Алматыда «Денис Тен — Таңғажайып шоу» деректі фильмінің премьерасына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Тengrinews.kz 

Көрсетілімді Денис Тен қоры Bekmambetov Cinema компаниясымен бірлесіп ұйымдастырады. Фильмде әлемдік деңгейдегі мұз шоуының тарихы көрсетіледі. «Денис жасаған шоу — мұз үстіндегі күрделі элементтерді шебер орындау ғана емес. Бұл идеяның тууынан бастап оны іске асыруға дейінгі күрделі шығармашылық үдеріс: музыка жасау және іздеу, хореографияны қою, бейне сүйемелдеуді әзірлеу», — делінген фильмнің сипаттамасында. Денис Теннің көрерменге осы шығармашылықтан алған қуанышын жеткізу үшін кәсіби әрі талмай еңбек етті. Фильмде көрермендер сирек кездесетін кадрларды, достары мен әріптестерінің, әлемдік деңгейдегі спортшылардың сұхбаттарын көреді.

Пікір қосу