекіту. 50 миллион АҚШ долларынан асатын кез келген шетелдік және ішкі займдарды Мәжіліс бекітіп және ратификациялау керек.
  9. Меншік иесінің, рейдерліктен зардап шегушінің құқығын қорғау және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
  10. Квазимемлекеттік секторға басым жағдай жасаумен экономиканың шикізаттық моделінен және ҚР Конституциясындағы 6 баптағы жағдайды өктем әрекеттері арқылы өрескел бұзып отырған, Қазақстан Халқына тиесілі Қазақстанның жер қойнауы мен жері, табиғи ресурстарына толықтай бақылау жасап отырған шетелдік трансұлттық корпорациялардан бас тарту. Монополияны түбегейлі құрту және бәсекелестікті қорғаудың экономиканы өңдеуші прогрессивті моделіне, олигополия, монополия, трансұлттық компаниялар, квазимемлекеттік ұлттық компаниялар және шетелдік инвесторлардың әділ тең жағдайда салық төлеуге өтуін ҚР Конституциясы 35 бабы негізінде қамтамасыз ету, ал нақтырақ айтар болсақ:
  11. Сыртқы нарықтағы Қазақстанның бағдарлау секторындағы экспорттың үстеме құнын көбейту мақсатында ұлттық мүддені қорғау жолында ЕАЭО мен ДСҰ-дағы сыртқы сауда келісімдерінің ережесін қайта қарау;
  12. Квотаны және негізінен, шикізатқа деген экспорттық жоғары баж салығын бекіту арқылы сыртқы сауданы реттеудің арнайы саясатын енгізу;
  13. Ішкі қайта өңдеуге негізгі шикізатты бағыттау үшін шикі мұнайды экспортқа шығару (қазіргі 3 ірі және 24 кіші МӨЗ);
  14. Ішкі қайта өңдеуге металлөңдеу, машина жасау және құрал жасауды бағыттау үшін ауылшаруашылық шикізатын экспортқа шығару;

III. Ішкі қайта өңдеуге тағам және жеңіл өнеркәсіпті бағыттау үшін ауылшаруашылық шикізатын экспортқа шығару;

  1. Ішкі қайта өңдеуге химиялық, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіпті бағыттау үшін минералдық шикізатын экспортқа шығару;
  2. Тауар түрлеріне байланысты импортты қысқарту мақсатымен 10 пайыздан 60 пайызға дейінгі шекте азық-түлік өнімдерінің импортына және халықтық тұтыну тауарларына квотаны, салықтық және техникалық кедергілерді бекіту арқылы сыртқы сауданы реттеудің арнайы саясатын енгізу;
  3. Отандық өндірістің үстеме құнын арттыру мақсатында басымдық бойынша экономика секторын дамытатын мемлекеттік бағдарламалар ережесін қайта қарау, шетелдік инвесторлар сатып алған жергілікті бағдарламаларды жандандыру;
  4. Монополияға қарсы реттеу және бәсекені қорғау бойынша өкілетті органның ісіне аудит жүргізу, оның заңды қызметіне қайта оралу, табиғи емес монополия мен экономикалық концентрацияның субъектілеріне санкцияларды енгізу;
  5. Конгломераттардың жойылуы және исламдық қаржыландыру басымдықтарының дамуымен азаматтардың көп түрлі қаржылық қызметтерге және экономикалық мүмкіндіктерге қолжетімділігін қамтамасыз етуде Қазақстанның қаржылық жүйесін ырықтандыру және өзгерту;
  6. Мамандандырылған дамыту бағдарламасы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен және Ұлттық қор, БЖЗҚ қаржысынан аталған заңды тұлғаларға берілетін сомаға сәйкес Банктық конгломераттардан бастап, Қазақстан экономикасындағы барлық субъектілердің активтерін ұлттандыру;
  7. 1998-2019 жылдар аралығында заңсыз шетелге кеткен капиталдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін төлем баланстарына, сыртқы қарызға және елдің ұлттық байлық активтеріне бір жолғы аудит жүргізу;
  8. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін ҚР азаматтарының жеке жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға, оны жемқорлық схемасы және мүдделер қақтығысы бойынша басқаруға, банк және корпоративтік секторға салымшылардың, трансұлттық корпорациялардың, олигополия және саяси қызметкерлердің қаражатынан кез келген қолдау түрін қарастыруға толық тыйым салу. Ашық механизм арқылы салымшылардың жинақталған зейнетақы қорынан инвестиция нысанын таңдауына мүмкіндігін беру.
  9. Ұлттық Қордың қаржысын трансұлттық корпорациялардың, олигополия және саяси қызметкерлердің бейберекет пайдалануына, оны жемқорлық схемасы және мүдделер қақтығысы жағдайында басқару бойынша, қор қаржысынан банк және корпоративтік сектордың кез келген қолдау түрін қарастыруға, қор активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаруға және таратуға толық тыйым салады және толық ашықтықты қамтамасыз етеді;
  10. Экономиканың барлық секторындағы капиталы кез келген сатысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған ірі жеке олигополия және банктерді ұлттандыру. БЖЗҚ (зейнетақы қоры) салымшыларының барлығына меншік құқығы негізінде өз зейнетақы активтерін басқару құқығын беру, осылайша банктердің, «Самрұқ» АҚ-ны қоса алғанда, ірі холдингтердің бірлескен иелері атанып, алынған қарапайым акцияларға иелік ету және миноритарлық акционерлердің тиісті құқықтарын қамтамасыз ету;

