Экс-депутат, танымал блогер Тәңірберген Бердоңғаров Астанада 5 баласынан айырылған Ситерлер отбасына барды деп хабарлайды juldyz.kz Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.  Олар халықтың көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді. 

-Өрт болған түні 5 баланың әкесі қайда болды?

-«Мен бір көлікті тапсырыспен жөндеуге алған едім. Келісілген уақытқа үлгере алмай жаттым. Екі аптаға кешіктіргендіктен, түнде де жұмыс істеуге тура келді. Себебі таңертең көлікті иесіне қайтаруым керек болды. Көліктің иесі келесі күні таңертең жолға шығуы қажет. Ал менің көлік жөндеумен айналысып жүргеніме 20 жылдан астам уақыт болды. Арнайы тапсырыспен көлігін сеніп тапсыратын тұрақты тұтынушыларым бар», -деді Евгений Ситер.

Сондай-ақ Ситерлер отбасының жапы сомасы 100 мың теңгені құрайтын 3 несиесі болған. 

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасына ақша жиналды. Қазақстандықтар бұл отбасына көңіл айта отырып, 13 млн теңге жинады. Мешіт қызметкерлері бұл қаржыға 5 баласынан айырылған отбасына үй алып беретінін мәлімдеген болатын.

Ситерлер отбасы қашан баспаналы болады?

-Олар бізге келіп «ақшалай берейік пе, әлде пәтер сатып алуға көмектесейік пе?» деп сұрады. Біз пәтерді таңдадық. Сосын арнайы сатып алу — сату келісімшартына қол қойдық. Алладан қайтады. Кейбір адамдар біздің қайғымыз арқылы ұпай жинап қалуға тырысып жатыр. Бұлай болмау керек еді. Мен көп балалы аналарға қарсы ештеңе айтқым келмейді. Кейбір әйелдер біздің басымыздан өткен оқиғадан кейін митингке шығып жатыр. Ал бәзбіреулер біреудің қайғысы арқылы өз жағдайын түзеп алуды көздеп отыр. Бала табу, жұмыс істеуге деген ниет… Менің келесі балаларымды да алып кетпейтініне кім кепіл бола алады?», — дейді Жанымгүл Ситер.

Пікір қосу