Жаңаөзенде жұмыс талап етушілер мемлекеттік мекемелерде ғана емес, көшелерде де наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Олар бұған дейін қала облыс басшылары ұсынған бос орындар тұрақсыз жұмыс әрі жалақысы аз дейді.

-«Олар тек телефон нөмір және мамандығымызды жазып алды. Кейін өзіміз хабарласамыз, сұхбат жүргіземіз деді. Ақтауда 70-80 мыңдық жұмыс. Ол ақшамен пәтерімізді төлейміз бе, жолыңа төлейсің бе?!»,- дейді Жаңаөзен тұрғыны.

Наразылар көбейген сайын, қалада полиция күзетуде артты.Желіде үй маңын, орталық алаңды бақылағандар видеосы тарады.

Наразылық танытқандарына бір апта толғанда Жаңаөзендіктермен кездесуге облыс прокурорының орынбасары келіп, бейбіт митин өткізу тәртіптерінің дұрыс еместігін айтып, айыппұл саламыз деді.

Жергілікті билік наразылық танытқандардың қалада жиналмағанын айтады.

 

 

Пікір қосу