l. БЖЗҚ-ның және оның активтерін басқарушылардың активтерін басқару және 1998-2019 жж. кезеңінде БЖЗҚ қаражатын инвестициялау бөлігінде, барлық шығынды немесе табысы аз инвестицияланған қаражаттарды БЖЗҚ-ға қайтару шаралары бойынша түгендеу жүргізу.

 

  1. Бюджеттік емес секторлардағы экономикаға мемлекеттің араласуын толығымен шектеу. Шағын бизнеске деген қолжетімділікті төмендетуге бағытталған мемлекеттік сатып алулар ережесін тоқтату;

 

  1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықтық құқықтарды, жеңілдіктерді, отандық және шетелдік инвесторлар мен жұмыс берушілердің тең құқықтарын, жеңілдіктерін және кідірістерін, салық саясатының толық қайта қарастыру;

 

  1. Адал кәсіпкерлер мен меншік иелерін бұрын да, қазір де, келешекте де рейдерліктен сақтау үшін іскерлік келісімдер және таза капиталдар шығарудың тиімді мониторинг жүйесін енгізу;

 

  1. Лоббизм және жемқорлық схемасымен жергілікті атқарушы органдардың экономикалық белсенділігіне кедергі келтіруге тыйым салу арқылы қолайлы іскерлік және инвестициялық ортамен қамтамасыз ету бойынша дамушы елдер стандарттарын орындау.

 

      IV. Ұлттық байлыққа қатысты халықтың              құқығы

  1. ҚР Конституциясының 2 бабы 2 тармағы негізінде Қазақстан Республикасының егемендігі және ұлттық байлығының қауіпсіздігі бойынша Төтенше әрекеттер жоспарын жасау және жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ал нақтырақ айтар болсақ:
  2. Барлық мемлекеттік органдардағы толықтай ашықтық, халықаралық және ішкі құжаттар, сондай-ақ стратегиялық мемлекеттік келісімшарттар арқылы жүйелік жемқорлықты жою (мәселен, жер қойнауын пайдалану, жерді пайдалану, трансшекаралық шаруашылық қызмет);
  3. Табиғи ресурстардың бірден-бір меншік иесі ретінде, Қазақстанның жері мен жер қойнауына Қазақстан Халқының құқығын қалпына келтіру;
  4. Қазақстан Республикасының табиғи байлығы және ажырамас территориясы және бөлінбеуі мен территориялық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету;
  5. Шетелдік инвесторлар, трансұлттық корпорациялар, квазимемлекеттік компаниялар мен олигополиялардың жер қойнауын, табиғатты және жерді пайдалану келісімшарттарын қайта қарау, ашу және қайтарып алуды Қазақстан Халқының бақылауға алуы;
  6. Қазақстанның барлық азаматтары арасында 10 пайыздан кем емес тең үлес жағдайында табиғи байлықты сатудан түскен ұлттық үлесті бөлістіруді қамтамасыз ету. Мысалы, елдегі барлық сатылған мұнайдың экспорттық түсімі 13,3 трлн теңгені құраған, демек, Қазақстанның барлық тұрғындарына мұнай үшін 1,3 трлн теңгеден келуі керек, яғни, Қазақстанның 18 млн азаматының әрбірінің шотына жылына 74 мың теңге түседі.
  7. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысындағы жердегі жеке меншікке, жеке қосалқы шаруашылық және шаруа қожалығын жүргізуге деген нақты құқықтарын бұзатын Жер заңнамасы өзгерістерін қайта қарау. Сондай-ақ, үлескерлердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бірлесе пайдалану құқығын қорғау;
  8. Ел азаматтарына жекеменшікке сатуға жəне азаматтық құқықтары жоққа жерді ұзақ мерзімге пайдалануға, ауыл шаруашылығы, өндірістік, көлік инфрақұрылымына пайдалануға тиым салу.
  9. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді мемлекет меншігіне қайтару, 1 заңды немесе жеке тұлғаға 1000 гектардан астам мөлшерде жерді ұзақ мерзімді пайдалану немесе жеке меншікті түгендеуді қамтамасыз ету.

