2013 жылдың 19 шілдесінде  АҚШ президенті Барак Обама: «Ол мыңдаған нәзік жанды тілшілерге тарс жабылған Ақ үйдің есігін батылдықпен аттаған алғашқы қаһарман еді. АҚШ президенттерін ақиқаттың алдында тергеуге алатын, оның сап шындықтан сомдалған өр тұлғасы біздің мәңгі көз алдымызда  қала бермек. Бүгін АҚШ халқы әділдік үшін күрескен зор тұлғаға хош айтты », деп көзіне жас алғаны бар. Бұл Обаманың  әйгілі журналист Хелен Томастың қазасына көңіл айтқан сәті болатын. Ендеше, қазасы Обаманың қабаырғасын қайыстырған Хелен Томас кім еді?

Хелен Томас  1920 жылы 4 тамызда  Кентуккидегі Винчестер қаласындағы    көп балалалы отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Джордж Томас сауатсыз болсада, балаларын барынша жақсы оқуға ынталандыратын.  1942 жылы Детройт қаласындағы Уэйн мемлекеттік университетін бітірген  Хелен жұмыс  табу  үшін Вашингтонға  келді.  Өз естеліктерінде  Хелен Томас : «Алғаш Вашингтонға келгенімде официант болып жұмыс істедім», деп жазады.Похожее изображение

Көп өтпей Хелен Томас «Вашингтон жаңалықтар» газетіне қарапайым жұмыскер болып қабылданды. Ал 1943 жылдан бастап Хелен  аталған газет пен өзге журналдарға хабар жаза бастады. Сол кезде АҚШ-тағы  әйел журналистер әлеуметтік жаңалықтар мен ішкі істер туралы  ғана жазатын. Алайда  соғыс, саясат және өзге де ауқымды тақырыптар туралы тек  ерлер жазатын. Хелен өткен ғасырдың 50 жылдары  әйел журналистер жазуға мүмкіндігі жете беремейтін тақырыптарды жазуға батыл қадам жасады. Ол алғаш рет АҚШ-тың федералдық үкіметінің ақпарат бюросына мүше болды. 1961 жылы Джон Кеннеди АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін Хелен  Ақ үйдің журналистер  тобының құрамына енді. Міне, осылай Хелен Томас АҚШ тарихындағы Ақ үйдің табалдырғын аттаған алғашқы әйел журналист атанды. Міне сонан кейін  Ақ үйдің баспасөз конференциясына жалғыз  әйел журналист үнемі бой көрсететін болды. Хелен Томас 1972 жылы президент  Ричард Никсонмен бірге журналистер құрамында Қытайға сапарлады. Осыдан кейін Хелен журналистер  тобының белді мүшесі ретінде АҚШ президенттерімен бірге әлемнің көптеген елдеріне сапарлады.Картинки по запросу helen thomas

1998 жылы Ақ үйдің баспасөз бюросы «Хелен Томас» атында арнаулы сыйлық тағайындаы. Алғашы сыйлық Хелен Томастың өзіне табысталды. Әйел журналист ретінде, Хелен, кәсіби ар-ұжданды бәрінен де жоғары қойды. Ақиқатқа көз жеткізу үшін ол ешкімнен қаймықпайтын. Осы батылдығы үшін көптің құрметіне ие болды, кейде өзгелердің сынына да ұшырады. Ол қашанда АҚШ президенттеріне саяси салмағы ауыр сауалдар қоятын. Айталық Вьетнам соғысы аяқталғаннан кейін Хелен, сол кездегі президент  Никсоннан : «Вьетнам соғысының  құпия жоспарын айтып беріңіз»,-деп сұрады. Ол Рейганнан: «Америка Құрама Штаттары Гренадаға қандай күш-қуат берді?»-, деп тығырыққа тіреді. АҚШ Ауғанстаннан кейін Ираққа соғыс жариялаған тұста, Хелен Джордж Бушқа : «Президент мырза, Ақ үйге кірген сәттен бастап сіздің үкіметіңіз, үкімет шенеуніктеріңіз, барлау қызметкерлері және т.б. бар. Соғыстың  нақты себебі туралы  тіс жарған емес.  Сіз  Израиль үшін де,  мұнай үшін де,  Ираққа соғыс ашқамыз жоқ, деп кесеттіңіз. Сонда не себепті соғыс қозғадыңыз»,-деп президентті сұрапыл сұрақтардың астына алды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Картер, Хеленнің сұрақ қойғанда қатты сасатын. Ал, Рейган сұрақтарына жауап бере алмай  күмілжитін. Сондықтан АҚШ жұрты Хелен Томасты: «АҚШ  презинттерін азаптаған әйел» деп атайтын. Өздерін  соншама сының астына алғанына  АҚШ президенттері Хелен Томастың туған күнін үнемі құттықтап отыратын. 1997 жылы 4 тамызда Президент Клинтон Хеленнің 77 жасқа толған күнінде туған күніне арналған торт жіберді. 2006 жылдың 2 тамызында Президент Буш Хеленді туған күнімен құттықтады. Ал 2009 жылдың 4 тамызында Обама Хеленге туған күнін құтықтау хатын  жіберді.Картинки по запросу helen thomas

«11 қыркүйек» оқиғадан кейін Хелен Томас  Ақ үйдегі журналистерді: « өткір сұрақ қоюға батылдығы жетпеді»,- деп сынады . Тіпті бірде  Хелен «Ақ үйдің» баспасөз қызметкерлерін «есік баққан иттер» деп айыптады.  2006 жылдың мамырында «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында ол: «Мен ешқандай құпия  саналатын  мәселе жоқ деп ойлаймын.  Біз қоғам алдында   күн сайын президентке сұрақтар қоюға және оны есеп беруге  шақыруымыз керек . Олай болмаса, ол патша болады», деген еді.Похожее изображение

1971 жылы Хелен  Ақ үйдің репортері Дуглас Корнеллге үйленді. Бірақ олардың балалары болмады. Күйеуі  Корнел 1982 жылы қайтыс болды. Ал Хелен Томас 2010 жылы  7 маусымда 90 жасқа толғанда  зейнетке шықты.  Ол оннан астам кітап  жазды. 2013 жылдың 19 шілдесінде  93 жасында өмірден өтті. Хелен Томас шын мәніндегі демократиялық құндылықтарды қорғаған АҚШ тарихындағы ең айтулы тұлғалардың бірі болып қала берді.

Дайындаған: Ерзат АСЫЛ

Пікір қосу