 

  1. ҚР ауылшаруашылық министрлігі жер қатынастары комитетінің әрбір аумақтық бөлімшесінің аудитімен жемқорлық схемалары мен спекуляцияларын тексере отырып елдің барлық өңірінде Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1 үй шаруашылығына 10 сотық көлемде шұғыл жер беруді қамтамасыз ету.

k. Шекара маңын рұқсатсыз демаркациялау бойынша өкілетті ұлттық қауіпсіздік қызметімен кез келген меншік иелері және жер пайдаланушыларға тыйым салу;

V. Өмір сапасы, экология және тіршілік ортасы

  1. Қазақстан азаматтары үшін дамушы елдердің деңгейінде өмір сапасы бойынша стандарттармен қамтамасыз ету, ал нақтырақ айтар болсақ:
  2. Мемлекеттік тілге лайықты деңгейде мәртебе беру арқылы ҚР азаматтарына ана тілінде білім алуға, ғылыми жетістіктерге, ақпараттық БАҚ құралдарына, мəдени жəне қоғамдық-саяси контентті пайдалану арқылы ел құраушы ұлт ретінде даму мен бірегейлікке қол жеткізу.
  3. Әрбір елдімекенде төменгі деңгейдегі муниципалдық қызметтердің негізгі стандарттарын бекіту арқылы ауылдарды және қалаларды қолайлы өмір сүру ортасымен қамтамасыз ету:
  4. Қолжетімді және қолайлы жағдай жасалған тұрғын үй (қауіпсіз дербес немесе орталық желілер – сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылу тарту (газбен жабдықтау, күн панелдері, қатты немесе сұйық отындар арқылы қауіпсіз пешпен жылыту жүйесі), кәріз жүйесі);
  5. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым (денсаулық сақтау мекемесі, балабақша, мектеп, колледж, ЖОО-дары, сауда және қызмет көрсету желілері)

III. Қауіпсіз қоғамдық көлік және жолдар;

  1. Қолайлы қоғамдық кеңістіктер және демалыс аймақтарын ұйымдастыру;
  2. Сапалы муниципалдық қызметтер – құқықтық тәртіп, Төтенше жағдай қызметі, инженерлік желілер сервисі;

с Қолайлы физикалық емес тіршілік ортасын қамтамасыз ету:

  1. Елдімекендерде өмір сүретін адамдардың нақты қажеттілігі, өмір сүру салты, дәстүріне сәйкес келетін мәдениет, спорт, өнер, дін нысандарының қолжетімділігі және жеткілікті болуы;
  2. Отбасылық құндылықтарды, рухани және интеллектуалдық дамуды қолдау;

III. Мәдени мұраны дамытуды және сақтауды қамтамасыз ету.

  1. Қазақстанның барша қазіргі азаматтары және келешектегі ұрпақ үшін өмір сүру және тамақтанудың экологиялық таза ортасымен қамтамасыз ету, негізінен:
  2. Қоршаған таза ортаны, табиғи ресурстар және жерді сақтау мақсатында қазіргі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті бекіту үшін Ұлттық Кодексті қабылдау;
  3. Өзге елдердің ядролық және басқа да ерекше қауіпті қалдықтарының Қазақстан аумағына төгілуіне, құпия сынақ лабораторияларын орналастыруына, өзге елдердегі зиянды өндірістердің Қазақстанға ауысуына толық және бұлтартпас тыйым салуды енгізу;
  4. Көмір энергетикасынан кетіп, барынша экологиялық қауіпсіз жылу және электр энергиясына өту – халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сәйкес су, жел (термалды көздер), күн, жел, атом энергиясы.
  5. Су ресурстарын үнемдеу және тұщы су қорын қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде трансшекаралық өзендер мәселесін шешу;
  6. Арал, Каспий, Балқаш және елдегі басқа да ірі су ресурстары мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;
  7. Ресеймен Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша келісім мәртебесін қайта қарау;
  8. Тазарту құрылыстарын тиімді жүргізуді бекіту үшін қоршаған ортаға лас ауа шығарып, зиян келтіріп жатқан кәсіпорындарға жоғары салық салу;
  9. Ұлттық мүддені қорғау үшін шекаралық аумақтарда инфрақұрылымды дамыту және трансшекаралық әділ басқаруды қамтамасыз ету: жер, жер қойнауы, жалпы ауа бассейні, жер асты және жер үсті су көздері.

VI. Халықтық билік

  1. ҚР Конституциясы 3 бабы 1 тармағына сәйкес биліктің үш тармағының бір-бірінен тәуелсіздігін және биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан Халқына абсолютті есеп беруін қалпына келтірумен заң шығарушы, атқарушы, сот билігін трансформациялау, нақтырақ:
  2. Атқарушы билікке қатысты барлық бақылау-қадағалау функцияларын мемлекеттік басқару тиімділігін және бюджет процесін толықтай заң шығарушы билікке бағындыруды қамтамасыз ету бойынша;
  3. ҚР заңнамасын атқарушы билігін сақтау бойынша барлық бақылау-қадағалау функциясы сот билігінің құзырына беріледі.
  4. Атқарушы билікті заңнамалық бастамасы және өзін бақылау функциясынан толыққанды айыру;
  5. Республикалық және жергілікті деңгейде биліктің барлық үш бұтағы бойынша аппаратты және мемлекеттік қызметкерлердің санын оңтайландыру: атқарушы биліктегі мемлекеттік шенеуніктердің саны бүкіл елдегі және өңірлердегі шенеуніктер санының 0,1 пайызынан аспауы керек;
  6. Сот жүйесіндегі басшыларды сайлау арқылы тағайындау;
  7. Үкімет мүшелерінің өкілеттіліктерін бөлуді тек Парламентте дауыс беру арқылы шешуді қамтамасыз ету, жергілікті билік орындарындағы басшыларды тек мәслихаттың келісімімен тағайындау;
  8. Ауданнан облыс деңгейіне дейінгі әкімдерді сайлау, бұл ретте республикалық маңызы бар қалалар да есепке кіреді;
  9. Ауылдан қалаға дейін жергілікті шынайы өзін-өзі басқаруды енгізу, ауылдық кеңестер 30 адамға дейін қоса алады;
  10. Заң шығарушы биліктің сайлау жүйесін аралас форма арқылы қамтамасыз ету: 50 пайыз – ашық партиялық тізім және 50 пайызы – бір мандатты өзін-өзі ұсынушылар;
  11. Заңнамадан айыппұл түрінде сайланбалы лауазымдардан шектеуді алып тастау, әкімшілік/қылмыстық жауапкершілік тәжірибесі, кандидаттардың мемлекеттік қызметкер емес екенін растайтын салық декларациясын ұсынуы, немесе мемлекеттік қызметкерлер үшін де 200 000 теңге қателікті лимитін бекіту және кандидаттарға қателік жағдайында дұрыс емес деректерді жөндеуге мүмкіндік беру;
  12. Ел президенттігіне кандидат атану үшін мемлекеттік қызметте еңбек өтілі болуы керек деген шектеуді алып тастау.
  13. Арнайы IQ-тест жүйесі арқылы барлық деңгейдегі атқарушы және сот билігінің шенеуніктерін тестілеуден өткізуді енгізу.
  14. ҚР азаматтарының Құқығы туралы Конституциялық Заңды қабылдап және оған халықаралық құжаттарға сәйкес азаматтардың барлық бекітілген құқықтарын енгізу. Азаматтардың Конституцилық құқықтарын сақтамағаны үшін жауапкершілік ретінде осы Конституциялық заңға сәйкес барлық заңдар мен кодекстерді өзгерту.
  15. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) әрекеттерін қадағалау функциясын прокуратураға қайтарып беру, сондай-ақ ІІМ жанында нақты қоғамдық кеңес құруды ұйымдастыру;
  16. Конституциялық кеңестің шектеулі өкілеттіліктерінің күшін жою және Конституцияны қорғау үшін Конституциялық сотты қалпына келтіру,
  17. Р. Қазақстанның барлық азаматтарының заң алдындағы құқықтарын теңестіру, депутаттың дербес мәртебесін тоқтату;
  18. Манифестте жазылған ережелердің барлығына шешім қабылдаудың барлық кезеңінде қоғам мен сарапшыларды тарту.

Қазақстанның азаматтық белсенділер тобы                                                                                                                                                                                              (Ескерту: материалды көшіріп жазуға болмайды)

Пікір қосу